Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ойшылдық туралы мақал-мәтелдер

«Ойшылдық» тақырыбындағы 41 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адал еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой.
  2. Адалдық ойласаң, бал жұтасың, Арамдық ойласаң, қан жұтасың.
  3. Адам арын ойлайды, Надан дүниеге тоймайды.
  4. Адам жасында тойшыл, қартайғанда ойшыл.
  5. Адам ойға тоймас, Бөрі қойға тоймас.
  6. Адам ойға тоймас, Қасқыр қойға тоймас.
  7. Адам ойлайды, Алла шешеді.
  8. Адамнан тілеген қариды, құдайдан тілеген жариды, есті кісі ер істі оймен таниды.
  9. Ақкөңіл – адам ойының тазасы, Әділ, тура, ақкөңілге не жетсін, Парасат пен білімді де қажетсін.
  10. Ақыл-ойды сабақ өсіреді, Адамды заман өсіреді.
  11. Ақылды жылдығын, Ақылсыз күндігін ойлайды.
  12. Ақылды жігіт әр істің тегін ойлайды, Ақылсыз жігіт түсетін жемін ойлайды.
  13. Ақылды ой ойлағанша, Тентек ісін бітірер.
  14. Ақылды ойланғанша, Тентек ісін бітіреді.
  15. Ақылды істі асығып ойланбайды, Ішегің көп жүгірсең майланбайды.
  16. Ақылы жоқтар азады, Ойы озбырлар тозады.
  17. Ақылың болса, ойлап тап.
  18. Алты күндігін ойламаған ерден без.
  19. Ананың ойы ұяда, Баланың ойы қияда.
  20. Анасыз адам батасыз, Білімсіз адам санасыз.
  21. Артық қайрат жанға қас, Артық қиял миға қас.
  22. Арымақ, семірмек – ойдан.
  23. Асыға жауап берген аз ойлар.
  24. Асыққан ойына жетпес.
  25. Атаның ақ батасы балалардың ойларын біріктіреді, Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.
  26. Атаның баласының ат төбеліндей ой белгісі болсын.
  27. Аштың ойы тамағында, Жаяудың ойы табанында.
  28. Әйелдің жақсысы Ерімен ойласады.
  29. Әркім өз ойынан хабар береді.
  30. Әркімнің өз ойлағаны жөн.
  31. Бала оқытқан мұғалім балаларша ойлайды.
  32. Бекзаттан би қойсаң, ойлар тамағын. Бейзаттан би қойсаң, білмес бабағын, Жақсыдан би қойсаң, ашпас қабағын.
  33. Биікке шықсаң, көңілің ашылар, Жақсымен тілдессең, зейінің ашылар.
  34. Бой жетпегенге ой жетеді, Қыран жетпегенге қиял жетеді.
  35. Бойы жетсе, ойы жетпеген.
  36. Бойымдай бой табылса да, Ойымдай ой табылмас.
  37. Бойына қарай ойы.
  38. Бойың қисық болса да, Ойың түзу болсын.
  39. Бойыңа мақтанба, Ойыңа мақтан.
  40. Бойыңдай бой табылғанымен, Ойыңдай ой табылмайды.
  41. Ғақылды ойлағанша, Тентек ісін бітірер.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ