Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аңшылық туралы мақал-мәтелдер

«Аңшылық» тақырыбындағы 49 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Айлалы түлкі алдырмас.
  2. Айласын білген кісіге Арыстан да бастығар.
  3. Ақылмен арыстан ұстауға болады.
  4. Алпыс құлақ ат болмады, атасына нәлет аңшылық.
  5. Амалын тапқан арыстанды соңынан ертеді.
  6. Аңғарғыш аңшы ауды алыстан бастайды.
  7. Аңды ерінбеген атады, Я көрінбеген атады.
  8. Аңды иә көрінбеген атады, Иә ерінбеген атады.
  9. Аңды не көрінбеген атады, не ерінбеген атады.
  10. Аңшы аңына қарап шығады, Арыстан көргенін жығады.
  11. Аңшының кешіккеніне сүйін.
  12. Арыстан ақырса, ат аяғы тұсалар.
  13. Арыстан болсаң жау үшін, түлкідей болсын әдісің.
  14. Арыстан күшігін тістеп сүйеді.
  15. Арыстанға түлкі айласы жараспас.
  16. Ат адаммен – ат, Адамсыз – аң.
  17. Ат жүйрігін түлкі сүймес.
  18. Ата алмай атынан, қайтып келіп қатынынан көреді.
  19. Аюдан қорыққан орманға бармас.
  20. Аюдан қорыққан тоғайға бармас.
  21. Аюдың өз майын өзіне жақ.
  22. Әуелі көздеп ал, сосын ат.
  23. Балалы қоян қаша алмас.
  24. Барыс болып тусаң, Борсыққа ұқсап жан кешпе.
  25. Білем десе, жыланның күйсегенін де білуге болады.
  26. Даланың аңына сын тақпа, Алдыңдағы малыңа сын тақ.
  27. Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады.
  28. Диірменде туған тышқан Дүрсілден қорықпас.
  29. Доссыз – өмір тұл, Махаббатсыз – өмір тұл.
  30. Дұшпан алдында алданба, Ол тұзақ құрып отырады. Жарамсақтың мақтауына мастанба, Ол құлқынының қамын ойлап қатырады.
  31. Екі сұңқар таласса, Бір қарғаға жем түсер.
  32. Ит иесі үшін алады. Бүркіт жемі үшін алады.
  33. Ителгі салған ет жейді, Атының етін ит жейді.
  34. Ителгінің баласы ілмей қалмас.
  35. Қаршыға қаз алса, Ителгі етек қабады.
  36. Қаршыға қазан қайнатар, Ителгі иығыңды талдырар.
  37. Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгі етек былғайды.
  38. Қаршыға салғанның, қанжығасы тоқ, Ителгі салғанның етегі боқ.
  39. Қиядағы қызыл түлкіні Қияннан соққан бүркіт алады.
  40. Қолмен бергенге құс тоймас.
  41. Құс бағу да бір қызық, Құс салу да бір қызық.
  42. Құсбегісі келіссе, Күйкентай құс қаз алар.
  43. Құстың бәрі сұңқар болмас, Аттың бәрі тұлпар болмас.
  44. Қыран жүйрік пе, Қиял жүйрік пе?
  45. Қыран қияда өледі.
  46. Қыран қияда түлейді.
  47. Саятшының сұңқары Салған жерден іледі.
  48. Сұңқар орманға тартар, Тұлпар қорғанға тартар.
  49. Тауындағы түлкіні Бабындағы бүркіт ғана алады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ