Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам туралы мақал-мәтелдер

«Адам» тақырыбындағы 942 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 10 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абзал арын ойлайды, Надан дүниеге тоймайды.
  2. Абыройы айрандай төгілді.
  3. Адал кісі арымас, Арам кісі жарымас.
  4. Адалдық – құрмет тиегі, Сол ғой тек адамға керегі.
  5. Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
  6. Адам – адам үшін.
  7. Адам адаммен, жер суымен.
  8. Адам баласы ит жанды.
  9. Адам баласы қайғысыз болмас, Қайғысыз адам адам да болмас.
  10. Адам баласы тілдескенше, Жылқы баласы кісінескенше.
  11. Адам биік болса да, заң астында, Тау биік болса да, тас астында.
  12. Адам болар баланың Адамменен ісі бар, Адам болмас баланың Адамменен не ісі бар?
  13. Адам болар жігіттің Жары өзіне ылайық. Керуен бастар жігіттің Нары өзіне ылайық.
  14. Адам болар кісінің Адамменен ісі бар. Адам болмас кісінің Кісіменен не ісі бар!
  15. Адам болар ұлыңның Арқа-басы кең келер. Ана болар қызыңның Ақыл-есі тең келер.
  16. Адам болатын жігіт: Әуелі өз нәпсісін билейді, Сонан соң ауылын билейді, Сонан соң аймағын билейді.
  17. Адам бір терінің ішінде Толады да, солады да.
  18. Адам бір терінің ішінде толады да, солады.
  19. Адам деген ардақты ат.
  20. Адам жас шағында бір бала, Қартайғанда бір бала.
  21. Адам жүйрігі алдын болжайды, Ат жүйрігі артын болжайды.
  22. Адам күні адаммен.
  23. Адам қатесіз болмайды, От түтінсіз болмайды.
  24. Адам қырықта – қылау, елуде – елік.
  25. Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді.
  26. Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді.
  27. Адамға адам жат емес.
  28. Адамға тойымшылық керек.
  29. Адамды сыйлай білу – өзін сыйлай білу.
  30. Адамнан адам асса да, Ғаламнан аспайды.
  31. Адамның білгенін адам білер.
  32. Адамның көңілі, Өгіздің тұмсығы қартаймайды.
  33. Адамның оңбасы – жалқауы.
  34. Адаспаймын деген жігіт, Талтүсте адасады.
  35. Ажалды тышқанға аш мысық тап келер.
  36. Аз жасаған не білер, Көп жасаған сол білер.
  37. Аз көпке, аш тоққа теңгерілді.
  38. Ай жарығы әлемге, Шам жарығы түбіне.
  39. Ай күннен артық, Күндіз Күнсіз де жарық.
  40. Айды етегіңмен жаба алмайсың.
  41. Айланы алысқа құр, Пайданы жақынға қыл.
  42. «Айт шу» деген атанға сеп, «Ауп» деген адамға сеп.
  43. Айттым болды, кестім үзілді.
  44. Айыр етекті шапандыға ит өш.
  45. Ақ пейілдің аты озып, тоны тозбайды.
  46. Ақ пен қараны шындық айырады.
  47. Ақ пен қызыл арасында.
  48. Ақ сауыттың жағасы бар да, жеңі жоқ, Қас жақсының ашуы бар да, кегі жоқ.
  49. Ақиқаттың есебі айнымайды.
  50. Ақсаң, селдей бол, Ессең, желдей бол.
  51. Ақша болса, алақанда сорпа қайнатады.
  52. Ақыл атасы – ақиқат.
  53. Ақыл байлық – азбас байлық, Темір байлық – тозбас байлық.
  54. Ақылсыз би болмас, Сәулесіз үй болмас.
  55. Ақымақтың айты алты күн.
  56. «Ал» десең, қуанады, «бер» десең, күйінеді.
  57. Алам десе сақ құлақ, Берем десе салпаң құлақ.
  58. Алпысқа дейін асыр, Жетпістен кейін жасыр.
  59. Алпысқа келген адамның Алты түрлі реңі. Айнымайды жылқының Торысы мен күреңі.
  60. Алтын артқан жаман есек те «Жаппарқұл» мырза атанар.
  61. Алушы – арыстан, беруші – тышқан.
  62. Амалсыз істеген жақсылық алғысқа татымайды.
  63. Аңғал сөйлеп аспа, Жолын білмей қашпа.
  64. Аңшы қақпанды қаққанын айтар, Саудагер базарда тапқанын айтар.
  65. Арам жеген құстырар.
  66. Арам жесең, тойғаныңша же, Ұрлық қылсаң, өлгенше қыл.
  67. Армансыз адам – қанатсыз құс.
  68. Арманы жоқтың пәрмені жоқ.
  69. Арсыз адам – тұссыз тағам. Сыпайы сырын жасырмас, Пұшық мұрнын жасырмас.
  70. Арық малды асырасаң, Аузы-мұрныңды май етеді; Жаман адамды асырасаң, Аузы-мұрныңды қан етеді.
  71. Арыстан қартайса, тышқанның інін аңдыр.
  72. Аспанға ұшсаң, аяғыңнан тартамын, Жерге кірсең, шашыңнан тартамын.
  73. Аспандағы Айдан не пайда, Жылынуға қолың жетпесе.
  74. Асы жоқ алтын аяқты, Алтынын ал да, отқа жақ.
  75. Асың болмаса қалбырағың қайда?
  76. Ат – адамның қанаты.
  77. Ат берсең азар, Тон берсең тозар, Жақсылық етсең, Бәрінен де озар.
  78. Ат жүйрігі алдын байқайды, Адам жүйрігі артын байқайды.
  79. Атақты ұры аштан өледі, Атақсыз ұры қарын толтырады.
  80. Атты кісі – дүбірі қатты кісі.
  81. Атымды ата да, сыбағамды итке сал.
  82. Аузы дәм білмегеннің, Мұрыны иіс білмес.
  83. Аузын қу шөппен сүрткен.
  84. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен.
  85. Ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап, түнде тақ.
  86. Аш адам алты көрпе жамылса да ұйықтай алмайды.
  87. Аш адамға бір атан жүк те аз көрінер.
  88. Аш ақылымен тоқ болмайды.
  89. Аш алғырт, тоқ бейғам.
  90. Аш болса, аңдайды, Тоқ болса, таңдайды.
  91. Аш ит тапқанын асай береді: Иесінің түйесі ме, Тажалдың иесі ме, бәрі бір.
  92. Аш қадірін тоқ білмес.
  93. Аш құлақтан тыныш құлақ.
  94. Аштарханда атты кісі таң болды.
  95. Ашты қусаң да, құмалақ шықпас.
  96. Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
  97. Ашынған тілді, ашыққан ұры болады.
  98. Ашынғанның тілі ащы.
  99. Әділ кісіге әркім-ақ бажа.
  100. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ