Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұң-шер, қайғы туралы мақал-мәтелдер

«Мұң-шер, қайғы» тақырыбындағы 40 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам баласы қайғысыз болмас, Қайғысыз болса, адам да болмас.
  2. Адам қайғысы – заман қайғысы.
  3. Адамды қанағат аздырмайды, Қайғы аздырады.
  4. Аз күйікті ас басар.
  5. Аз қайғыны ас басар, Көп қайғыны дос басар.
  6. Ай шайлағанда тұрып, Ат іздеген азабың құрысын.
  7. Айлас қатын – мұңдас.
  8. Ақыл-кеңес тыңдамаған адам Әрдайым машақатқа түседі.
  9. Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр, Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.
  10. Алдым ашық, Артым тұйық тұман.
  11. Арам малдың арты – азап.
  12. Арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар.
  13. Арсызбен сыйлас болғанша, Арлымен мұңдас бол.
  14. Ат арыса, айшылық жер мұң болар.
  15. Ауруын жасырған азап шегеді.
  16. Аштың ақылы болмас, Тоқтың – қайғысы.
  17. Ашулы артынан өкінер.
  18. Ашуың шықса да, сөгінбе, Сөгінген соң, өкінбе.
  19. Әйел сырын әйелден сұра.
  20. Әр қасіреттің соңында қуаныш бар.
  21. Әркім өз мұңын айтады.
  22. Әуелі жапа көрмей, опа болмас.
  23. Бай бастас, кедей мұңдас.
  24. Бай күйігі етекте, Бала күйігі жүректе.
  25. Байдың барлығы кетпейді, Жоқтың зарлығы кетпейді.
  26. Байдың күйігі етекте, Бала күйігі өзекте.
  27. Байлық – басқа машақат, Ашкөздік – жаман әдет, серті қатты, Өкініш артында оның қайғы жатты. Бай болу, кедей болу – тағдыр ісі, Мал іздеу – ерге әшейін машақат-ты.
  28. Байтал түгіл бас қайғы.
  29. Баққан ұлдан сәл тайса егер назарың, Түбі соның тарттым дей бер азарын.
  30. Балалы марал маңырайды, Баласыз марал зарлайды.
  31. Баланы зардан, Әкені бардан.
  32. Балшыға барма, Басыңды қайғыға салма.
  33. Бар барын айтады, Жоқ зарын айтады.
  34. Басынан айрылған шашына қайғырмайды.
  35. Биіктеп кетсең, құлау бар, Қуанып кетсең, жылау бар, У ішсең, тәтті ұнау бар.
  36. Бұ дүниенің қайғысы көп.
  37. Бір күн күлер, сорасы ағып жылаған, Қасіреттің құрдымына құлаған.
  38. Бір күнде болса серік боп, Өзімен бірге қайғы жеп, Тоқал ашар түндікті.
  39. Біреуге бас қайғы, біреуге мал қайғы.
  40. Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ