Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жақсы-жаман туралы мақал-мәтелдер

«Жақсы-жаман» тақырыбындағы 179 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш көркі – жеміс, Адам көркі – жақсы іс.
  2. Ағаштың жақсысы – шынар, Адамның өңсізі – шыбар.
  3. Адал ұл оздырады, Жаман ұл тоздырады.
  4. Адалдық ардың ісі, Ауырлықты көтеру нардың ісі. Жақсы іске жан сүйінер.
  5. Адам арамдықтан жамандық көрмей қалмас.
  6. Адам жақсысы – арынан, Ат жақсысы – жалынан.
  7. Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады.
  8. Адамға қылсаң жақсылық, Жақсылық білмес кей заңғар. Жақсылыққа жамандық жасайтын, Дүниеде бейиман көп жандар.
  9. Адамның жамандығы – надандығы, Аттың жамандығы – шабандығы.
  10. Адамның жаманы – өз аузына ие болмағаны.
  11. Адамның жаманы болмайды, Тартып сыр тартсаң. Аттың жаманы болмайды, Асырап бабын тапсаң.
  12. Аз жақсылық – Ақылды тең етеді. Көп жақсылық – Ақылды кең етеді.
  13. Ай – ортақ, күн – ортақ, жақсы – ортақ.
  14. Айтқанның аузы жаман, Жылағанның көзі жаман.
  15. Айтқызған – жамандықтың белгісі, Қамшылатқан – шабандықтың белгісі.
  16. Айыратын жаман бар, Қосатын жаран бар, Барын ішпейтін сараң бар, Жасырып ішетін арам бар.
  17. Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба, Алдында құрулы торлар бар. Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба, Алдында алуан орлар бар.
  18. Аққу құстың төресі, Жалғыз жатып оттамас, Қас жақсының белгісі Қара сөзді жақтамас.
  19. Ақылдан жақын дос болмас, Ашудан жаман қас болмас.
  20. Ақылдылық жақсы атқа қалдыруды тілейді.
  21. Ақылы асқан жақсыны «Алысым» деп ойлама; Ақылы жоқ жаманды «Жақыным» деп ойлама.
  22. Ақылы жоқ жаманға, ауыл маңы бұралқы.
  23. Алакөз арам адамдар, Бір-бірін ылғи жамандар.
  24. Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір ет, алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр ет.
  25. Алғаны жақсы жігіттің Әрқашан ісі оңдайды. Алғаны жаман жігіттің Ісінің сәті болмайды.
  26. Алғаның жақсы болса – абыройыңның тұрағы, Атың жақсы болса – дүниенің пырағы. Балаң жақсы болса – екі көздің шам-шырағы!
  27. Алғыс алған аман, Қарғыс алған жаман.
  28. Алыстағы дұспаннан Аңдып тұрған дос жаман.
  29. Алыстағы дұспаннан Атып тұрған дос жаман.
  30. Алыстағы дұшпаннан, Аңдып жүрген дос жаман.
  31. Алыстағы жаудан Аяқ астындағы дұшпан жаман.
  32. Амалсыз істелген жақсылық Алғысқа татымайды.
  33. Анамды жақсы көргендіктен Келісін түйдім. Ауылымды жақсы көргендіктен Желісін сүйдім.
  34. Анау-мынау дегенше, Жақсы мен жаманды біл.
  35. Арғымағың жамандап, Кәні, бұдан тапқаның. Ағайынды жамандап, Кәні, туған тапқаның.
  36. Арғымақ аттың белгісі – Аз оттар да, көп жусар. Жақсы адамның белгісі – Аз сөйлер де, көп тыңдар.
  37. Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас. Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.
  38. Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.
  39. Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар, Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар.
  40. Арық пен семіздің бауыры бірдей, Жақсы мен жаманның жаны бірдей.
  41. Арық пен семіздің бәрі бірдей, Жаман мен жақсының жаны бірдей.
  42. Арық пен семіздің жаны бірдей, Жақсы мен жаманның жаны бірдей.
  43. Арықпенен семіздің бауыры бірдей, Жақсыменен жаманның жаны бірдей.
  44. Асықсаң, жақсылыққа асық.
  45. Ат жақсысы қарытады, Негізіне тартады.
  46. Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.
  47. Ат күтіммен жақсы, Жүн түтумен жақсы.
  48. Атасы жақсы, көргенін айтады, атасы жаман, бергенін айтады.
  49. Аттан жығылғаннан Атақтан жығылған жаман.
  50. Атың жақсы болса, дүниенің пырағы, Әйелің жақсы болса, дүниенің шырағы.
  51. Атың жаман болса, қарың кетеді. Балаң жаман болса, арың кетеді.
  52. Атың шабан болса – шыбын жанның азабы, Әйелің жаман болса – бұл жалғанның азабы.
  53. Атың шабандаса, бабына қара, Досың жамандаса, ағына қара.
  54. Ауру астас, жамандық жымдас.
  55. Аурудан әдет жаман.
  56. Аурудың жаманы да тамақтан өтеді, Амалы да тамақтан өтеді.
  57. Ауыл толы есектен, Арық та болса, ат жақсы.
  58. Аш кісінің ашуы жаман.
  59. Аш құлақтан тыныш құлақ жақсы.
  60. Ашу қысқан жаман іске ұрынар, Ызалыға білім үйрет, ұғынар.
  61. Ашушаң жақсы болмас, Жақсы ашушаң болмас.
  62. Ащы менен тұщыны татқан білер, Жақсы менен жаманды Жаратқан білер.
  63. Әдепсіз өскен адамнан Тәртіппен өскен тал жақсы.
  64. Әйелді жаман десең, анаң оның ішінде.
  65. Әйелі жаман еркектің жаман аты шығады.
  66. Әйелің жаман болса, көңілің жарым, Атың шабан болса, талар қарың.
  67. Әйеліңнің кемшілігін айтпасаң, Кінәлі өзің боласың.
  68. Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
  69. Әкімге қарсылық қылма, Күніңе кемшілік келер. Молдаға қарсы болма, Дініңе кемшілік келер.
  70. Әкімнің қарсысы болсаң, ісің жаман, Молданың қарсысы болсаң, дінің жаман.
  71. Әркім жолдас болады амандықта, жаман тастап кетеді жамандықта.
  72. Әркім өзі күтеді өз басын, Жаман кемітеді жолдасын.
  73. Әркімнің өз қотырын өзі қасыған қандай жақсы.
  74. Әттең, жарлылық жақсы екен, Жатып ішер ас болса.
  75. Байдан бұзылған қатынның қабағы ашылмайды, Жақсының сыры шашылмайды.
  76. Байлар ашты тоқ санар, Аш жаманын жоқ санар.
  77. Бақсы бақсыны көре алмайды, Жақсы жақсыны көре алмайды.
  78. Бақсы бар жерде жақсы бар.
  79. Бақсының жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
  80. Балаң жаман болса да, аман болсын.
  81. Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы.
  82. Балық басынан, жаман аяғынан сасиды.
  83. Бардан – пейіл, Жақсыдан – мейір.
  84. Басы ауырған бақсыға барады, Даулы кісі жақсыға барады.
  85. Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.
  86. Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма, Жақсының атын естіп үйіне барма.
  87. Биікке шықсаң көзің ашылады, Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
  88. Боқ жаман емес, жоқ жаман.
  89. Боқ жаман, Бәрінен де жоқ жаман.
  90. Болар істің біткені жақсы.
  91. Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды, Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.
  92. Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл, Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.
  93. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір жақсы мың қолды ерітеді.
  94. Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама, Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.
  95. Біреуді жамандаған, сені де жамандар.
  96. Біреудің өзі жақсы, Біреудің көзі жақсы, Біреудің сөзі жақсы.
  97. Біреудің өзі жақсы, Біреудің көзі жақсы.
  98. Бітер істің басына Жақсы келер қасына.
  99. Бітер істің басына, жақсы келсін қасына.
  100. Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ