Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өлшем туралы мақал-мәтелдер

«Өлшем» тақырыбындағы 97 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адалдық ардың ісі, Ауырлықты көтеру нардың ісі.
  2. Адалдықтың адымы алты құлаш, Арамдықтың адымы жарты құлаш.
  3. Адам билән адамның арасы – Аспан билән жер арасы.
  4. Адам болатын бала алысқа қарайды.
  5. Адамға шабатын арыстаннан Жүк таситын есек артық.
  6. Адамнан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен – ас жоқ.
  7. Адамның көзі – таразы.
  8. Аз дәлелден көп мағына тәлім болады, Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.
  9. Азамат ердің ішінде ат басындай шер өсер.
  10. Азынаған аязда, Шапаныңнан тон артық. Шала оқыған сабаздан Көпті түйген көне артық.
  11. Ай туғанда алдымен кішкентай көрінер.
  12. Ақыл ауыр болмайды, Азық ауыр болмайды.
  13. Ақыл ойдан артық емес.
  14. Ақыл ойдан артық.
  15. Ақылды адам батпан-ақ, ақылсыз адам сасқалақ.
  16. Ақылдың өлшемі – парасат.
  17. Ақылдың өлшеуі – қалам.
  18. Ақылменен пішкен тон Кем де, кең де болмайды.
  19. Ақылсыз достан ақылды дұспан артық.
  20. Ақылы аздың азабы көп.
  21. Ақылың болса, ұзақ жерге сапар шек.
  22. Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды.
  23. Ақырын жүрсең, алысқа кетерсің.
  24. Ала берсең, жеңіл болар, Қоса берсең, көп болар.
  25. Алақаннан жем жеген құс алысқа ұшпайды.
  26. Аласаны ат санама, Азаматты жат санама.
  27. Аласаны атқа санама, Жақсыны жатқа санама.
  28. Аласаны атқа санама, Жаманды затқа санама. Бір сынаған жаманды, Екінші рет сынама.
  29. Алдыңдағы ауды көрмесең де, Ұзақтағы жауды көре біл.
  30. Алмақтың да алмағы бар, Ат көтере алмас салмағы бар.
  31. Алмақтың да алмағы бар, Ат көтермес салмағы бар.
  32. Алыс болса да, білген жолыңмен жүр.
  33. Алыс жол атты сынайды, Ауыр жүк ерді сынайды.
  34. Алыс жорық атты сынайды, Ауыр жүк нарды сынайды.
  35. «Алыс» деме, жүріп кетсең, жетерсің, «Ауыр» деме, иыққа алсаң, көтерерсің.
  36. Алысқа кеткеннен ақыл сұрама.
  37. Алыстағы дұшпаннан Қасыңдағы қас жаман.
  38. Алыстағы жаудың дүбірінен қорықпа, Қасыңдағы жаудың күбірінен қорық.
  39. Алыстағы жауыңнан Айнып кеткен дос жаман.
  40. Алыстағы су шөліңді қандырмас.
  41. Алыстан арбалағанша, Жақыннан дорбала.
  42. Алыстан шабынған бураның күші қайтар.
  43. Алысты жақындататын ат, Жақынды алыстататын жат.
  44. Анасын көріп қызын ал, қарысын көріп бөзін ал.
  45. Арам – ауыр, Ақ – жеңіл.
  46. Арқан бойы жердің – тұсау бойы төтелігі бар.
  47. Армандаған арғымақтан, Қолыңдағы тай артық.
  48. Армансыз адам – алысқа бармас.
  49. Артқан жүгің ауыр болса, Ат-атаның жауыр болар.
  50. Арық сиырға жуан мүйіз.
  51. Ас үстінен аттама, Астан үлкен емессің.
  52. Аса ұзын – ақымақ, Аса қысқа – арамза.
  53. Асқабақпен семірген малың құрсын, Жөмелекпен ұзарған шашың құрсын.
  54. Асылсаң биікке, Жығылсаң майданға.
  55. Ат мінген қойшының аяғы ұзын, Өгіз мінген қойшының таяғы ұзын.
  56. Атаға бала жеттім десе де, Батпан ширек төмен болады.
  57. Атадан бала батпан артық тудым десе, Ширек кем туады.
  58. Атадан бала ширек кем туады.
  59. Атадан бала ширек төмен туады.
  60. Атасыз ұлдың аузы үлкен.
  61. Атқа бергісіз құнан бар, Қызға бергісіз жуан бар.
  62. Аттың атағы үлкен, Түйенің табаны үлкен.
  63. Аттың басы үлкен болса, соғым болады, Ердің басы үлкен болса, бұғым болады.
  64. Ауған жүк алысқа бармайды.
  65. Аузы кіші, қарны әйдік, Қой семірсе, көтерер.
  66. Аузы кіші, қарны әйдік, Қой семірсе, көтерер. Қарны кіші, аузы әйдік, Ит семірсе, көтерер.
  67. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
  68. Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес.
  69. Ауылға жақындағанда ит те үреді.
  70. Ауыр бала дегенше, ауру бала десеңші, Момын бала дегенше, боғым бала десеңші.
  71. Ауыр жол – атанды сынайды, Ауыр іс – адамды сынайды.
  72. Ауырды күндіз мен көтерейін, Түнде сен көтер.
  73. Ауырды нар көтереді, Әзілді жар көтереді.
  74. Ауырды нар көтерер күшті болса, Әзілді жар көтерер ішті болса.
  75. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен.
  76. Ауырдың үстіне шығып, Жеңілдің астына түсуге әуестенбе.
  77. Ауырлықты жер көтереді, Ауыр жүкті нар көтереді. Ауыр қайғыны ер көтереді.
  78. Ауырлықты нар көтереді, Нар көтермесе, бар көтереді.
  79. Ашу кейіпті бұзады, Білім биікті бұзады.
  80. Ащы еңбектен тәтті нан.
  81. Ащы иә тұщыны татқан білер, Алыс пенен жақынды жортқан білер.
  82. Ащыны аяған – тұщыға зар болады.
  83. Аяғы үлкен сыйғанын киеді, Аяғы кішкене сүйгенін киеді.
  84. Аянкестің белгісі – Арықты да «жар» дейді. Еркетайдың белгісі – Кең дүниені «тар» дейді.
  85. Әзіл түбі – зіл.
  86. Әйел жолы жіңішке.
  87. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.
  88. Әр нәрсенің шегі бар.
  89. Әркім өз кездігімен өлшейді.
  90. Бала атадан батпан артық туады.
  91. Беделің артса, беліңде жүк ауырлар.
  92. Бойыңның ұзынын қайтейін, Ақылың аз болса.
  93. Бос қоймадан батпан шығады.
  94. Білсе білім, күнде бақыт кісіге, Үлкен атақ содан келер кішіге.
  95. Біліксіз досыңнан, Білекті дұшпан артық.
  96. Білімде артық-кем болмайды.
  97. Біреудің малы болмайды, Ат көтергісіз дәні бар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ