Халық туралы мақал-мәтелдер
«Халық» тақырыбындағы 223 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағаш аралаған – үйші, Ел аралаған – сыншы.
- Ағаш жапырағымен, Жер топырағымен сәнді.
- Адал бидің үйін дау араламайды, Адал жанның елін жау араламайды.
- Адал еңбек елге жеткізер, арам қулық елден кеткізер.
- Адам – түп ата, Хауа – түп ана.
- Адам ақылымен көрікті, Ер халқымен даңқты.
- Адам бақытты өз елі мен жерінен табады.
- Адам елінде, қоға көлінде көгерер.
- Адам жақсысы елін іздейді, Ат жақсысы жерін іздейді.
- Адам жақсысы елінен кетпейді, Ат жақсысы жерінен кетпейді.
- Адассаң, елмен адас.
- Адассаң, Еліңмен адас.
- Аз ғана елге хакім болма, Аз ғана асқа бөгеуіл болма.
- Аз елге бақауыл болма, Аз елге бек болма.
- Аз қойда айран бар, өре жоқ, Аз елде азар бар, төре жоқ.
- Азамат сыны – ерлік, Ерлік – өзі елдің сыны.
- Азаматтың ақысын, Азамат қайырар, Жаман сөз жалпақ Жұртқа жайылар.
- Азған елге бастық болма, Аз ғана асқа аспазшы болма.
- Азған елге би болма, Арыған атқа басаубіл болма.
- Азған елдің баласы – Бірін бірі жамандар. Қақпан құрып алдына Құлатуға амалдар. Озған елдің баласы – Бірін-бірі «батыр» дер, Қойны-қоншы құйылып, Толып тұрған ақыл дер.
- Азған елдің белгісі – бір-біріне қас болар.
- Азы-көбі күшіңнің белдескенде білінер, Азы-көбі түйеңнің ел көшкенде білінер.
- Айбынды батырдың еліне батып жау келмес, Аңғырт батыр жауға шапса, сау келмес.
- Айбынды салтын ел бұзбас, Адамдық антын ер бұзбас.
- Айна, айна емес, халық айна.
- Айрылған болсаң еліңнен, Қуатың кетер беліңнен.
- Айрылған ел – азады, Қосылған ел – озады.
- Айырылма, жұртым, үйіріңнен, Айырылсаң үйіріңнен, Екі қолың кетпес бүйіріңнен.
- Ақ бөкенді жатыр деме, Көшпенді елді отыр деме.
- Ақпанның аязындай, Ел билеген оязындай.
- Ақпейіл еліне ерке, Аққу көліне ерке.
- Ақсұңқар ұшар жем үшін, Ер жігіт жортар ел үшін.
- Ақсұңқар ұшар жем үшін, Ер жігіт туар ел үшін.
- Ақыл таптым аяққа, Не айтамын қазаққа.
- Ақылды адам елдің бейбітшілігін тілер.
- Ақылды басшың болса, Елдің алды боларсың. Ақылсыз басшың болса, Елдің азы боларсың.
- Ақылды елден сұра, Дақылды жерден сұра.
- Ақылдыға билік тисе, мінді түзейді, Ақылсызға билік тисе, елді бұзады.
- Ақылменен көп елді қаратып алуға болады.
- Ақын – ұлттың жүрегі, Шешен – көптің тірегі, Батыр – көптің білегі.
- Ақын елдің еркесі, Батыр елдің серкесі.
- Ала болған елді дұшпан аралар.
- Ала жібін алмасам, даудың менде не ісі бар, ел ішінде қонбасам, жаудың менде не ісі бар.
- Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, жұртқа жақ.
- Аңдысқан ауыл болмас, Ерегескен ел болмас.
- Аңдысқан ауыл, Есептескен ел болмайды.
- Аңқау бөрі қой үркітеді, Ақылсыз адам ел үркітеді.
- Аңқау елге арамза молда деген.
- Аңқау елге арамза молда кезігер.
- Аңқау елге арамза молда.
- Арам қулық елден кеткізер, Адал еңбек елге жеткізер.
- Арам молда аңқау елді алдап жер.
- Арамдық Адамның ажарын бұзады. Ант ұрған Халықтың базарын бұзады.
- Арамза туған мал өспес, Араздық қылған ел өспес.
- Арғымаққа мінген байлардың, Тайға мұқтаж күні бар. Май шайнаған билердің, Нанға мұқтаж күні бар. Елден безген залымның, Елге мұқтаж күні бар.
- Арқа сүйер елің болсын, Аунап жатар жерің болсын.
- Арқа сүйер елің болсын, Аунап жатар жерің болсын. Алысып ойнар теңің болсын, Сүңгіп бойлар көлің болсын.
- Арша өскен жерінде, Азамат өскен елінде.
- Арық пенен семіздің Бір-бірінен несі артық? Қол басындай еті артық. Ерден ердің несі артық, Ел сыйлайтын беті артық.
- Ас – елдің құты.
- Ас берсең, алысқа бер, айта кетер еліне.
- Асқар таусыз жер жетім, Асыл ойсыз ел жетім.
- Аспанға ай мен күн екеуі де сияды, Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
- Аспандай берме, Жерден ұзап кетерсің, Жерден ұзап кетсең – Елден ұзап кетерсің. Елден ұзап кетсең, Барса келмеске жетерсің.
- Аспанның жолын бұлт бөгейді, Асқанның жолын жұрт бөгейді.
- Асың барда ел таны, Атың барда жер таны.
- Асың барда ел таны, беріп жүріп, Атың барда жер таны, желіп жүріп.
- Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас, Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.
- Ат сүрінбей, жер танымас, Ер сүрінбей, ел танымас.
- Ата салтың – халықтық қалпың.
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.
- Атадан жалғап болған би Шариғатпен жұртын жер. Кенеттен болған би Сақалы менен мұртын жер.
- Атаққұмарлықтан аулақ бол, Халықтың перзентінен талабы сол.
- Аталы құл тозбайды, Ынтымақты ел азбайды.
- Ататекке қарамай, Ақшаға қазақ сатылар. Тексізден қойған биіңіз Жұртқа тырнақ батырар.
- Атауы кеткен елдің матауы кетеді.
- Атты кісі жаяудың ақын жемейді, Ақын жесе, оны жұрт «мақұл» демейді.
- Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды.
- Атын бергісі келмеген Елге қарайды, Құсын бергісі келмеген Жерге қарайды.
- Атың барда жер таны желіп жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп.
- Атың барда жер таны, Асың барда ел таны.
- Ауған елге құрыған құдық кезігеді.
- Аузы жаман елді бүлдірер, Аяғы жаман төрді бүлдірер.
- Аузы жаман елді былғайды, Аяғы жаман төрді былғайды.
- Аузы жаман елді былғар, Аяғы жаман жерді былғар.
- Аузы жаман елді былғар, Аяғы жаман көлді былғар.
- Ауыл болсаң, қауым бол.
- Ауылда болса, ауызға тиеді, Елде болса, ерніңе тиеді.
- Ауылды келіншек бұзар, Елді келімсек бұзар.
- Ауылыңнан алғыр шықса, атың озады, Ауылыңнан жаман шықса, елің тозады.
- Аяғы жаман көлді былғайды, Сөзі жаман елді былғайды.
- Аяғы жаман төрді былғар, Аузы жаман елді былғар.
- Әдемі киім өзіңе, тәтті асыңды елге бер, Қонақ күтіп сыйласаң, атың шығып ел кезер.
- Әдепсіз үйге кіріп болмас, Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
- Әдепті бала елге мәнзүр.
- Әдептілік белгісі – Иіліп сәлем бергені. Адамдықтың белгісі – Көп артынан ергені.
- Әділ би халқы үшін, залым би құлқы үшін.
- Әділ бидің елінің ырысы көп, Парақордың елінің ұрысы көп.
- Әділ патшаның әскері халықтан құралады.
- Әділетсіз төренің елі тозады, Қатыны жаман жігіттің жеңі тозады.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ