Егіншілік туралы мақал-мәтелдер
«Егіншілік» тақырыбындағы 205 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағын суы бал татыр, Ақ шабағы май татыр.
- Айналдырғаны шаруа болар. Еккені тары, жегені жарма болар.
- Алыстағы дәриядан Алдында жатқан қақ артық. Төскейдегі тұлпардан Жаныңда тұрған жабы артық.
- Арық бар жерде су бар. Су бар жерде ну бар. Тау бұлағымен сүйкімді, Бұлақ құрағымен сүйкімді.
- Бабын тапсаң – байлық жерде. Береке, салтанат елде.
- Бағбан болсаң Бақ өсір. Балама деп Тағы өсір.
- Бағбан жемісті ағашын айтар, Мұрап суының сағасын айтар. Шопан өсірген қойын айтар. Өлеңші өлең айтқан тойын айтар. Ұста соққан тамын айтар. Диқан шығымды егінінің бабын айтар.
- Бағбан өлсе бақ жетім, Құлан кетсе қақ жетім.
- Бақыт бесігі – ел, Ырыс есігі – жер.
- Балық бәсін алады. Елін есесін алады.
- Балықшының байлығы Етек, жеңі кепкенше. Егіншінің байлығы Ендігі жыл жеткенше.
- Басыңды көтеріп елден сұрағанша, Басыңды иіп жерден сұра.
- Бел орақтың шыңы бір, Шаруаның мұңы бір.
- Берекесі кеткен ауылдың Айтқаны өсек болар, Аңдығаны төсек болар, Берекесі кірген ауылдың: Айналдырғаны шаруа болар. Еккені тары, жегені жарма болар.
- Берекесі кеткен ауылдың Айтқаны өсек болар, Аңдығаны төсек болар, Берекесі кірген ауылдың:.
- Биік таудың басы қыс, Баурайы жаз.
- Бозторғай момынсып жүріп Бір мойын тарыны тауысады.
- Бұлаққа бұлақ қосылса, Егізбіз дейді. Көлге көл қосылса, Теңізбіз дейді.
- Бұлт – Жаңбыр жаршысы.
- Бұлыңғыр күннің артынан Бұлтты түре күн шығар.
- Гүл жайнамай Бұлбұл сайрамайды.
- Дария басы – бұлақ.
- Дауылды күні құс салма, Жауынды күні жылқы алма.
- Дауылдың алды – жел, Жаңбырдың арты – сел.
- Диқан бабаның – Кетпенінен. Шопан атаның – Таяғынан.
- Диқан еккенін жейді, Жылқы тепкенін жейді.
- Диқан жауында тынады, Балықшы дауылда тынады.
- Диқан жерім дейді, Жері үшін ерінбейді.
- Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді.
- Диқаншы жерін мақтайды, Балықшы көлін мақтайды, Кәсіпқор кенін мақтайды.
- Достың айнасы – досы. Қостың айласы – мосы.
- Еге білсең, Егін тасқа да бітеді.
- Егін ексең – ебін тап, Ебін тапсаң – жерін тап.
- Егін ексең – Шығырыңды майла. Мал өсірсең – Қонысыңды сайла.
- Егін ексең, мол ек, Толтыр қанар-қабыңды. Арық қазсаң, кең қаз, Қандырар бақша, бағыңды.
- Егін жерге бітеді, Ер жігіт елге бітеді. Қоға көлге бітеді, Көк жантақ шөлге бітеді.
- Егінді күндіз егіп, Түнде суар. Гүлді күн көзіне егіп, Күнде суар.
- Егіндікті күз суар. Күз суарсаң, жүз суар.
- Егінші жауында тынады, Қайықшы дауылда тынады.
- Егініңді дөңге сал, Дөңге салсаң – көңге сал.
- Егініңді күн суар, Күн суарма, түн суар.
- Елге мал көптік қылмайды, Жерге тал көптік қылмайды. Тарыға май көптік қылмайды, Күрішке су көптік қылмайды.
- Елге сыймаған – Жерге сыймайды.
- Елді жер – Еңісті жер. Еңісті жер – Жемісті жер.
- Елдің даңқын қонағы шығарар, Жердің даңқын бұлағы шығарар.
- Елдің көркі – жастық, Жердің көркі – астық.
- Еленем десең, елге жақ, Жер емем десең, жерге жақ.
- Елім бай болсын десең, Жеріңнің бабын тап. Ерім сай болсын десең, Еліңнің бабын тап.
- Еменнен қатты ағаш жоқ, Көп жатса жерде дерт ілер. Болаттан қатты темір жоқ, Тасқа салса кертілер.
- Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жыр сыйлы.
- Ер елдің көркі, Орман, тоғай – жердің көркі.
- Еріншек егіншіден Елгезек масақшы озады.
- Етікшіні Балға мен біз асырайды. Егіншіні Кетпеннің жүзі асырайды.
- Жаз – береген, Күз алаған.
- Жаз келді, Үйрек ұшып, қаз келді.
- Жазда шөпті жинасаң, Қыста мал азығы, Жазда сөкті жинасаң, Қыста бала азығы.
- Жаздың қамын қыс ойла, Бір ойлама, үш ойла.
- Жақсы жер – жан тынысы. Жақсы өнер – жігіт ырысы.
- Жақсылық еккен алғыс орады.
- Жақсының сөзі – Жырмен тең, Жаздағы жаңбыр Нұрмен тең.
- Жалғыз ағаш орманға қарайды, Жалғыз бала қорғанға қарайды.
- Жалғыз еменге жай түскіш.
- Жаман сайдың суы тасыса Өткел бермес.
- Жаңа туған айды көрген Бір мұрат, Жаңа шыққан күнді көрген Бір мұрат. Жаңа ашылған гүлді көрген Бір мұрат.
- Жаңа шыққан күнді көрген Бір ғанибет. Жаңа ашылған гүлді көрген Бір ғанибет.
- Жаңбыр жауса – Жердің ырысы, Егін бітсе – Елдің ырысы.
- Жапырағы – қамқадай, Топырағы – торқадай.
- Жас ағашқа сүйеніп, Қу ағаш та күнелтер.
- Жатқан тастың астына су бармайды.
- Жауынгер сапта ойнасын, Ағын су жапта ойнасын.
- Жегіп жегін, Ексең егін, Ішерсің тегін.
- Жел дауыл шақырады, Бұлт жауын шақырады.
- Жемес жерде от бар. Ішпес жерде су бар.
- Жемісті ағашқа тас атпа, Буаз биеге тас артпа.
- Жемісті ағаштың басы төмен.
- Жер – адамның бесігі. Ел – бақыттың есігі.
- Жер – ана, Ел – бала.
- Жер жарасты көрінер Өзені мен көлімен, Ел жарасты көрінер Еңбегі жанған ерімен.
- Жер сәні – егін, Ер сәні – білім.
- Жер тозса – тақыр, Ер азса – пақыр.
- Жер тоймай, Ел тоймайды.
- Жерге еткен жақсылық Жерде қалмас.
- Жерді теппе, Елді сөкпе.
- Жердің көркі: Орман, тоғай, бұлағы, Елдің көркі: Қала, қыстақ тұрағы.
- Жердің тілін білсең, Тілдей жерден жылдық өнім аларсың. Елдің тілін білсең, Елге сыйлы боп жағарсың.
- Жермен келген – жермен кетеді. Желмен келген – желмен кетеді.
- Жерін қорлаған Жеріне сыймайды. Елін қорлаған Еліне сыймайды.
- Жерінен айрылған жиде Желге ұшар.
- Жеріңді баптай білсең – Астықты қаптай білесің.
- Жеті тоқсанда жер мұздайды.
- Жұпары жоқ гүлден без, Жұғары жоқ тілден без.
- Жүлдегердің – жүзі жарқын.
- Жүре-жүре арық қазсаң, Күле-күле су ішерсің.
- Жылқы бақсаң, Құрығыңды сайла. Егін ексең, Ұрығыңды сайла.
- Кәрі ағаш – бұтағымен, Кәрі адам – ұрпағымен.
- Кезінде жауын жаумаса, Керіліп жатқан жер кәріп. Тең құрбысы болмаса, Тетелес өскен ер кәріп.
- Кешкі күн құлақтанса, Қатының ұл тапқандай сүйін. Ертеңгі күн құлақтанса, Еліңді жау шапқандай күйін.
- Көк шықпаған жер – Көтерем мал сияқты.
- Көктем – мұрап, Күз – диқан.
- Көктемеде бір тойдым, Көбік қарда бір тойдым.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ