Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожа, молда туралы мақал-мәтелдер

«Қожа, молда» тақырыбындағы 55 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Азансыз молда болса да, Қазансыз қатын болмайды.
  2. Ала шапанды молда да бір, Ала қанатты сауысқан да бір; Екеуі де арам ниет: жығылғанда – қасыңда, өлгенде – басыңда.
  3. Алла бермегенді молда бермейді.
  4. Алла білгенді молда білмес.
  5. Аюға бас үйреткен – таяқ, Молдаға намаз үйреткен – тамақ.
  6. Әкімге қарсы келме, Күніңе кемшілік келер, Молдаға қарсы келме, Дініңе кемшілік келер.
  7. Дүмше молда дін бұзар, Қисық арба жол бұзар.
  8. Екі молда – бір кісі, Бір молда – жарты кісі.
  9. Екі молдаға бір таба нан не болсын?
  10. Жаман сопы – тобашыл, Жаман адам – табашыл.
  11. Жарым адам, Жарым молда, Жарым мұсылман қиянатшыл.
  12. Заманақыр болғанда, Пір мүриттерін іздейді.
  13. Қалтаң құр болса, молда саңырау.
  14. Қар жауды деп қуанба, аязы бар, Қожа келді деп қуанба, ниязы бар.
  15. Қарға баласы боқ шоқыр, Молда баласы оқу оқыр.
  16. Қарны ашқан молданың, Сәлдесі қалар боқтықта.
  17. Қожа аштан өледі, төре – тамақтан.
  18. Қожа бардағы күн қайда?
  19. Қожа диуанадан телім сұрар.
  20. Қожа құлақтас, молда сабақтас.
  21. Қожа, молда елді аздырады, Қурай, құмай жерді аздырады.
  22. Қожа, молда сабақтас.
  23. Қожа, молданы басындағысынан білерсің, Бек пен төрені қасындағысынан білерсің.
  24. Қожаны көрсең, Қыдыр тұт, Төрені көрсең, қадір тұт.
  25. Қожаның көңілі құртқа шабады, Көжесінің қатығы жоқ.
  26. Қожаның қарны тоқ, Құлымен жұмысы жоқ.
  27. Қой аяғы – кілмек, Қожа аяғы ілмек.
  28. Қорыққан молда мешіттен ұзамайды.
  29. Құнарлы жерде бұқа семіреді, Құранды жерде молда семіреді.
  30. Мол берсең молда да бәйек болады.
  31. Молда «бер» деген сөзді білмейді, «Ал» деген сөзді біледі.
  32. Молда ашықса, базар кезеді, Сопы жұтаса, мазар кезеді.
  33. Молда білгенін оқиды, Қарға көргенін шоқиды.
  34. Молда өзін бір алдайды, Өзгені екі алдайды.
  35. Молдадан хат қалады, Жақсыдан зат қалады.
  36. Молдалының тілі – сынық, Төрелінің тізі – сынық.
  37. Молданы мазарда көр, Делдалды базарда көр.
  38. Молданың қылғанын қылма, айтқанын қыл.
  39. Молданың сәлдесі ақ болғанмен, ниеті қара.
  40. Молданың істегенін істеме, айтқанын істе.
  41. Мүләйімсіген молдадан қаш, Ала шұбар жыланнан қаш.
  42. Надан молда – намазқой.
  43. Неғұрлым арлы болсаң, Соғұрлым сопы боларсың.
  44. Өлейін деп өліп бара жатқаным жоқ, Молдадан ұялғаннан өліп бара жатырмын.
  45. Өлеңді жерде өгіз семіреді, Өлімді жерде молда семіреді.
  46. Өлтіретін молда көп, Өртейтін кітап көп.
  47. Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен.
  48. Сәлдесіне шоқ түскен молдадай.
  49. Сопы сұмнан шығады.
  50. Сопы үгітшіл келеді, Молда үмітшіл келеді.
  51. Сұм қартайса, сопы болады.
  52. Тентек молда – телмірген өгіз.
  53. Шала молда – жалтақ, Сөйлер сөзге шорқақ.
  54. Шала молда шарт етер.
  55. Шала молда шарық айтар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ