Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Оқу, білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер

«Оқу, білім, ғылым» тақырыбындағы 273 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш кессең, ұзын кес, Шаба келе қысқарар. Темір кессең, қысқа кес, Соға-соға ұзарар.
  2. Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.
  3. Адам болар бала алысқа қарайды.
  4. Адам біліммен көтеріледі.
  5. Адамнан адамның артығы – ақыл мен білімде.
  6. Адамнан адамның парқы бар, Ол тек білімінен жарқырар.
  7. Адамның жүзі ақылдың айнасы.
  8. Аз-аздан үйреніп дана болар.
  9. Айғайлы жерде ақыл аз.
  10. Айла алтау, ақыл жетеу – айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
  11. Айт жеткізіп білімдіге, мұны ұғар, Құлын ат боп, қысырақ та тынығар.
  12. Айтпаса білмейсің, ашпаса көрмейсің.
  13. Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.
  14. «Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та құлағымыз».
  15. Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді, Құйма құлаққа айтсаң, құйып алады.
  16. Ақыл – аздырмайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.
  17. Ақыл – арман, ой – өріс.
  18. Ақыл – дария айдын, Көңіл – дүлділ айбын.
  19. Ақыл – дария, Алса да таусылмайды. Жер – қазына, Сауса да таусылмайды.
  20. Ақыл азбайды, Әділдік тозбайды.
  21. Ақыл азбайды, Білім тозбайды.
  22. Ақыл бізді білімге жетелейді.
  23. Ақыл мен білім арманыңды іске асырады.
  24. Ақыл-ой мен білім – әр адамның сәулеті.
  25. Ақылдан артық байлық жоқ. Ақылдан асар амал жоқ, Батылдар алмас қамал жоқ.
  26. Ақылдассаң пішерсің, Ақылдаспасаң кем кесерсің.
  27. Ақылды адам айтқызбай біледі, Ақсұңқар қаққызбай іледі.
  28. Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
  29. Ақылды ақымақтан үйрен.
  30. Ақылды басшың болса адаспайсың.
  31. Ақылды елге қарайды, Ақылсыз өрге қарайды.
  32. Ақылды ерге қарайды, Ақылсыз өрге қарайды.
  33. Ақылды ердің ішінде алтын ерлі ат жатыр. Ақылды жардың ішінде алтын айдар ұл жатыр.
  34. Ақылды жел де ұшырмас, ұры да ұрламас.
  35. Ақылды жігіт: атқа да мінер, таққа да мінер.
  36. Ақылды сақалын сипар, Ақылсыз шапанын сипар.
  37. Ақылды ұл білім іздер, Ақылсыз ұл шылым іздер.
  38. Ақылды шалалығын байқатпайды, Оқыған балалығын байқатпайды.
  39. Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі. Ақылсызға сөз айтсаң, тыңдайды да күледі.
  40. Ақылдыны іздегеннің өзі – нағыз ақылды, Білімдіні іздегеннің өзі – нағыз білімді.
  41. Ақылдының алдымен жүр, Ақылсыздың артымен жүр.
  42. Ақымақ басқа, Адырайған көз бітер. Апандай ауызға, Саудыраған сөз бітер.
  43. Алған сабағың біреу болсын, Тоқығаның мың болсын.
  44. Алтын алма, білім ал.
  45. Арамдық озбайды.
  46. Арланған мен ұялған білімсіз қалар.
  47. Ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер.
  48. Асырауын тапса, адам болар. Оқуын тапса, білім қонар.
  49. Ат аяғынан, адам құлағынан семірер.
  50. Атаққұмар – азар, Білімқұмар – озар.
  51. Атпаз көрген ат таныр, Ұстаз көрген хат таныр.
  52. Әдепті әдепсізден үйрен.
  53. Әліппенің ар жағы – білім бағы.
  54. Әр адам білігімен белгілі болады.
  55. Әрбір ғалым хакім емес, Әрбір хакім ғалым.
  56. Әрбір ғылымның амалы бар.
  57. Әуелі бойыңда талант болсын, Талантыңа талабың қанат болсын.
  58. Бақыр жинағанша, ақыл жина: Бақыр – бейнет, Ақыл – зейнет.
  59. Бақыт белгісі – білім.
  60. Бала өсті дегенше, батыр өсті десейші. Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші.
  61. Баланың ең жақын ұстазы – ата-анасы.
  62. Бастығың болса білімсіз, Тындырар ісің тиімсіз.
  63. Бойдағы білім шын зейнет, Жұмсағанмен таусылмас. Жинаған мал құр бейнет, Біріне бірі қосылмас.
  64. Білген адам білімді өмір бойы іздейді.
  65. Білгенге – тоғыз, білмегенге – тоқсан тоғыз.
  66. Білгенге жыр, білмегенге «дыр».
  67. Білгенге сүйін, Білмегенге күйін.
  68. Білгеніңді сөйлеме, Не сөйлегеніңді біл.
  69. Біле бер қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
  70. Біле тұра білмеген – Білімсіздің белгісі.
  71. Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады.
  72. Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
  73. Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.
  74. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
  75. Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз.
  76. Білмеген мін емес, Білместікке көнген мін.
  77. Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме, Адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді.
  78. Білмеген у ішеді.
  79. Білмегенді білдір, Қолына алтын жүзік ілдір.
  80. Білмегенді білуге талпыну – білімдінің әдеті.
  81. Білмегенді сұрап үйренген – ғалым, Арланып сұрамаған – өзіне залым.
  82. Білмес Құдайды білмес, Көрмесі түйені көрмес.
  83. Білмесең үндеме, Білгенді күндеме.
  84. Білместік білгеннен де өтеді.
  85. Біліксіз биік болса дәулетімен, Білікті биігірек сәулетімен.
  86. Біліксіз биікке шықпас.
  87. Біліксіз қайыр әкелмейді.
  88. Білікті адам қайда барса да, төрге шығады.
  89. Білікті биік тұт, Ұғымды ұлы тұт.
  90. Білікті біліммен білінеді.
  91. Білім – адам баласының ортақ қазынасы.
  92. Білім – адамның байлығы.
  93. Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
  94. Білім – ер азығы, Ер – ел азығы.
  95. Білім – ер азығы, Ер – ел қазығы.
  96. Білім – ердің дәулеті.
  97. Білім – таусылмайтын байлық.
  98. Білім алсаң, білерсің, Надан қалсаң, бүлерсің.
  99. Білім алып құрасын, Еңбек етіп сұрасын.
  100. Білім ауысады, Ырыс жұғысады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ