Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Пендешілік көлеңкелері туралы мақал-мәтелдер

«Пендешілік көлеңкелері» тақырыбындағы 139 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам басына әңгіртаяқ ойнатады.
  2. Адам жылап туады, Жылап өледі.
  3. Адам өз қолын өзі кесе алмайды.
  4. Адамның аңырағаны – жуасығаны.
  5. Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті.
  6. Арсыз болмаса, мал қайда, Айлакер болмаса, бақ қайда?
  7. Аспаннан киіз жауғанда, Сорлыға ұлтарақ та тимейді.
  8. Аш ішектей шұбатылған.
  9. Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.
  10. Әлі жетпеген ақыретшіл.
  11. Әр көңілде бір қиял.
  12. Әуеде бұлт болса, Жерде шерім етік ұртын томпайтар.
  13. Бай мақтанса, дәулеті шашылар, Жарлы мақтанса, арты ашылар.
  14. Байлықтың бір тоқтығы, бір жоқтығы бар.
  15. Байтал қысыр болмайды, Маңдай қысыр болады.
  16. Бақыт – қолдың кірі.
  17. Балық өңешінен өткенін жейді.
  18. Бастан құлақ садақа.
  19. Бастыны еңкейткен, Тізеліні бүктірген.
  20. Басы жаралы, күні қаралы.
  21. Бетпақ «жеңдім» дейді, Байғұс «көндім» дейді.
  22. Боқ жемес ит болмайды.
  23. Боқты боққа ұрса, былш ете түседі.
  24. Бөрі арығын білдірмес, Итке сыртын қампайтар.
  25. Бір байдың жұртына, Екі байғұс таласады.
  26. Бір кем дүние.
  27. Ғашықтық пен құмарлық – екі айырық жол.
  28. Дүние екі жалпақ, түбі терең.
  29. Дүниеқор – дүниенің құлы.
  30. Діңкелеген дәрменсізге мұңын шағады.
  31. Ер жігіт бір өледі, Қорқақ мың өледі.
  32. Ет дегенде бет бар ма?
  33. Етек толғанда тезек кездесер.
  34. Жақсылық пен жамандық егіз.
  35. Жаман өз сыбағасына құлдық етеді.
  36. Жаман түйе үстінде келе жатып, Жаяуға «бұқ!» дейді.
  37. Жаманның кесапаты бір шақырым алда жүреді.
  38. Жаманның ісі – жабығу.
  39. Жарлы байға, Бай Құдайға жетсем дейді.
  40. Жарлы байғұс жамалар, Жамалар да қуанар.
  41. «Жемеймін, жемеймін» деп, жеңді білектей құйрықты тауысыпты.
  42. Жеңген ит желкесінен.
  43. Жеп тоймаған жалап тоймас.
  44. Жұмыртқадан жүн қырыққан.
  45. Жұтаған шүкіршілікке тоймас.
  46. Жүзі қараның жүзі таймайды.
  47. Жүйкесі – жүн, жігері – құм.
  48. Жүн жеп, жабағы тышқан.
  49. Жылан терісін тастаса да жылан.
  50. Жыласа кімнің аузы қисаймайды?
  51. Залым есек көпір үстінде қитығады.
  52. Ит байласа тұрғысыз.
  53. Иттен өзге бұралқы.
  54. Итті Құдай иесімен қинасын.
  55. Иттің құсығы өзіне тәтті.
  56. Иттің құтырғаны – өлгені.
  57. Кері кеткен бай кедейден қарыз сұрар.
  58. Көз бір уыс топыраққа тояды.
  59. Көзде – жас, көңілде – шер.
  60. Көңілі көкте.
  61. Көшпелі дәулет кімде жоқ. Бірде бар да, бірде жоқ.
  62. Күйген ауыздан күйінген сөз шығады.
  63. Күйікті жан кірпік ілмейді.
  64. Күмісбике күнде ауру.
  65. Күнге көннен қатырған сабадай.
  66. Күншілдің күні қараң.
  67. Күншілдің күнін итке берсін.
  68. Күні біткен жалшы, Көнекті сырттан салады.
  69. Кісі жапа көрмей, опа көрмес.
  70. Кісіден сұрағанның екі көзі шығады.
  71. Қазан ботқаға тоймас.
  72. Қайғың қара көже болсын.
  73. Қара жер қарыз арқаламайды.
  74. Қара кісінің қаны шыққанша, Сары кісінің жаны шығады.
  75. Қарау – нәпсінің құны.
  76. Қой көрмесек те қи көрдік, Ешкілі байдың қызы едік.
  77. Қой көрмесек те, ешкілі байдың қызы едік.
  78. Құдай ұрғанды Пайғамбар асасымен түртеді.
  79. Құдайдың кенже ұлындай.
  80. Құлағынан күн көрінген.
  81. Құнанын Құдайындай, Тайын Тәңіріндей көреді.
  82. Қырсық қырық ағайынды.
  83. Қыры кеткеннің иті қырын жүгіреді.
  84. Маған жоқ майлы омыртқа, Көзден ұшты-ау томыртқа.
  85. Малқұмар көңіл – соқыр көңіл.
  86. Махаббат – дауасыз дерт.
  87. Махаббат – қашып құтылмас қайғы.
  88. Момын – жаманның інісі.
  89. Несиеге дуана да бата бермейді.
  90. Ой да тұтқындалады.
  91. Ойхой, көкірек, Не демейді сұм жүрек.
  92. Орасан пайда көз шығарар.
  93. От ішінде туған оттан қорықпайды.
  94. Өз қорлығыңнан жат қорлығы жаман.
  95. Өзі жығылған бала жыламайды.
  96. Өзі тоймастың көзі тоймас.
  97. Өмірді өлім тұсайды.
  98. Пайда көздеген – жалғанның құлы.
  99. Пейілі жаман пәлеге жолығады, Бітпейтін жалаға жолығады.
  100. Сақалға ақ түсті, Көңілге дақ түсті.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ