Өлім туралы мақал-мәтелдер
«Өлім» тақырыбындағы 243 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Абырой қонар жігітке Ажалды қоян тап келер.
- Абыройлы жігітке Ажалды қоян жолығады.
- Ағаш бесікке түскен Жер бесікке де түседі.
- Ағаш қисығын тез түзетер, Адам қисығын көр түзетер.
- Адалдық өлмейді, Арамдық аспайды.
- Адам болып туған соң, Адам болып өлмек жөн.
- Адам болып туған соң, адамша өлу керек.
- Адам қызығып өлетін мола жоқ.
- Адам мәңгі атағымен селбесер, Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.
- Адам мәңгі жасамас, Көрге кірген кері қайтпас.
- Адам өлген күні өлмейді, Ұмыт болған күні өледі.
- Адам өлсе, сөзі қалар Ат өлсе, ізі қалар.
- Адам өтеді, игі аты қалады.
- Адам ісінің астарында өлім жатады.
- Адамнан адам, айуаннан айуан туылады.
- Ажал ажарға қарамайды.
- Ажал айтып келмес, Өткен қайтып келмес.
- Ажал ақымға тоқтайды, Тілалғыш мақұлға тоқтайды, Ашу ақылға тоқтайды.
- Ажал анық болса да, Мезгілі жетпей ер өлмес.
- Ажал әркімге.
- Ажал белгісіз, қонақ болжаусыз.
- Ажал емнен, ашу кеңнен қашады.
- Ажал емшіден қашар, Ашу мінезден қашар.
- Ажал жалынғанмен қоймайды, Мешкей бергенменен тоймайды.
- Ажал жеткен ауруға ем қонбайды.
- Ажал жетпей өлмек жоқ.
- Ажал жетпей шыбын өлмес.
- Ажал жетпей, шыбын да өлмес.
- Ажал жетпесе, оқ жетпейді.
- Ажал жетсе, ай да өледі, Күні туса, күн де өледі.
- Ажал жұтымнан, Жан күтімнен қашады.
- Ажал қиуадан келіп, Қимасыңды алады.
- Ажал қойса да, жас қоймайды.
- Ажал мен ақымаққа дауа жоқ.
- Ажал мен бейнет ақылға қарамас.
- Ажал сұрағанға бейнет берер.
- Ажалдан аман қалатын адам жоқ.
- Ажалдан бұрын адам өлмейді.
- Ажалдан ешкім қашып құтыла алмайды.
- Ажалдан қашып құтылмайды, Жаманның сөзі тұтылмайды. Жақсыдан айтқан ғибрат Өлгеніңше ұмытылмайды.
- Ажалдан қашып құтылмайды.
- Ажалдан қорықпайтын нәрсе – махаббат.
- Ажалды ана жеңеді, Ана жеңбесе, бала жеңеді.
- Ажалды киік адырға шығады.
- Ажалды киік құлағын қасиды.
- Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.
- Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
- Ажалды өле ме, ауру өле ме?
- Ажалды тышқан аш мысыққа тап болар.
- Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.
- Ажалды шошқа орда оттайды.
- Ажалдыға ағаш – оқ.
- «Ажалсыз адам өлмес» деп, Жыланды құйрығынан ұстама.
- Ажалсыз аштан өлмес.
- Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.
- Ажалсыз ерге өлім жоқ.
- Ажалы жеткен ауырмай өледі.
- Ажалы жеткен тышқан Мысықтың ернін тартып жатады.
- Ажалы жеткен тышқан Мысықтың үстіне секіреді.
- Ажалы жеткенді өлім қоймайды.
- Азын ашпай жарлы өлер, көбін ашпай малды өлер.
- Азын ашпай, жарлы өлер, Көбін ашпай, бай өлер.
- Азын ішпей, жарлы өлер, Көбін ішпей, бай өлер.
- Айдалаға атқан оқ Ажалдыға тиеді.
- Айдалада атқан оқ, Ажалдыға тиеді.
- Айдап салдан аз өлер, Көре салдан көп өлер.
- Айласыз батыр тез өлер.
- Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
- Айналдырған ауру алмай қоймайды.
- Айналдырған ауру алмай қоймас, Бұлттанған күн жаумай қоймас.
- Айтпаса, жүректен кетеді, Тартпаса, білектен кетеді.
- Айы біткен айда өтер, Күні біткен күнде өтер. Күні өтерін білмеген, Бейілі кетіп, пір кетер.
- Ақ байпақтан сиыр өлер.
- Ақжалау барда «малым бар» деме, Әзірейіл барда «жаным бар» деме.
- Аққа өлген жақсы.
- Ақпанға алданған малынан айырылар, Дұшпанға алданған жанынан айырылар.
- Ақша байлығы көргенше, Ақыл байлығы өлгенше.
- Ақылдымен отыру – ақымаққа жаза, Ақымақпен отыру – ақылдыға тозақтан жаман қаза.
- Ақымақ алдындағы астан үркіп, аштан өліпті.
- Ақымақ әкесін өлтіргенменен дос болады.
- Ақымақты түсіндіргеннен, Өлікті тірілту оңай болады.
- Ақымақты үйрету, өлгенді тірілту.
- Ақынның хаты өлмейді, Батырдың аты өлмейді.
- Ақырғы бай аштан өледі.
- Ақыры байдың түбі аштан өледі.
- Ала жем атты өлтіреді.
- Албары қонақ аштан өледі.
- Алладан келген ажалдан жағады.
- Алма жеп ауырғанша, Өрік же де, өле қал.
- Алыстан атқан ағаш оқ ажалдыға тиеді.
- Ананың махаббаты ажалды да жеңеді.
- Андызды жерде ат өлмейді, Үйірлі жерде ер өлмейді.
- Аң қызығы алғанша, Жан қызығы өлгенше.
- Аңғармай сөйлеген, Ауырмай өледі.
- Аңшының ажалы аңынан.
- Аңшының өлімі ауда, Сушының өлімі суда.
- Арақ ішкен өзіне кебін пішеді.
- Арба сынса – отын, Ат өлсе – етің.
- Арбаң сынса – отын, Атың өлсе – етің.
- Арбаң сынса – отын, Өгізің өлсе – етің.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ