Тіршілік туралы мақал-мәтелдер
«Тіршілік» тақырыбындағы 61 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адалдан тапқаның өміріңе жетеді, Алдап тапқаның селге кетеді.
- Адам – дүниенің ажары, Дүние – өмірдің базары.
- Адам өмірі – арпалыс.
- Адам өмірі қылдан да жіңішке.
- Адам өміріндегі аяулы жемісі – абыройлы аты.
- Адам тағдыры – тәрбиеден.
- Адам туа білмейді, қуа біледі.
- Адам туа жаман емес, жүре жаман.
- Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.
- Адамды өмір үйретеді, Үйренбесе, күйретеді.
- Адамның құлқы түзелмей, Өмірдің құлпы түзелмейді.
- Адамның тіршілік шөлмегі шағылмайынша, Тіршілік шарабы төгілмейді.
- Аз ба, көп пе етпесең әрекет, Тірлігіңде болмайды берекет.
- Аз өмір сабырмен өтеді, Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
- Азаматтық жасай алмаған адам – Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
- Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді, Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.
- Ақылсыз ойын тәтті тұрмысты бұзар.
- Алып – майданда, Дана – тірлікте.
- Алып ел дүрліккенде көрінеді, Данышпан жай тірлік күнде көрінеді.
- Ана жүрегі өмір тілегі.
- Ана қадірі – тірлік қадірі.
- Анасыз өмір – Сөнген көмір.
- Атың жаман болса, Арманың кетер. Балаң жаман болса, Пәрменің кетер. Жылай-жылай өмірің өтер.
- Атың өтімді болса, Өмірің татымды болады.
- Ауру – өлім хабаршысы, белесі. Өлім деген – тіршіліктің елесі.
- Аш болып тірі жүргенше, Тоқ болып өлген артық.
- Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар, Онда өмірің зая кетер, құлдырар.
- Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.
- Әрне көрсең тірлікте, Сыйласқан жақсы бірлікте.
- Бай малымен күн көрер, Жарлы жаныменен күн көрер.
- Бақытта көз болмайды, Шын жақсы сыйымсыз сөз болмайды. Дүниеде бас-аяқ тегіс емес, Екі жақсы бір жерде кез болмайды.
- Бала әкеге бес жыл жұмбақ, Әке балаға өмір бойы жұмбақ.
- Бала ойнамай күн көрмейді, Сиыр жаланбай күн көрмейді.
- Балам үшін барамын, Күнім үшін келемін.
- Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.
- Балықты терең билейді, Адамды тұрмыс билейді.
- Бар дүниеде тозақ бар.
- Бар қашаған құтылмас, Жоқ қашаған жеткізбес.
- Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі, Құл да өледі, қожайын да өледі.
- Баянсыз өмір өтті боран, желдей, Фәнилік басып алды аққан селдей.
- Береке – бірлікте, Сауық-сайран – тірлікте.
- Бесіктен бағу көрмеген, Өмірден қағу көрер.
- Бос жіберме өміріңді, шалып қал, Кетер күннен керегіңді алып қал.
- Бос өткізу өмірді Ақымаққа көңілді.
- Бұйрықтан артық болмайды.
- Бұйырған кетпейді, Жүгіріп жетпейді.
- Бұл дүниенің құсасы Ол дүниеге кетпейді.
- Бұл дүниенің қысасы Ол дүниеге кетпейді.
- Бұл тіршілік тек қана ішіп-жеу үшін берілмеген.
- Білім берген мұғалім – Өмірдегі зор ғалым.
- Білім ғылымнан нәрленеді, Ғылым оқудан нәрленеді. Оқу өмірден нәрленеді, Өмір күреспен нәрленеді.
- Бір күндік өмірің қалса да, Жортақ мінбе, жорға мін.
- Біреу өлмей, біреу күн көрмейді.
- Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
- Бірлік бар жерде тірлік бар.
- Бірлік болған жерде тірлік болады.
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Бірлік қылсаң, тірлік бар.
- Гүл – өмір қызығы.
- Ғұмыр дүние-мал жинау үшін емес, Мал-дүние ғұмыр рахаты үшін керек.
- Ғылым көп, өмір аз – керегін оқы.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ