Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жол, сапар туралы мақал-мәтелдер

«Жол, сапар» тақырыбындағы 138 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағын су жолын табады, Ақ адам оңын табады.
  2. Адасқан ақылдан азар.
  3. Адасқан жігіт жол таппас.
  4. Адасқанда алға ұмтыл.
  5. Адасқанда жұлдыз айдай, Қарын ашқанда көже майдай.
  6. Адасқанның ақылы артынан түседі.
  7. Адасқанның алды – жар, арты – соқпақ.
  8. Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ.
  9. Адасқанның алды – оң.
  10. Адасқанның алды жоқ.
  11. Адасқанның артындағысы біледі, Жаңылғанның жанындағысы біледі.
  12. Адасқанның міні жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң. Ашылғанның шамы жоқ, Өзін-өзі жапқан соң.
  13. Адассаң, аймағыңмен.
  14. Ақсақ кісі сапарға шығып жарытпайды.
  15. Ақсақпенен жол жүрсең, Жолға алаң боларсың.
  16. Ақылды досың болса, адаспайсың.
  17. Ақымақ болса да, серік жақсы, Қисық болса да, жол жақсы.
  18. Ақырын жүрсең – малаяқ, Қатты жүрсең – қу аяқ.
  19. Алға жүгірме, арттан қалма.
  20. Алдыңа жүрсең, артыңа қара.
  21. Алыс жол атқа сын, Ауыр жол ерге сын.
  22. Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды.
  23. Алыс жолға шығар болсаң, Алдымен жолдасыңды сайла. Жаудың алдын алар болсаң, Алдымен қолбасыңды сайла.
  24. Алыс жолдың іздерін түйе білер.
  25. Алыс жүрсең де, жолмен жүр.
  26. Алыс пенен жақынды жортқан білер, Ащы менен тұщыны татқан білер.
  27. Алыс сапар, Алғашқы адымнан басталады.
  28. Алыс-беріс адал істе епшіл бол, Жол ашылар, әр кезде де көпшіл бол.
  29. Алысқа жүрсең, ат сайла. Қой өсірсең, қора сайла.
  30. Аңшы қанша айла білсе, Аю сонша жол білер.
  31. Аңшының кешіккенінен сүйін. Жолаушының кешіккенінен күйін.
  32. Арғымақты жаманның қолына бергенше, Ақылды ердің жолына бер.
  33. Арқаға батса, аяңшыл.
  34. Арпасыз ат жол алмас.
  35. Асыққан тез ариды, Жүгіріп жол алмас болар.
  36. Асыққанның жолы Алыстан кетеді.
  37. Асықпаған артта қалады.
  38. Ат арытпай жол бітпейді.
  39. Ат жақсысы керуеннен түседі, Зат жақсысы жарлыдан түседі.
  40. Ат жақсысы ұзақ жолда сыналады, Адам жақсысы ұзақ істе сыналады.
  41. Ат жаманы жолда қалдырады, Жолдас жаманы қолда қалдырады.
  42. Атан түйе де жолдан табады.
  43. Атқа аз арт та, қатты жүр, Түйеге көп арт та, жай жүр.
  44. Аттан аттың несі артық, Адымдап басқан ізі артық. Ерден ердің несі артық, Ерінбей еткен ісі артық.
  45. Аттап кетсең де, таптап кетпе.
  46. Атты жол, Адамды жолдастық сынайды.
  47. Аттыға ерген жаяудың бұты жыртылыпты.
  48. Аттыға еремін деп, тайлының таңы (бұты) айрылар.
  49. Аттыға еріп, Жаяудың таңы айырылыпты.
  50. Аттың жалы, атанның қомында.
  51. Аты жақсымен жолдас болсаң, Мұратқа жетерсің. Жаманмен жолдас болсаң, Ұятқа кетерсің. Өзің көріп, ойланғын, Көрсеттім жолдың төтесін.
  52. Атың жақсы болса, жолдың пырағы, Қатының жақсы болса, жанның шырағы.
  53. Ауру мен жолаушы қамын Жол қиындығын көрген біледі.
  54. Ауыздың қайда екенін қол біледі, Ауылдың қайда екенін жол біледі.
  55. Ауылдың жақсылығы жолынан білінер.
  56. Аш отырып, ас таңдама, Жаяу жүріп, ат таңдама.
  57. Аштың ақылы тамағында, Жаяудың ақылы табанында.
  58. Ащы менен тәттіні татқан біледі, Алыс пенен жуықты жортқан біледі.
  59. Аяғы – ат, қолы – қамшы. Жаман туыстан Жақсы жолдас артық.
  60. Аяғыңа қарама, Жолыңа қара.
  61. Аяңшыл ат арымас, Білімді жігіт тарылмас.
  62. Әйел жолға да бармайды, Жолдан да қалмайды.
  63. Байға бар, қырға бар, Әкең салған жолға бар.
  64. Бақыт жолы біліммен табылады.
  65. Бақыттың жолы біліммен ашылады.
  66. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.
  67. Барар жол ұзақ болса да, Қайтар жол қысқа болар.
  68. Басынан байқамасаң, Аяғынан адасасың.
  69. Батырдан да жолды игі.
  70. Батырдың жолы игі.
  71. Бидайды қуырған құртады, Қойды шұбырған құртады.
  72. Бос жүрме, Босқа жүгірме.
  73. Бөрі азығы мен ер азығы жолында.
  74. Бұрылмай жүрген бұрын жетеді.
  75. Білген жолыңды атаңа берме.
  76. Білмегенді білуге тырыс, Тура жолмен жүруге тырыс.
  77. Білім өрге жетелейді, Жолдың турасын төтелейді.
  78. Білімдар жанның ізін кес.
  79. Білінген із біреудің жүргенін білдіреді.
  80. Білініп жатқан із біреудің жүріп өткенін білдіреді.
  81. Бір сапар ат арытпас, Жаман жолдасын жарытпас.
  82. Есек болса, ерттеуші табылар.
  83. Жақсы жол Ұзақ та болса – жақын. Жаман жол Жақын да болса – алыс.
  84. Жақсы таяқ Жаман жолдастан артық.
  85. Жақынға жаны ашымағанның Бір беті қара, Жолдасына жаны ашымағанның Екі беті қара.
  86. Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, Жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, Жолың болмас несі бар?!
  87. Жаманмен жолдас болсаң, Жаласына қаласың, Наданмен жолдас болсаң, Бәлесіне қаласың.
  88. Жасық жолдастан Жыңғыл таяқ артық.
  89. Жаяуға жол алыс.
  90. Жаяуға таяу жер де алыс.
  91. Желді қуған жоғалар, Жолды қуған оңалар.
  92. Жол анасы – із, Ер анасы – түз.
  93. Жол анасы – із.
  94. Жол жаман болса, Атаң да сүрінеді, Атан да сүрінеді.
  95. Жол жүргінді Жұртты жайға жеткізеді.
  96. Жол жүрсең, Шабанға кіріптар қылмасын. Жолдас болсаң, Наданға кіріптар қылмасын.
  97. Жол қадірін, жүрген біледі.
  98. Жол қуған қазынаға жолығады, Сөз қуған бәлеге жолығады.
  99. Жол мақсаты – жету.
  100. Жол сұраған кісі адаспайды, Жөн сұраған кісі жаңылыспайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ