Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тау-тас туралы мақал-мәтелдер

«Тау-тас» тақырыбындағы 122 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам баласы тастан қатты емес.
  2. Адам биік болса да, заң астында, Тау биік болса да, тау астында.
  3. Адам гүлден нәзік, тастан қатты.
  4. Адам тастай берік, гүлдей нәзік.
  5. Адам тастан қатты, Гүлден нәзік.
  6. Адамзатты сөз бұзады, Тау мен тасты жел бұзады.
  7. Адамның басы – Құдайдың тасы.
  8. Ажал ақылдының алдында бас иеді, Ақылсыздың басына тас үйеді.
  9. Ажал тау сыртында емес, ту сыртыңда.
  10. Ажалды киік адырға қашады.
  11. Ажалсызға тау құлайды.
  12. Ақ қоян алдырмайды, өрде болса, ақсақал бас мүжиді, төрде болса.
  13. Ақ сұңқар ұшамын деп мақтанба, Алдыңда асқар таулар бар. Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба, Алдыңда талай өрлер бар.
  14. Ақпейіл болсаң, ас жерсің, Тәкаппар болсаң, тас жерсің.
  15. Ақыл – жастан, Қына – тастан.
  16. Ақыл жасқа бітер, Қына тасқа бітер.
  17. Ақымақ мың батпан тасты көтереді, Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
  18. Ақымаққа Тойтөбе жол ма!
  19. Ақымақпен ас ішкенше, Ақылдымен тас көтер.
  20. Ақымақтың атқан оғы ауға тимейді, тауға тиеді.
  21. Ақымақтың аты шықса, Әр төбеде бір із қалдырар.
  22. Ақымақтың оғы аңға тимейді, тауға тиеді.
  23. Алатау ашамнан келмейді.
  24. Алатауды алыстан көргін, басына барма, Жақсы адамыңмен алыстан сыйлас, қасына барма.
  25. Алдағы бөгетте, Қайратыңа сен. Асқар тауда, Атыңа сен. Қайрат болса, Қайғыны да жеңесің.
  26. Алыста таудың даңқы бар, Қасына келсең обадай. Алыста ердің даңқы бар, Қасына келсең баладай.
  27. Алыстан ердің дарпы бар, Қасына келсең, баладай. Алыстан таудың дарпы бар, Қасына келсең, обадай.
  28. Ана – тастан берік, гүлден нәзік.
  29. Арамдық қып ішкен ас, Ішіңе барып болар тас.
  30. Арамның ісі өрге баспайды, өрге басса да өрден аспайды.
  31. Арғымақ аттың тұяғы, Тасты басса, кетілер, Сазды басса, жетілер.
  32. Арғымақтың тұяғы Тасты басса, кетілер, Сазды басса, жетілер.
  33. Арқада аяз болмаса, Арқарлар ауып несі бар.
  34. Арқардың ойға көшкені, Қыстың тауға түскені.
  35. Арқасыз ат қыр аса алмайды, Арқасыз ер бір баса алмайды.
  36. Арпасыз ат қыр аса алмас, Арқасыз батыр жау ала алмас.
  37. Арпасыз ат қыр аспас, Арқасыз батыр қол жимас.
  38. Арыстандай жігітте Алатаудай үміт бар.
  39. Ас тасты да жібітеді.
  40. Асқар тау алыстан көрінеді.
  41. Асқар тауға жарасар, басындағы обасы, айдын көлге жарасар, сылдырлаған қоғасы, ер жігітке жарасар, қолындағы найзасы.
  42. Асқар таудай алып бол, Әппақ күндей жарық бол.
  43. Асқар таудың айбыны қарыменен. — Орынбай ақын
  44. Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас. — Абыл
  45. Асқар таудың көлеңкесі алысқа түседі.
  46. Асқар таудың өлгені – басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені – аса алмай таудың қалғаны. Ай мен күннің өлгені – еңкейіп барып батқаны. Айдын шалқар өлгені – мұз болып тастай қатқаны.
  47. Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса. Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса. — Дулат
  48. Аспаннан тас жауса да, жерге пайда.
  49. Асу бермес асқар жоқ.
  50. Асуды құм бөгейді, Ашуды қыз бөгейді.
  51. Асықпай жүрсең, алға басарсың, Тынбай жүрсең, белден асарсың.
  52. Ат жақсысын күдірде сына, Атой салғанды дүбірде сына.
  53. Ата – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ.
  54. Атаңды Алатауда бір жықтым демен.
  55. Атаңды Қаратауда бір жығып ем.
  56. Атасыздың аты шықса, Асу сайын із салар.
  57. Атты асу қинайды, Адамды ашу қинайды.
  58. Атты мінсең, бесті мін, Тасты аямай басады. Қонақ болсаң, жасқа қон, Етті аямай асады.
  59. Аттың көркі – Құйрық, жалы, құлыға. Таудың көркі – Тасы менен бұлағы.
  60. Аты аталмаған жігіттен, Аты аталған төбе артық.
  61. Аты атанбаған жігіттен Аты атанған төбе артық.
  62. Аты шыққан төбеге бөрі басты болса, тәуіп ет.
  63. Аты шықпаған жігіттен, Аты шыққан дөң артық.
  64. Атың арымаса, суға сал, Болдырмаса, құмға сал.
  65. Аурудың сары уайымға берілгені – Өлімнің қыр басынан көрінгені.
  66. Ауылдан шықсаң, Көбең байға қонба, сайға қон.
  67. Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста болады, Жауда туған баланың екі көзі таста болады.
  68. Ашкөздің көзін тек топырақ толтырар.
  69. Ашу деген қарғыма тас кезеңдей, Сабыр деген сарқылмайтын өзендей.
  70. Ашу жұту – тау жұту.
  71. Ашу жұты – тау жұты.
  72. Аюдың алжығаны тасқа шығып ұлиды.
  73. Әділет алдында тай да бас иеді, тау да бас иеді.
  74. Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі бұлақ, Бала – жағадағы құрақ.
  75. Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.
  76. Әлдіден бас жесең, Тура бара тас жерсің.
  77. Әр тастың бөлек-бөлек белгісі бар.
  78. Әр таудың түлкісін әдісін білген тазысы алады.
  79. Әр таудың шөбін көксеген бұғы аштан өледі.
  80. Әркім өз шыққан тау биік болсын дер.
  81. Әркім өзі шыққан төбешігін биік болсын дейді.
  82. Әркімнің өз шыққан тауы биік болса.
  83. Әркімнің шыққан тауы биік.
  84. Байлық – мұзға жазылған сөз, Білім – тасқа жазылған сөз.
  85. Бақыл байға барғанша, Қаратауға бар.
  86. Барар жері жоқ, Басар тауы жоқ.
  87. Барар жерің Балқан тау, Ол да біздің көрген тау.
  88. Бармақтай бақ бер, Таудай талап бергенше.
  89. Бас арқалағанша, тас арқала.
  90. Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға симассың.
  91. Бас-басыңа би болсаң, Мына тауға симайсың. Бір данаға жол берсең, Жанған отқа күймейсің.
  92. Бас-басыңа би болсаң, Мына тауға сыймассың.
  93. Басымды тауға да, Тасқа да ұрдым.
  94. Басың бас, Бақалшағың қара тас.
  95. Басыңда дес тұрғанда, Уысыңда тас сынады. Басыңнан дес кеткенде, Сарымайға тіс сынады.
  96. Бедеу мінсең, бел асасың, Алғыс алсаң, көп жасайсың.
  97. Бекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей қатпайды.
  98. Бекіре тұмсығы тасқа тимей қайтпас.
  99. Бие бауға, түйе тауға.
  100. Биік тауға шыққанның Алысқа көзі ашылар. Жақсыменен сөйлескен Көңіл көзі ашылар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ