Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құдай, дін туралы мақал-мәтелдер

«Құдай, дін» тақырыбындағы 174 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адалды Құдай табады, Момынды қайыр табады.
  2. Адам айдаса, бармаймын, Құдай айдаса, қалмаймын.
  3. Адам айдаса, барман, Алла айдаса, қалман.
  4. Адам ақымағы – молда, Жылқы ақымағы – жорға.
  5. Адам басына бір Алла.
  6. Адам дегені болмас, Құдай дегені болар.
  7. Адам ойлайды, Құдай шешеді.
  8. Адамға Алла береді, Адамның ниетіне қарай береді.
  9. Адамнан алған түйеден, Алладан алған ешкі артық.
  10. Адамнан сұрама, Алладан сұра.
  11. Адамнан сұрама, Құдайдан сұра.
  12. Адамның ана сүйегін, әке қанын, Тәңірі жанын береді.
  13. Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады.
  14. Адамның жаны – Алланың аманаты.
  15. Ажал Алладан, амалы адамнан.
  16. Аз ассаң, аз пысады, Көп ассаң, көп пысады, Бисмилла кө.. н қысады.
  17. Ақсарбас шалынса, Тілекті Тәңір қабылдар.
  18. Ақшасыз базарға барғанша, Кепен алып мазарға бар.
  19. Ақыл – Алланың сыйы.
  20. Ақырзаман келгенде пір мүриттерін іздейді.
  21. Алдыға қарап, пікір ет, Артқа қарап, шүкір ет.
  22. Алдымен атыңды тұсаула, Кейін Құдайға тапсыр.
  23. Алла – жалғыз, аты – тоқсан тоғыз.
  24. Алла асыраған пенде аш болмайды.
  25. Алла бергенге бірдей.
  26. Алла бермегенді Молла бермейді.
  27. Алла деген зор болмас, Ақтық жолы тар болмас.
  28. Алла жаққан шырақты Ақымақ үрлеп сөндірмес.
  29. Алла кешірер, аруақ кешірмес.
  30. Аллаға шек жоқ.
  31. Алланың берейін деген құлына Онан-мұнан құралар. Бермеймін деген құлының Жалғыз атын ұры алар.
  32. Алланың берейін деген құлына Оннан – мұннан құралар.
  33. Алланың бір аты – шындық.
  34. Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
  35. Ант-уәде жоқ кәпірден.
  36. Арыстанбабқа түне, Әзірет сұлтаннан тіле.
  37. Ауылдағы молданың аузы сасық.
  38. Аш адам Құдайын ұмытады.
  39. Ашу қысқан адам Аллаға ала көзбен қарайды.
  40. Аюға намаз үйреткен – таяқ, Молдаға намаз үйреткен – тамақ.
  41. Аюға намаз үйреткен таяқ.
  42. Әлі кеткен Құдайға тапсырады.
  43. Әруақ тепкен ары түсер, Атан тепкен бері түсер.
  44. Әуеліде «бар» болып, ақырында «жоқ» болу шариғатқа қилап.
  45. Байғұстың асын «биссмилла» тауысар.
  46. Байғұстың асын бісмілда құртады.
  47. Байды Құдай ұрайын десе, жортуыл жасайды, Биені Құдай ұрайын десе, құлын тастайды.
  48. Байды Құдай ұрарында, Дәулетіне мас болар.
  49. Бала ана болғанша – ана мола болар.
  50. Балаңды иә молдаға бер, иә ордаға бер.
  51. Бар – мәзір, жоқ – нәзір.
  52. Барды жоқ деген кәпір болады, Өзі жоқты тап деген кәпір болады.
  53. Басқа салса Алла, Не көрмейді пенде.
  54. Бастан құлақ садаға.
  55. Бекер жатқаннан Тәңір де безер.
  56. Бекерден бекер жатқаннан Тәңір безер.
  57. Бер дей берсең, Құдайға да жақпайсың.
  58. Берейін десе, Құдайда қазына көп.
  59. Берер Тәңірім талап қылсаң, Түк таппайды қарап жатқан.
  60. Биені Құдай ұрарында құлын тастайды.
  61. Болдырған сиыр, Молаға сүйкенеді.
  62. Бөз болмаса, кебін жоқ.
  63. Білгіш – Құдай.
  64. Бір Құдайға асы болма, Жұлдыздарға қарсы болма.
  65. Бір Тәңірде ғана жалған жоқ.
  66. Бірде – пірден, Бірде – мүриттен.
  67. «Біссімілламен» кескен бармақ ауырмас.
  68. Десе де Құдай құрасын, Еңбек етіп тұрасың.
  69. Десе, Құдай құрасын, Еңбек етіп, сұрасын.
  70. Дос береді, жар береді, Бәрін Құдай бергізеді.
  71. Дос болып, достың көңілін таба алмасаң, Дос болмас, дос сыртынан жамандасаң. Тәңірі атар ер дұспанды табалаған.
  72. Дұспанды жамандағанды, Досты жамандағанды Тәңірі табар.
  73. Дүниеде тек қана бір Құдай мұңсыз.
  74. Дүниеде тек Құдай мұңсыз.
  75. Ділгер ердің қажетін сен өтесең, Сенің мұғдар ісіңді Құдай бітіреді.
  76. Екі дүние – бір қадам.
  77. Емшекті ана береді, Несібені Алла береді.
  78. Жақсы да Құдайға керек.
  79. Жалғыздың жағы бір Құдай.
  80. Жалғыздың жары – Құдай.
  81. Жаман түске де – садақа, Жақсы түске де – садақа.
  82. Жаны күйген Тәңірісін қарғайды.
  83. Жаратқанға сенген жаяу қалады.
  84. Жаратқанның назары Не жақсыға, не жалғызға түседі.
  85. Жарлыға берген садақа Құдайға қарыз бергенмен бірдей.
  86. Жетімге ауыз берген Құдай нәпаха да береді.
  87. Жомарт жүрекке иман қонар.
  88. Жыртық үйдің де құдайы бар.
  89. Зорсынғанға Құдай бар, Сом темір балға бар.
  90. Иман тұрар тоқтықта, Иман кетер жоқтықта.
  91. Иманды адам айт күні өледі.
  92. Көкте – Құдай, жерге – құмай.
  93. Көңілі марқайған тәубесінен жаңылады.
  94. Көп Құдайдан бір жасы кіші.
  95. Күнәң болмаса, күнді болжа.
  96. Күнәсін мойындағанды Құдай да кешіреді.
  97. Кісіден сұрағанның екі көзі шығады, Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады.
  98. Қашқан да Құдай дейді, Қуған да Құдай дейді.
  99. Қонақ ырыздығын Тәңір жеткізеді.
  100. Қорықпас Құдайдан да қорықпас.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ