Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мансап, басқарушылық туралы мақал-мәтелдер

«Мансап, басқарушылық» тақырыбындағы 78 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адал биде ата жоқ, Тура биде туған жоқ, Туғанына бұрған биде иман жоқ.
  2. Адам күш жұмсап бай бола алмайды, Арыз айтып бек бола алмайды.
  3. Адамды заман билейді.
  4. Адамды замана билейді.
  5. Адамды қабағынан, Аспазды тамағынан таниды.
  6. Айран ас болмас, Надан бас болмас.
  7. Ақсақ қой өршіл, Жаман адам төршіл.
  8. Ақыл мидан, нақыл биден.
  9. Ақылды басшың болса, адаспассың. Ақылды басшың болса, Елдің алды боларсың. Ақылсыз басшың болса, Елдің азы боларсың.
  10. Ақылсыз төре жоқ.
  11. Ақылсыздың биі болғанша, Ақылдының құлы бол.
  12. Ақылы болса, аяулы болады, Білігі болса, бектікке таласады.
  13. Ақымақ атқа мінсе, Өзін төре санайды.
  14. Ақымақ қыз анасын билейді, Анасына билік тимейді.
  15. Ақымақтың достығы, Шекпенің жыртылып, шенің алынғанша, Немесе асың таусылып, атың арығанша.
  16. Ақын болатын бала, Атқа әуес, Әкім болатын бала, Таққа әуес.
  17. Алыптармен алыспа, Бектерменен айтыспа.
  18. Арбасының дөңгелегін майламаса, Арбакештің шайы қайнамайды.
  19. Арық малға суық өш, Даулы кісіге әкім өш.
  20. Арыстан айға шабамын деп, Артқы аяғы мерт болды.
  21. Аспаздың қарыны Асқанына тояды.
  22. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын.
  23. Атақ азаматтыкі, Билік әділдікі.
  24. Аталы құл – қожалы құл.
  25. Аталы ұл – қожалы ұл.
  26. Атасы жуастан би шықпас, Сүрегі арықтан семіз шықпас.
  27. Атасыздан би қойсаң, дәметпестен дәметер.
  28. Аттан түссең де, Тұғырыңнан түспе.
  29. Ашулы бектен аулақ жүр.
  30. Әділ бектің заңы жоғары.
  31. Әділ би әуелі өзін сынар.
  32. Әділ билер болса құп, Залым билерде иман жоқ.
  33. Әділдік әкімге де, әлсізге де, әркімге де бірдей.
  34. Әділдік әкімдіктен де күшті.
  35. Әділдік мақсатқа жеткізеді.
  36. Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар. Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.
  37. Әкім болған көп тұрмас.
  38. Әкім болсаң, қызметші ал, Ол – сенің аяғың, аяғыңның айыбына көз боп жүр.
  39. Әкім көп беріп, аз алатын болсын.
  40. Әкім өзгерсе де, әдет өзгермейді.
  41. Әкімге қарсы болма, күніңе кемшілік болар, Молдаға қарсы болма, дініңе кемшілік болар.
  42. Әкімге ісің түспесін, Қалыңға құсың қонбасын.
  43. Әкімге ісің түспесін.
  44. Әкімдердің ашуынан сақтан.
  45. Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман, Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.
  46. Әкімнің достығына сеніп болмайды.
  47. Әкімнің көңілінде болғанша, Көзінде бол.
  48. Әкімшіліктен де гөрі әділет қымбат.
  49. Әмек басшың кім болса, Әлек басшың сол болар.
  50. Әскер – бектің қанаты, Құс қанатсыз ұша алмайды.
  51. Әулекі би ат үстінен билік айтар.
  52. Байлықтың керегі не, қайыры болмаса, Биліктің керегі не, әділдігі болмаса.
  53. Балаға пышақ берме, Ақымаққа билік берме.
  54. Бас болмақ оңай, басқармақ қиын.
  55. Бастаушы болса, қостаушы болар.
  56. Бастаушы болса, қостаушы табылар.
  57. Бастығы бар әскердің астығы бар.
  58. Бастықтарға қарсылық етуші Құдайдың бұйрығына қарсылық етеді.
  59. Басшысыз ауылдың баласы бассыз.
  60. Басына тұрымтайдың бақыт қонса, Самұрық қызмет етер панасында.
  61. Басыңа дау келсе, Билігің кетер.
  62. Басыңа іс түссе, билігің зая, Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.
  63. Бек бергенімен биіктер.
  64. Бек берсе, бетке қарама.
  65. Бек болмаған бек болса, Бұрыш сайын белгі салады.
  66. Бек болмаған бек болса, Таяқ кетпес басыңнан.
  67. Бек қайда барса, құлы сонда.
  68. Бек қараса, назарынан қорық.
  69. Бекке жеткенше, белің сынар.
  70. Бекпен алысып болмас, Терекпен күресіп болмас.
  71. Бектер болса ессіз, Бұзылады ескі із.
  72. Бектіктен бекер қалғанның дауасы қабыл.
  73. Билеуші көркі – саясат.
  74. Билік, байлық, даналық бір өзіңе байланысты.
  75. Бөлшекте де, билік ет.
  76. Буып ашу, кім қаһарын жаяды, Содан бектік қасиет те таяды.
  77. Білім болса, бектер биік заңғар-ды, Жақсы атанып, ашар ізгі заңдарды.
  78. Білімді жігіт жұртқа әрі басшы, әрі құл.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ