Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
«Ата-ана» тақырыбындағы 368 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Абдыраған анасының қойнын ашыпты.
- Аға – бордай, іні – зордай.
- Аға жақсы болса, панасы бар, Жаман болса, жабатын жаласы бар.
- Ағайын өзгеге қиса да, өлімге қимайды.
- Адам еткен әкеңнің атын ақтап жүргейсің.
- Аздың атасы бір, Көп көмек тілемейді.
- Аздың атасы бірге.
- Ақ қалпақты көрінсе, Ата-екем менің демеймін бе? Ақ жаулықты көрінсе, Ене-екем менің демеймін бе?
- Ақ қойдың қаны, Ақ батаның заңы.
- Ақ найзасы болмаса ерді қайдан танырсың. Ен, таңбасы болмаса малды қайдан танырсың.
- Аққу құсқа оқ тисе қанатын суға тидірмес. Ер жігітке оқ тисе қиналғанын білдірмес.
- Ақсұңқар ұшар жем үшін, Ер жігіт туар елі үшін.
- Ақыл толғанбай тумайды, Ана толғатпай тумайды.
- Ақылды қыз – ауыл көркі.
- Ақылды қыз білімге жүгінер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
- Ақымақ атқа мінсе, Атасын басып кете жаздайды.
- Ақымақ атқа мінсе, Атасын танымас.
- Ақымақ тойынса, туысқанын танымайды, Ақылды тойынса, тәубесінен жаңылмайды.
- Ақынды ер жемейді, екінші – жер жемейді.
- Алдырған анасының қойнын ашыпты.
- Алқатсаң алқат қызыңды ақтар ол дәм-тұзыңды.
- Алты ұл тапқан ананы «ханым» десе болады. Сыйласа білген адамды «жаным» десе болады.
- Ана – біреу, ағайын – алтау.
- Ана баласын арыстанның ауызынан алады.
- Ана көрегендігінің теңдесі жоқ.
- Ана мейірі – аспаннан да шексіз.
- Ана сүті бой өсіреді, Ата тілі ой өсіреді.
- Ана сүтімен көрмесе, пана сүтімен көрмес.
- Ана сүтіменен көрмесе, Тана сүтіменен көрмес.
- Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
- Анадан алтау туғанша жалғыз туса нетеді – елге тұлға болғалы. Қарағайға қарсы бұтақ біткенше еменге айыр бұтақ бітсе нетеді – құсқа тұғыр болғалы.
- Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
- Аналы баланың аузы ойнайды, Атасыз баланың көзі ойнайды.
- «Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім. Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім».
- Ананың басқан жерінде пейіш бар.
- Ананың қақы – Құдайдың қақы.
- Ананың салған жолы бар, Ананың тіккен тоны бар.
- Ананың хақы – Құдайдың хақы.
- Анаң үшін аянба, ант ұрады.
- Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
- Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың.
- Анаңнан асар аяулың жоқ, Әкеңнен асар қамқоршың жоқ.
- Анаңнан асар аяулың жоқ.
- Анасы тепкен құлынның еті ауырмас.
- Анасы ұятсыз болса, баласы миятсыз болады.
- Апаның үйі – кең жайлау.
- Арғымақты жамандап, Кәне, тұлпар тапқаның? Ағайынды жамандап, Кәне, туған тапқаның?
- Арпа берсең, атқа бер, Қатыр-құтыр шайнасын. Қызды берсең жасқа бер, Құшақтасып ойнасын!
- Аруақ аттаған оңбайды.
- Аспан астында анадан ұлы жан жоқ.
- Аспанның сәні – ай, жұлдыз, Үйдің сәні – ұл мен қыз.
- Астың дәмін келтірген тұз әулие, Елдің сәнін келтірген қыз әулие.
- Асылдарға ой керек, Бозбалаға той керек, Сұлу қызға бой керек.
- Ат аттан артық болса да, Атадан артық емес.
- Ат болатын құлынның, Бауыры жазық келер, Адам болатын баланың, Маңдайы жазық келер.
- Ата – асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ.
- Ата баласы Азарыңда асық ойнайды.
- Ата жолын қумаса, Тумағаны көп игі.
- Ата көрген оқ жонар, Ене көрген тон пішер.
- Ата қарғысы – оқ.
- Ата сөзі – бата сөзі. Ата сөзі – ақылдың көзі.
- Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрыны жоқ болсын.
- Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
- Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.
- Ата-анаңды құрметтесең, Сен де сондай игілік көресің.
- Ата-анасыз үйлерде насай-топыр.
- Ата-бабаңда қиқу жоқ, Қиқу сенің не теңің.
- Атадан – өсиет, Анадан – қасиет.
- Атадан бала туар Атасының жолын қуар.
- Атадан жақсы ұл туса, Қар үстінде от жанар. Атадан жаман ұл туса, Ат үстінде ит қабар.
- Атадан мал қалмаса да, тал қалсын.
- Атадан ұл туса игі еді, Ата жолын қуса игі еді.
- Аталы жетім – арсыз жетім, Аналы жетім – ерке жетім.
- Аталы жетім – арсыз жетім, атасыз жетім – ерке жетім.
- Аталы ұл – қожалы құл.
- Атамды атсаң да, ботамды атпа.
- Атаның жүгі – атанның жүгі.
- Атаңа не келтірсең, Алдыңа сол келер.
- Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
- Атаңда жоқ арғымақ, Анаңда жоқ арғымақ Саған не керек?!
- Атаңда жоқ арғымақ, анаңда жоқ арғымақ, Саған қайдан бітті қарғымақ.
- Атаңда жоқ арғымақ, Анаңда жоқ арғымақ, Саған не керек, Шал қорадан қарғымақ.
- Атаңнан қалған сөз жоқ па? Анаңнан қалған сөз жоқ па?
- Атасы басқамен аң аулама, Атар да жанына байланар.
- Атасы басқамен аң ауласаң, Атар да, жанына байлар.
- Атасы басқаменен қоян аулама, Алар да, қойнына салар.
- Атасы басқаменен қоян аулама, Атар да, жанына байлар.
- Атасы басқаның бәрі атшы.
- Атасы жоқ – мас жетім, Анасы жоқ – қас жетім.
- Атасы өлсе – асқар тауының құлағаны, Анасы өлсе – ағар бұлағының суалғаны.
- Атасыз үй болса да, ассыз үй болмайды.
- Атқа мінген атасын танымайды.
- Ауылдан қыз кетсе, қызық та кетеді.
- Аш атасын тыңдамас.
- Ашулының алдында тұрма, Ашулы атасына қарамайды.
- Ашықсаң, атаң боғын жерсің.
- Әйелдің пірі – Бибі Фатима.
- Әке – бауыр, бала – тас.
- Әке – тірегің, ана – жүрегің.
- Әке-шеше бар болсын, Аузы, мұрны жоқ болсын.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ