Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер

«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (6-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Бір тәуекел бұзады, Қайғының мың қаласын. Бір жақсы сөз бітірер, Көңілдің мың жарасын.
  2. Бір тәуекел бұзады, Мың қайғының қаласын; Бір жылы сөз бітірер Мың көңілдің жарасын.
  3. Біреу әзіл айтса, сен әділ айт.
  4. Біреу күле қараса, жылы жүзбен таста көз, Сақта тілді жаманнан, жақсы тілеп баста сөз.
  5. Біреу қасып айтады, Біреу басып айтады, Біреу жаны ашып айтады.
  6. Біреу сөзіңді сөйлесе, Ауызың қышып бара ма? Жұмысыңды біреу қылса, Қолың қышып бара ма?
  7. Біреу сөзіңді сөйлесе, Тілің қышып бара ма?
  8. Біреуді мазақтағаның – өзіңді азаптағаның.
  9. Біреудің ат көтермес бөзі бар, Біреудің ат көтермес сөзі бар.
  10. Біреудің өзі жақсы, Біреудің сөзі жақсы.
  11. Біреудің сөзі әдемі, Біреудің көзі әдемі.
  12. Біріктіріп айтса, бидікі жөн, Құрастырып айтса, құлдікі жөн.
  13. Ғалымның алдында аузыңа ие бол.
  14. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл.
  15. Ғылым өлшеуі – ақыл, Зейін өлшеуі – нақыл.
  16. Дауасы жоқ ауызға, Сылдыраған сөз бітеді.
  17. Даурықпа сөз – дабыра мінез.
  18. Дауылпаз деген құс болады, Дауысы жер жарады.
  19. Дәлдеп атып жауды өлтір, Дәлдеп айтып дауды өлтір.
  20. Дәлдірлекке дару жоқ.
  21. Дәлелсіз сөз – соққан жел, ұшқан тозаң.
  22. Делдал малдың базарын келтіреді, Мақал сөздің ажарын келтіреді.
  23. Дерексіз сөз нанымсыз.
  24. Дуасыз ауызға, Судыраған сөз бітер. Жылан мінез жауызға Жеп қойғандай көз бітер.
  25. Дұшпаның күлді дегенше, Сырыңды білді де.
  26. Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.
  27. Діні басқаның – тілі басқа.
  28. Діні пәктің – ділі пәк, Ділі пәктің – тілі пәк.
  29. Екі әйелдің басы қосылса, Үшінші әйелдің соры.
  30. Екі кісі сөз айтса, Біреуін де естімейсің.
  31. Екі мақұл дауласса, Сөздері асқар ала таудай болар.
  32. Екі өтірік бір антпен тең.
  33. Екі рас бір өтірікке желім болады, Екі өтірік бір расқа ірің болады.
  34. Екі сөйлеген езден без, Ел тыңдамас сөзден без.
  35. Екі тентек кездессе, Төбелеспен тарқайды. Екі мылжың кездессе, Ерегеспен тарқайды.
  36. Екі шын сөзге бір жалған сөз қосса, Жұнтиып тұрар. Бір шын сөзге екі жалған сөз қосса, Бұлтиып тұрар.
  37. Ел арасын сөз бұзар, Жол арасын сел бұзар.
  38. Ел аузына елек қойып болмас.
  39. Ел құлағы – елу.
  40. Елшіге өлім жоқ, Өлеңшіге өкім жоқ.
  41. Елшісіне қарап елін таны.
  42. Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл.
  43. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл.
  44. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл.
  45. Ер қазынасы – ескі сөз, Ел қазынасы – ескі сөз, Тіл қазынасы – ескі сөз.
  46. Ер қазынасы – жүрген із. Ел қазынасы – көне көз. Тіл қазынасы – ескі сөз.
  47. Ерден ердің несі артық? Бір сөйлеген сөзі артық.
  48. Ердің ғайбатын айтпа, Қайратын айт.
  49. Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.
  50. Ескі сөз – жаңа сөздің қазығы, Жақсы кісі – жаман кісінің азығы.
  51. Естіген құлақта жазық жоқ.
  52. Естігеннен көрген артық.
  53. Естімеске айтқан есіл сөзім, Жыламасқа жылаған екі көзім.
  54. Еттен өткен таяқтан, Сүйектен өткен сөз жаман.
  55. Етікшіден құлаш қаш, Бізі тиер көзіңе, Тілі тиер өзіңе.
  56. Жаба берсе жаланы, Жаладан жұғын қалады.
  57. Жаққанда түтін шалынады, Айтқанда сыр алынады.
  58. Жақсы адам – ел ырысы, Жақсы сөз – жан ырысы.
  59. Жақсы адам байқап сөйлер, Жаман адам шайқап сөйлер.
  60. Жақсы адам ел ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы.
  61. Жақсы адам тауып айтады, Жаман адам қауып айтады.
  62. Жақсы аттың тісін ашпа, Жақсы кісінің жасын сұрама.
  63. Жақсы байқап сөйлейді, Жаман шайқап сөйлейді.
  64. Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.
  65. Жақсы құрбы келгенде, Көңілде кір қалар ма? Жақсы әзілсіз, Сөз шырағы жанар ма?
  66. Жақсы лепес – жарым ырыс.
  67. Жақсы сөз – жан азығы.
  68. Жақсы сөз – жарым ырыс.
  69. Жақсы сөз айт, пайда табасың, Жаман сөз айтпа, аман қаласың.
  70. Жақсы сөз жан сүйіндірер, Жаман сөз жан күйіндірер.
  71. Жақсы сөз жұбатады, Жаман сөз жылатады.
  72. Жақсы сөз сүйіндіреді, Жаман сөз күйіндіреді.
  73. Жақсы сөзіңді сыйлар.
  74. Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгілер, Жаман сөйлесе, аузынан жын төгілер.
  75. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
  76. Жақсыға айтсаң, бітірер, Жаманға айтсаң, жекірер.
  77. Жақсыға сөз батады, Жаманға шөп батады.
  78. Жақсылық та, жамандық та тілден.
  79. Жақсылықтың үлгісі – Жанып тұрған шамдай. Шешеннің сөзі – Ағып тұрған балдай.
  80. Жақсымен жолдас болсаң, Алуа мен шекер. Жаманмен жолдас болсаң, Абыройыңа түкірер.
  81. Жақсыменен сөйлессең – Жаның рахаттанады. Жаманменен сөйлессең – Қойыңа қасқыр шабады.
  82. Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.
  83. Жақсының өзі өлсе де, Сөзі өлмейді.
  84. Жақсының сөзі – шақпақ, Жаманның сөзі – тоқпақ.
  85. Жақсының сөзі ақыл шақырады, Жаманның сөзі ашу шақырады.
  86. Жақсының сөзі жария.
  87. Жақсының сөзі жырмен тең.
  88. Жақсының сөзі кепіл, Жаманның өзі кепіл.
  89. Жақсының сөзі өлшеп пішкендей.
  90. Жақсының сөзі Өлшеп, пішкендей, Жаманның сөзі Түйеден түскендей.
  91. Жақсының сөзі шамдай жарық, Айдай анық.
  92. Жақсының тілі тәтті, Жаманның жаны тәтті.
  93. Жақтырмаған Жүре сөйлеседі. Жарамсақтанған Күле сөйлеседі.
  94. Жалаң бұттың өлімі шөптен, Жалаң сөздің өлімі көптен.
  95. Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.
  96. Жалғыздық құдайға жарасар, Көпсөзділік құранға жарасар.
  97. Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.
  98. Жаман «ит» десең арланады, «қасқыр» десең жалданады.
  99. Жаман ауыздан жыландай сөз шығады.
  100. Жаман көзден, жаман сөзден сақтан.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ