Дос-дұшпан туралы мақал-мәтелдер
«Дос-дұшпан» тақырыбындағы 127 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені. Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені.
- Адамдықтың белгісі – Иіліп сәлем бергенің. Шын достықтың белгісі – Шынайы көмек бергенің.
- Адамның ары – оның досы.
- Аз деп жауды аяма.
- «Аз екен» деп жауыңа мұрсат берме.
- Айнымас жүрек, ер көңіл, Ер жігіттің серігі.
- Айрылар дос ердің артқы қасын сұрар.
- Айтулы достың жаны бір.
- Айтысқан соң – дау, Алысқан соң – жау.
- Айтысқан соң дау емес пе, Алысқан соң жау емес пе.
- Айырылар дос аяулыңды сұрайды.
- Ақыл – адам көркі, Ақылдың сабыр – серігі.
- Ақыл – дос, ашу – дұшпан.
- Ақыл – саған ізгі дос, әділ жолдас.
- Ақылдан жақын дос бар ма?
- Ақылды дұшпан тентек достан артық.
- Ақылды қасыңнан қорықпа, Жарымес досыңнан қорық.
- Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
- Ақымақ достан ақылды дұшпан артық.
- Ақымақпен астаспа, Ақылдымен қастаспа.
- Ақымақпен дос болма.
- Ақымақтың досы көп.
- Ала ауыз болса ауылың, Жау шабуылын баса алмас.
- Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.
- Алыста жүрген дұшпаннан, Жаныңнан аңдыған дос жаман.
- Алыстағы досыңа Ат берсең де жарасар, Үйіне мініп барсын деп. Жақындағы досыңа, Хат берсең де жарасар, Ұмытса есіне алсын деп.
- Амалы таусылған дұшпан Шын достыққа көшеді.
- Аңдыған жау алмай қоймас.
- Аңдысқан ауыл болмайды, Есептескен дос болмайды.
- Аңдысқан жау алмай қоймас.
- Арғымақтың баласы, Арыса, сыны қайтар ма! Асыл заттың баласы Дұшпанға сырын айтар ма!
- Арыстан болсаң жауың үшін, Түлкіден болсын әдісің.
- Арыстандай жау үшін, Түлкідей болсын әдісің.
- Ас табылмайды, ас табылса, беруге дос табылмайды.
- Аспанға бұлт үйірілсе, жауын көп. Басыңа бұлт үйірілсе, жауың көп.
- Асың болса досың көп.
- Ат кекілін кесіп өш болады, Ат кекілін сипасып дос болады.
- Ат-атаның сай болса, Қашсаң, жаудан кетерсің, Қусаң, жауға жетерсің.
- Аталы жау дос болмас.
- Атаңды жау шапса, бірге шап.
- Атасы басқамен жолдас болсаң, Атар да, жанына байланар.
- Аттанған жау атасын танымайды.
- Аузың толған түк болса да, Дұшпан алдында түкке жарамайды.
- Ауыз тамыр – айтысар, Сүйек тамыр – табысар.
- Ауыз тамыр айтысып ауысқанын алар, сүйек тамыр сүйеніп күнелтер.
- Ауыл итінің достығы Сүйек тастағанша.
- Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос.
- Ашу – дұшпан, Ақыл – дос.
- Аянбаған жауды алар, Абайлаған дауды алар.
- Әйел адам сырыңды алса, Дұшпан үштен бірін алады.
- Әкесі құрдастың – баласы құрдас.
- Байлаусыз ақыл – тәуекелдің дұшпаны.
- Байлық – нағыз дұшпан.
- Бақыт басқа қонарда, Алысып жүрген дұшпандар Алдыңа келіп, дос болар. Бастан бақыт ұшарда, Жан аяспас достарың Қарап жүріп, қас болар.
- Бақыт басқа қонғанда, Алысып жүрген дұшпандар Алдыңа келіп дос болар. Бастан бақыт ұшарда, Жан аяспас достарың Қарап жүріп қас болар.
- Барыс-келіс – достың ісі, Ұрыс-керіс – қастың ісі.
- Басқа санасаң өзге, Қасқа санасаң көзге.
- Батыр жауда көрінеді, Данышпан дауда көрінеді.
- Батыр жаусыз болмас.
- Батыр жаусырамаса, батыр бола ма!
- Батырдың атын жау шығарады, Шешеннің атын дау шығарады.
- Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ. Бүгінгі дос ертең жау.
- Береке достық шақырады, Берекесіз қастық шақырады.
- Бүйірден соққан жау жаман. Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген жау жаман.
- Бытырай қашса, жау оңбас.
- Білектегі жаудан жүректегі жау қиын.
- Білімдімен жолдас болсаң, Білікті боларсың.
- Бір мылтықтың аузына мың кісі сыяды.
- Бірге келген жолдас, Бұрын қайтқан оңбас.
- Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман.
- Даттаушы түгел жау емес, Мақтаушы түгел ел емес.
- Дау – айтыс, барымта – қайтыс.
- Дау айтысады, жау атысады.
- Дұшпан дос арасынан шығады.
- Дұшпан жоқ деме, дұшпан аяқ астында.
- Дұшпан көзі төртеу.
- Дұшпан не демейді, Түске не кірмейді?
- Дұшпан шақырса барма, Дос шақырса қалма.
- Дұшпанға сырыңды берме, сыр алдырып қырыңды берме.
- Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.
- Дұшпанның күлгені – сырыңды білгені.
- Дұшпанның шырқын алам десең суыртпақтап сырын ал.
- Дұшпаның көзге мақтар, арамдығын ішіне сақтар.
- Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан. Дұшпаныңнан бір сақтан, сырты майда, іші қан. Ел ішіңде жар-жора достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.
- Жалынсаң, жау басынар, Басынар да, басыңа шығар.
- Жау атыспай беріспейді.
- Жау болжаусыз, ажал болжаусыз.
- Жау да бір, жыртқыш аң да бір.
- Жау жағадан алғанда, Бөрі етектен алады.
- Жау жоқ деме, жар астында, Бөрі жоқ деме, бөрік астында.
- Жау жоқта жарақ көп, Жау келгенде таяқ табылмас.
- Жау сырыңды алса, қырыңды алар.
- Жау төнгенде батыл бол, Дау төнгенде ақыл бол.
- Жауға барсаң, кесерді ал, Дауға барсаң, шешерді ал.
- Жауға жаның ашымасын.
- Жауға қойыңды қалдырсаң да, Сойылыңды қалдырма.
- Жауға қолдың күшін жұмса, найзаның ұшын қада.
- Жауға қырыңды берсең де, сырыңды берме.
- Жаудан жақындық іздеме.
- Жауды аяған жаралы.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ