Жан-жануарлар туралы мақал-мәтелдер
«Жан-жануарлар» тақырыбындағы 539 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Азу тісі балғадай.
- Азынаған айғырдың үйірін көр, Менменсінген жігіттің үйін көр.
- Ай жарық, қоян арық.
- Айғырды неден салсаң, Атты сонан мінерсің.
- Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады.
- Айдаһар асқынса, айға ұмтылар, Ақымақ асқынса, анасына ұмтылар.
- Ақ түйенің қарны ақтарылды.
- Аққудың қасында жапалақ жараспас.
- Ақсақ қой жатып семірер.
- Алуан-алуан жүйрік бар, Әліне қарай жүгірер.
- Анаға ішінен шыққан соң, Ұлан да бала, жылан да бала.
- Аңқау теке сұрмергенге жолығар.
- Артында бар – оңалар, Арық түйе – қоңалар.
- Арша – орман анасы.
- Арық малды асырасаң Аузы-мұрныңды май етер. Арам адамды асырасаң Аузы-мұрныңды қан етер.
- Арықты мінгенше Аяғыңды мін.
- Асаудың теппесе Ақысы кетеді. Жыланның шақпаса Ақысы кетеді.
- Аспанда Күн жалғыз, Жерде Ғұн жалғыз.
- Ат – биеден, Нар – түйеден.
- Ат айлығын ойлайды, Түйе жылдығын ойлайды, Есек аяғының астын ойлайды.
- Ат айналып қазығын табар.
- Ат болар құлынның артқы аяғы талтақ келер.
- Ат дорба түбін жаламай, Ат тоймайды.
- Ат жаманы таймен ойнар.
- Ат көрмеген ат көрсе, Шаба-шаба өлтірер. Тон кимеген тон кисе, Қаға-қаға бітірер.
- Ат қартайса, ұрыншақ болады, Ер қартайса, ұмытшақ болады.
- Ат мінбей, Атыңды мақтама, Жыл тұрмай, Қатыныңды мақтама.
- Атан кетсе, тайлақ бар, Шомы жерде қалған жоқ.
- Атасы бұлан атпаған, Баласы құлан атпас.
- Атасы бұлан атпағанның, баласы құлан атпайды.
- Аттан айрылсаң да, Ер тоқымыңнан айрылма.
- Аттан аттың несі артық? Бір аттаған бұты артық.
- Аттыға еріп, Жаяудың таңы айрылыпты.
- Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
- Аттың көркі – Құйрық, жалы, құлағы. Таудың көркі – Тасы менен бұлағы.
- Атымның сыры өзіме мәлім.
- Атының сыры иесіне мәлім.
- Атыңды қамшымен айдама, Жеммен айда.
- Аю – иісшіл, Арқар – дыбысшыл.
- Әркім қолдағы барын, Қошқар қояды.
- Бағайын десе, малы жоқ, Ыңыранайын десе, ауруы жоқ.
- Байда – сәурік, жарлыда – байтал.
- Бақырауық болса да, Түйенің нары жақсы.
- Балық жаны суда.
- Балық жеген бағыбас, Жан-жағымен қағыспас.
- Балықтың тілін бақа біледі.
- Барымтадан келген мал Қарымтамен кетеді.
- Басы аманның малы түгел, Елі аманның жаны түгел.
- Бәйге алмаған жүйріктен Белі берік бесті артық. Сүт бермеген сиырдан Шай қатық берген ешкі артық.
- Бесті атанның күні күркірейді.
- Бесті бура күнде күркірейді.
- Бота ойнақтаса – молшылық, Тайлақ ойнақтаса – тоқшылық, Кәрі түйе ойнақтаса – жоқшылық.
- Ботасы өлген інгенге, Нар теліген зорлық. Құлыны өлген қулыққа, Тай теліген зорлық.
- Бөлтірікті қанша асырасаң да, Тоғайға қарап ұлығанын қоймайды.
- Бөрі – бақауыл, түлкі – жасауыл.
- Бөрі боранды ұнатады.
- Буаз бие тебіспейді, Буаз сиыр сүзіспейді.
- Бура келеге түскенде Буыршын бойын бағады.
- Бұлбұлға бау жақсы, Кекілікке тау жақсы.
- Біреу малға зар, Біреу басқа зар. Мал баққандікі, Қоян қаққандікі.
- Біреуге мал қайғы, Біреуге жан қайғы.
- Біреудің жоғын Біреу түйе мініп жүріп жоқтайды.
- Бітпеген малдан үміт, Шықпаған жаннан үміт.
- Даланың көркі – ағаш.
- Долыдан дәу-пері қашқан.
- Егіз қозыдай.
- Егіз лақты ешкіге Екі елі май кім берсін?!
- Егіздетіп төл өседі, Еңбек етіп, ер өседі.
- Екі аяқты адам түгіл, Төрт аяқты тұлпар да сүрінеді.
- Екі аяқтыда – бажа тату, Төрт аяқтыда – бота тату.
- Екі бие – ел ырысы, Үш бие – бұлақ басы, Бір бие – жоқтың қасы.
- Екі жылда бір туған, Түйенікі не талтаң?
- Екі көзі танадай, Екі өркеші баладай, Түйе деген жарықтық.
- Екі қошқардың басы Бір қазанға сыймас.
- Екі нар сүйкенсе Ортасында шыбын өлер.
- Екі тізгін жоқ болса, Ат басын адам бұра алмас, Екі тартпа жоқ болса, Ат үстінде ер тұра алмас, Екі үзеңгі жоқ болса, Атқа адам міне алмас, Бәрі бірдей сай болса Шайтан түгіл жын алмас.
- Ен-таңбасы болмаса, Малды қайдан танырсың? Ақ найзасы болмаса, Ерді қайдан танырсың?
- Ер арыса – аруақ, ат арыса – тулақ.
- Ер елге қарап өсер, Мал төлге қарап өсер.
- Ер қанаты – ат, Сөз қанаты – хат.
- Ерін ауыстырғаны болмаса, есегі сол екен.
- Есегімнің керіне қарама, Әшекейлі еріне қара!
- Есек барға саналса да, малға саналмайды.
- Есек көпір үстінде қинайды.
- Есек мінген елге жетер.
- Есекке үкі тақпайды, Ешкіге жабу жаппайды.
- Есекті есек десең, Иесінің көңіліне келер.
- Есекті жеге білмеген Отыннан қалдырады.
- Есекті жолаушы – Есепті жолаушы – Атты жолаушы – Бапты жолаушы – Түйелі жолаушы – Киелі жолаушы – Жаяу жолаушы – Көңілі қаяу жолаушы.
- Есектің еті – арам, Күші – адал.
- Есектің жүгі жеңіл болса, Жатаған келеді.
- Есің кетсе ешкі жи, Ешкі жиып, есің жи.
- Ешкі бастаған қой, Егінге түседі.
- Ешкі қырққан сайын бір өледі, Ер жігіт ұялған сайын бір өледі.
- Ешкі мінген балаға Есек мінген ерсі емес.
- Ешкі сойғанның екі заты бар: Мүйізі пышағына сап, Терісі мосысына қап.
- Ешкі тұқымы – егіз лақ, Қой тұқымы – қоңыр тұсақ.
- Ешкілі қой өрген.
- Ешкілі қой өреген.
- Ешкіні түлен түртерде Шопанның таяғына сүйкенер.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ