Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бұйым туралы мақал-мәтелдер

«Бұйым» тақырыбындағы 44 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағайын ағайынның күзгісі, айнасы.
  2. Адалбақан ашасыз болмас.
  3. Адам аяғының тұзағы – бала-шаға.
  4. Адамның өсуінен, Арқанның есуінен.
  5. Адамның тізгіні – ақыл.
  6. Аз да болса, қаптай көр.
  7. Аз қойда айран бар да, өре жоқ.
  8. Ай құлақтанса, күрегіңді сайла, Күн құлақтанса, қораңды сайла.
  9. Айғырың үнді болсын, Қошқарың жүнді болсын.
  10. Айнаға қарағанша, айналаңа қара.
  11. Айнаға қарап емес, Адамға қарап түзел.
  12. Айыр інген кез келсе, Мұрындығы қалар жырылып.
  13. Ақылы жоқ ақымақтан, Тоқпақ ұрған бақсы артық.
  14. Ақымаққа таяқ.
  15. Ақымаққа іс тапсырған, жіптің ұшын жоғалтқанмен бір.
  16. Алтын тон кисең, атаңды ұмытпа, Тоғайға барсаң, балтаңды ұмытпа.
  17. Аңшы мүшелес, бай кіселес.
  18. Арба иесі күпшектер, киіз иесі білектер.
  19. Арқанның батқанын иесі емес, түйесі білер.
  20. Артқы түйенің жүгі ауыр.
  21. Арық атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман кісіге мал бітсе, Қасына қоңсы қондырмас, Қондырса да оңдырмас.
  22. Ат айналып қазығын табады, Ер айналып мекенін табады.
  23. Ат арықтаса, тулақ болар.
  24. Ат арыса – тулақ, Ер арыса – аруақ.
  25. Ат дорба түбін иіскемей тоймайды.
  26. Ат тулағы жабағы, Желіннен соң сабағы.
  27. Аталы ұлдың кісесі басқа, Енелі ұлдың боқшасы басқа.
  28. Атам шоты шапқан сайын өрлейді.
  29. Ашу – пышақ, Ақыл – таяқ, Біреуге пышақ, екеуге таяқ.
  30. Әр зат өз жынысына тартады.
  31. Әр нәрсе затына тартады.
  32. Әр нәрсенің парығын айыру – жоғарғы білім.
  33. Байлықтың кілті – ғылым.
  34. Байы бар таяқ жейді, Қойы бар құйрық жейді.
  35. Баланы зордан, Ананы бордан.
  36. Бардың мәйегі тиер, Жоқтың таяғы тиер.
  37. Барлық нәрсе тегіне тартады.
  38. Басы бос заттың иесі болмас.
  39. Болшағы бар сүйгенін жейді, Болшағы жоқ тигенін жейді.
  40. Бөтендікі – сенікі емес.
  41. Бұзылғаннан бұйым алма.
  42. «Білік» деген бір қазық, Барлығы соған оралар.
  43. Біреудің бұйымына біреу ысқырып қарайды.
  44. Ғалым – ақылдың шамы.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ