Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сыйластық, құрмет туралы мақал-мәтелдер

«Сыйластық, құрмет» тақырыбындағы 40 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам қадірі достықта білінер, Ат қадірі жорықта білінер.
  2. Адам қадірі достықта, Ат қадірі жорықта.
  3. Азан айтпақ молдаға сый.
  4. Азға қанағат қылғанды Барлық жерде сыйлайды.
  5. Ақыл – Алланың сыйлығы.
  6. Ақыл-кеңес бергенге қызмет қыл.
  7. Ақылсызға төре жоқ.
  8. Алтынның қолда барда қадірі жоқ.
  9. Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.
  10. Арғымақтың қадірі жүргенде білінер, Азаматтың қадірі өлгенде білінер.
  11. Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
  12. Ата сыйласаң алдыңа келер.
  13. Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың, Сыйламасаң, жан қинарсың.
  14. Атасын құрметтеп тұрған баланың Тілеген тілегі қабыл болады.
  15. Атасын сыйлағанның баласын сүй, Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
  16. Атып әкелген аң сыйлыққа жатпайды.
  17. Әйел дауысты еркекте Жау айбынар зәр болмас. Еркек дауысты әйелде Үлкенді сыйлар ар болмас.
  18. Әкеңді қартайса да, қадірлеп тұр, Өміріңше оны тіпті ренжітпе.
  19. Әкеңе игілік етсең, Балаңнан соны күт, қартым.
  20. Әкесін сыйламаған кісі баласын сыйламайды.
  21. Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
  22. Әкесін сыйламағанның баласы сыйламайды.
  23. Әркім сыйлағанның құлы.
  24. Әркім сыйласқанның құлы.
  25. Әруақты сыйласаң, түсіңнен шықпайды, Жаманды сыйласаң, үйіңнен шықпайды.
  26. Байдың малы ардақты, Жарлының баласы ардақты.
  27. Байдың малы ардақты, Кедейдің баласы ардақты.
  28. Байдың малы қадірлі, Жарлының жаны қадірлі.
  29. Байлардың сыйлығынан Кедейдің сабыр еткені артық.
  30. Бала қадірін балалы болғанда білерсің.
  31. Бар болсаң, жаныңды сыйла, Жан кеудеңе қонақ. Жоқ болсаң, жаныңды қина, Жан кеудеңе азық.
  32. Батыр – жау барда сыйлы, Би – дау барда сыйлы.
  33. Бұлбұлдан өзге құстар Гүлстан қадірін білмес.
  34. Біліктіні білігі үшін сыйлайды.
  35. Білімдіні көрсең, қадір тұт, Білімсізді көрсең, сабыр тұт.
  36. Бір көрген біліс, Екі көрген таныс.
  37. Бір сіз-бізден, Бір ғыз-мыз артық.
  38. Гүл қадірін арадан үйрен, Сөз қадірін данадан үйрен.
  39. Ғизатқа ғизат болады, Құрметке құрмет келеді.
  40. Ғизаттың азы көп болмайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ