Құпиялылық саясаты
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Саясат «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына (бұдан әрі — «Заң») сәйкес bilimger.kz сайтының (бұдан әрі — «Сайт») пайдаланушыларының дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін белгілейді.
1.2. Дербес деректердің меншік иесі және операторы — ЖК «Білімгер» (Bilimger group) (бұдан әрі — «Оператор»).
1.3. Сайтта тіркелу, «Келісемін» белгісін қою немесе қызметті пайдалану арқылы пайдаланушы өз дербес деректерін осы Саясатта көрсетілген мақсаттар мен тәсілдермен жинауға және өңдеуге келісім береді (Заңның 7, 8-баптары). 18 жасқа толмаған пайдаланушы Сайтты заңды өкілдерінің (ата-анасының) келісімімен пайдаланады.
2. Қандай деректер жиналады
- тіркеу деректері: аты-жөні, email, телефон нөмірі, құпиясөз (шифрланған түрде);
- профиль: статусы (мұғалім, оқушы, студент т.б.), оқу орны немесе жұмыс орны, лауазымы, сыныбы/курсы, мамандығы, жетекшісі, қала, фото;
- жарияланымдар: мақала мәтіні, соавторлар мен жетекшінің аты-жөні, лауазымы, ЖОО-сы;
- төлем: тапсырыс сомасы, Kaspi-ге тіркелген телефон нөмірі (карта деректері жиналмайды);
- Google немесе Telegram арқылы кіргенде: Google аккаунт идентификаторы мен email-і; Telegram арқылы расталған телефон нөмірі; Telegram бот байланысқанда — чат идентификаторы мен Telegram аты;
- техникалық деректер: IP мекенжай, браузер түрі, cookie файлдары, бет қаралымы (оқылым санағышы).
3. Өңдеу мақсаттары
- аккаунт ашу, кіру және оны қорғау;
- материалды жариялау, сертификат пен оттиск дайындау (аты-жөні, лауазымы сертификатта көрсетіледі);
- төлемді өңдеу және қызметті көрсету;
- хабарламалар (жарияланым, сертификат, жүйелік хаттар, Telegram бот), пайдаланушы өзі өшірмегенше;
- Сайттың жұмысын талдау және жақсарту, алаяқтықтың алдын алу;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.
4. Жария ақпарат
4.1. Жарияланған мақаланың авторы, соавторлары, жетекшісі, лауазымы мен оқу орны мақала бетінде, сертификатты тексеру бетінде және оттискте көпшілікке көрінеді — бұл жарияланым қызметінің мәні.
4.2. Email, телефон және төлем деректері ешқашан жария етілмейді.
5. Деректерді сақтау және қорғау
5.1. Дербес деректер Заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дерекқорда сақталады.
5.2. Оператор деректерді заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданады: шифрланған байланыс (HTTPS), құпиясөздерді хэштеу, қол жеткізуді шектеу, әрекеттер журналы.
5.3. Деректер өңдеу мақсатына жеткенге дейін немесе пайдаланушы келісімін кері қайтарып алғанға дейін сақталады; бухгалтерлік және салықтық құжаттар заңнамада белгіленген мерзімде сақталады.
6. Үшінші тұлғаларға беру
6.1. Деректер мына жағдайларда ғана беріледі: төлемді жүргізу үшін — Kaspi.kz; кіру үшін — Google, Telegram (пайдаланушы осы тәсілді таңдаған кезде); заңнамада көзделген жағдайларда — уәкілетті мемлекеттік органдарға.
6.2. AI Көмекші мен автоматты SEO оңтайландыру материалдың мәтінін және пайдаланушы енгізген тақырыпты AI қызметінің жеткізушісіне (OpenAI) Қазақстаннан тыс өңдеуге жібереді. Бұл ретте email, телефон және төлем деректері берілмейді (Заңның 16-бабы).
6.3. Оператор дербес деректерді сатпайды және жарнама мақсатында бермейді.
7. Cookie файлдары
Сайт кіру сессиясын, тіл мен тақырып (жарық/қараңғы) баптауын сақтау, шақыру сілтемесін есте сақтау және оқылымды санау үшін cookie қолданады. Браузер баптауларында cookie-ді өшіруге болады, бірақ кейбір функциялар (кіру) жұмыс істемеуі мүмкін.
8. Пайдаланушының құқықтары
Заңның 24-бабына сәйкес пайдаланушы: өз деректері туралы ақпарат алуға; оларды өзгертуге және толықтыруға (жеке кабинет → Профиль); келісімін кері қайтарып алуға және деректерін жоюды талап етуге; Оператордың әрекеттеріне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқылы. Өтініш [email protected] поштасына жіберіледі және заңда белгіленген мерзімде қаралады.
9. Байланыс
ЖК «Білімгер» (Bilimger group)
Email: [email protected] · Телефон: +7 707 817 74 58
Оператор осы Саясатқа өзгерістер енгізе алады; жаңа редакция Сайтта жарияланған сәттен күшіне енеді.