Көлік туралы мақал-мәтелдер
«Көлік» тақырыбындағы 82 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағаштан ат мінбе, Жаманнан дат ілме.
- Адам болар жігіттің, Жары өзіне лайық. Керуен бастар жігіттің, Нары өзіне лайық.
- Адамды сыбыс аздырады, Атты мініс аздырады.
- Азусыз ат, Азулы бие мінген жігіттің арманы жоқ.
- Ай артынан ай өтер, Атпен қусаң жеткізбес. Жыл артынан жыл өтер, Желмен қусаң жеткізбес.
- Ай мінбей, Атыңды мақтама, Жыл тұрмай, Қатыныңды мақтама.
- Айғыр берсе, мініп ал, Шапан берсе, киіп ал.
- Айғыр мінсең, құлын жоқ, Бие мінсең, қымыз жоқ.
- Айғырыңды мінгенің – Биенің қысыр қалғаны. Немеренің ақылы – Еңбегіңнің жанғаны.
- Айдаған өгіз арбаның жүгі өгізге түсер.
- Ақыл дария екен, Көңіл дүлдүл екен.
- Ақылсыз атқа мінсе, Атасын басып кете жаздайды.
- Ақырын-ақырын мінсе болар тор атқа, Ақырындап барып жетсе болар мұратқа.
- Ал тегершін қайда жүрсе, Арт тегершін сонда жүрер.
- Алғаның жақсы болса, Бұл дүниенің шырағы. Мінгенің жақсы болса, Бұл жалғанның пырағы.
- Алдыңғы арба қалай жүрсе, Соңғы арба солай жүреді.
- Алдыңғы тегершік қайда жүрсе, артқы тегершік сонда жүрер.
- Алдыңғы түйе итіншек, Артқы түйе тартыншақ.
- Алмауыттан ат мінсең, Жақын болар алысың. Әдепті, арлы жар сүйсең, Оңғарылар бар ісің.
- Алты ай мінсе арымас.
- Алтын артқан атанның да Алдында есек, артында ит жүреді.
- Алыс жол атты сынайды, Ауыр жүк атанды сынайды.
- Алыстан арбалағаннан, Жақыннан дорбалаған артық.
- Арба айдаған алдына қарайды, Түйе жетектеген артына қарайды.
- Арба иесі – күпшек, Киіз иесі – білек.
- Арба иесі көпшіктер, Кигіз иесі білектер.
- Арба кімдікі болса, Күпшек сонікі.
- Арба өгізге келмейді, Өгіз арбаға келмейді.
- Арбадан құда түссе, атқа жеңіл.
- Арбалыға жолдас болма, Жорғалыға жолдас бол.
- Арбалыға жорғалы жолдас болмас.
- Арбаны ат тартпайды, Арпа тартады.
- Арбаны ат тартпайды, Жем тартады.
- Арбаның алдағы дөңгелегі қайда жүрсе, Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.
- Арбасы алда, аты артта.
- Арғымақ болса мінгенің, Алыс жер жақын емес пе? Ақылды болса сүйгенің, Аласың жақын емес пе?
- Арғымақ мінген арымас.
- Артқан кісінің түйесі, Сауған кісінің биесі, Қашан келеді иесі.
- Арықты мінгенше аяғыңа мін.
- Ас ішерде керек, Көлік көшерде керек.
- Астыңда атың болса, Арғымақ не керек? Жақсы қатының болса, Ұжмақ не керек!
- Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады.
- Асыққан жолаушы Атына теріс мінеді.
- Асыққан кісі зиянға келер, асықпаған арбамен қоян алар.
- Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
- Ат аяған ат мінер, Тон аяған тон киер.
- Ат әрі көлік, әрі жолдас, Әрі мүлік, әрі ас.
- Ат жалдаған өтер, Ит жалдаған кетер.
- Ат мінсе ауына тартады.
- Ат сабылды – жоқ табылды.
- Атан жүгі ас болса да, Ашқа аз көрінер.
- Атан өгіз мүйізімен де Соқа сүйрей алады.
- Атан түйе жүк астында қартаяр.
- Атасы басқа аттан түс, Аталасым, атқа мін.
- Атқа мінгеспе, Мінгессең, үндеспе!
- Атты ақысын жаяуға жібермейді.
- Атты жолдас болмайды Арбалымен. Жортақ жолдас болмайды Жорғалымен.
- Атты күнде мінсең – тулақ, Аптада мінсең – қунақ, Айына мінсең – ат, Жылына мінсең – тұлпар.
- Аттыға еремін деп, Тайлының қаңы жыртылыпты.
- Аттыға еріп жаяудың таңдығы айрылады.
- Аттыға жаяу жолдас болмас.
- Аттылы, жаяу келеміз баяу.
- Аттының атын алған, жаяудың таяғын алған.
- Аттың жалында, Атанның қомында.
- Аты барға Тай мінсе де жарасар.
- Аты семіздің – жолы тегіс.
- Атың болмаса, Аяғыңа жалын, Аяғың болмаса, Таяғыңа жалын.
- Аш итке ас берсең, Анаңа тартқаның. Жаяуға ат берсең, Атаңа тартқаның.
- Ашаршылық көрмеген, ас қадірін білмейді, жаяушылық көрмеген, ат қадірін білмейді.
- Бай ат мінсе, «Қайырлы болсын!» дейді. Жарлы ат мінсе, «Қайдан алдың?» дейді.
- Байға барсаң, жорға береді, Кедей атын зорға береді.
- Байтал мінсең, құлын жоқ, Саумал ішсең, қымыз жоқ.
- Байтал мінсең, құлын жоқ.
- Баланы жұмсағаның білінбес, Тайды мінгенің білінбес.
- Баланың қылғаны білінбейді, Тайдың мінгені білінбейді.
- Баланың істегені білінбейді, Тайдың мінгені білінбейді.
- Баласы жақсының әкесін ат үстінен көтеріп алады, Баласы жаманның әкесін ат үстінен ит қабады.
- Бие мінсең, құлын жоқ, Саумал ішсең, қымыз жоқ.
- Бойың қысқа болса, Түйеге мін, Бойың ұзын болса, Есекке мін.
- Боларыңды біліп өт, Бозжорғадай желіп өт. Боларыңды білмесең, Болмасыңды білген соң, Болған ердің қосын жек.
- Болмасыңды білген соң, Болған ердің қосын жек. Өзің адам болған соң, Аударып тастап атпен кет.
- Бір мінсең де, жорға мін, Бүлкілдесін бүйрегің. Бір ұрттасаң да, май ұртта, Кілкілдесін жүрегің.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ