Достық туралы мақал-мәтелдер
«Достық» тақырыбындағы 389 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адал дос жаныңды сақтайды, Аяр дос малыңды сақтайды.
- Адамға адам керек әрбір жайда.
- Адасқанды артындағысы біледі, Жаңылғанды жанындағысы біледі.
- Ай көрмесең, туысың жат, Жыл көрмесең, досың жат.
- Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды. Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
- Айрылмастай досыңа Қайрылмастай сөз айтпа.
- Ақылды дос аздырмайды.
- Алыста жүрсе кісінескен, Жақында жүрсе тебіскен.
- Арқаланылған ақсақ соқырды жолға салады.
- Аста тұз тәтті, адамда дос тәтті.
- Асың барда досың көп.
- Ат жаманы жолда қалдырар, Жолдас жаманы қолда қалдырар.
- Ат пен ат ақырлас болса, Меңі жұғады. Ат пен есек ақырлас болса, Зеңі жұғады.
- Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар.
- Әкесі достың баласы дос.
- Әркімнің мінген аты – өзіне тұлпар, Әркімнің сүйген жары – өзіне сұңқар.
- Бажа бажаны көрсе, басы қышиды.
- Байлықтан артық достық бар, Достықтан артық байлық жоқ.
- Байтал мінген, Айғыр мінгенге жолдас бола алмайды.
- Бақ оралса басыңа, Дос жиылар қасыңа, – Егініңді ел салысар, Қырманыңды ел алысар, Наныңды ел жабысар, Малыңды ел бағысар, Бақ кеткенде басыңнан – .
- Бақыт кетсе басыңнан: Әуелі досың мен құдаң кетер. Бидай еккен жеріңе Мия мен тікен бітер. Бақыт, байлық басыңа қайта оралса: Кеткен достар әр жерден жылмаң етер.
- Бала болсаң болғандай бол, Ағайынға қорғандай бол. Досыңа майыспа, Қасыңа қайыспа.
- Балалығың ұстаса, нағашыңа бар, Жігіттікті сағынсаң, қайныңа бар.
- Балуанның жаманы, Жығылған соң қалтырар, Күзетшінің жаманы Алдырған соң талтаяр.
- Бейілі жаман кісіден көшеді, Өз асын өзі жасырып ішеді.
- Бөлем, бөлем үшін өлем.
- Бөрі алатын жігіт бөрігінен белгілі, Жау алатын жігіт серігінен белгілі.
- Білімдар достан бір сақтан, Білімсіз достан мың сақтан.
- Бір жаманның ниеті түзелсе, Екі жаманның беті түзеледі.
- Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.
- Бір сапар ер арытпас, Жаман жолдасын жарытпас.
- Бір-бірімен көңілдері суыспай, Қатар қонған екі көрші туыстай.
- Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
- Данышпанға да дос керек, Палуанға да демер күш керек.
- Даңқ қуған далама қалады, Мақтан қуған масқара болады.
- Дәмді болса достық қымбат, Мәнді болса жастық қымбат.
- Дәніккеннен құныққан жаман.
- Дерт атаулының ең қатерлісі – дүлейлік.
- Дос – ажарың, Жолдас – базарың.
- Дос – ажарың, жолдас – базарың. Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
- Дос адамның белгісі қарлығаштай, Қас адамның белгісі қара тастай.
- Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
- Дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды.
- Дос бергеннің түсіне қарама.
- Дос бергенінің тісіне қарама. Дос сүйгенінің түсіне қарама.
- Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамандықтан сақтамаса.
- Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
- Дос болу оңай, сақтауы қиын, Жау болу оңай, тоқтауы қиын.
- Дос деп сынамай, сырыңды айтпа, Достың да досы бар.
- Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.
- Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.
- Дос емес досты сырттан жамандаса, Кісі емес бір қатені жаба алмаса.
- Дос емес достың сөзін бөтен десе, Достықтан бір өкпемен кетем десе.
- Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.
- Дос көңіліңді суытып айтады, Қас көңіліңді жылытып айтады.
- Дос көңіліңді суытып айтады, Қасың ойыңды жылытып айтады.
- Дос көргеннен түңілме.
- Дос көтерер көңілді, Мал көтерер өлімді.
- Дос құшағы – жаз!
- Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар.
- Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.
- Дос табылса, ас табылады, Ас табылса, дос табылмайды.
- Дос таппаған ер азар, Басшы таппаған ел тозар.
- Дос таппай көңіл тыным таппас.
- Дос тұтқанды қадірле.
- Дос іздедім, қармандым, Тауып едім алдандым.
- «Дос» деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.
- Досқа – жаз, жауға – аяз.
- Досқа ат берме, ат берсең «жай жүр» деме.
- Досқа ауырлығыңды салма, Достан қарыз алма.
- Досқа дос жалынар, Жалынар да, көңіл арылар.
- Досқа келсең босқа келме.
- Доспен дос болғанша шаттан, Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
- Доссыз адам тамырсыз терек.
- Доссыз өмір – шоғы жоқ көмір.
- Достыққа адалдық – рухқа адалдық.
- Достыққа достық – қарыз іс, Дұшпаныңа әділ бол.
- Достыққа достық – парыз іс.
- Достың көзінде болғанша көңілінде бол.
- Достың орны – төр, Дұшпанның орны – көр.
- Достың санына қарама, жанына қара.
- Достың табанына кірген тікен, Менің маңдайыма кірсін.
- Достың ұлы – өз ұлың.
- Досы жақсының өзі жақсы.
- Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
- Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас.
- Досым дос, есебім дұрыс.
- Досым, досым дейсің, Нанымды алдап жейсің. Арпа, бидай піскенде, Досым құрысын дейсің.
- Досың ауырса ыңқылда.
- Досың мың болса аз, Дұшпаның біреу болса да көп.
- Досың ұрса, аңқылда, Дұшпаның ұрса, күйін.
- Досыңа әзілді асырып айтсаң да, Басынып айтпа.
- Досыңа балдай тәтті бол, Дұшпанға тастай қатты бол.
- Досыңа өтірік айтпа, Дұшпаныңа шыныңды айтпа.
- Досыңа шапан кигізсең, Ішік кигізді дейді. Қасыңа ішік кигізсең, Шапан кигізді дейді.
- Досыңды жамандама, доссыз қаласың.
- Досыңды мақтағаның – Өзіңді жақтағаның.
- Досыңды мақтағаның – өзіңді мақтағаның.
- Досыңмен айрылысқың келсе, Атыңның майын бер.
- Досыңмен дос болғанға шаттан, Досыңмен дұшпан болғаннан сақтан.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ