Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақша жаңылтпаштар

Қазақша жаңылтпаштар — тілді жаттықтыруға, дыбысты анық айтуға арналған халық мұрасы. Балабақша мен бастауыш сыныпқа, логопедке және сөйлеу мәдениетін дамытуға. Барлығы: 378. 1-бет, барлығы 4 бет.

  1. Ай, ай, Айдарбай, / Иір мүйіз сиырыңды / Үйіңе айдай бар.
  2. Атам: / «Балама ат аламын», – дейді. / Апам: / «Балама ала мата аламын», – дейді. / Атасы ат ала ма? / Апасы ала мата ала ма?
  3. Атам томағаламаған бүркітті / Мен томағаламағанда, / Кім томағалайды?
  4. Алпыс алты ала баспақ бақтым, / Алпыс алты ала баспақтың ішінде / Тарғыл тарбақ басы ақ баспақ бар.
  5. Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақты / Мен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей, / Кім тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейді.
  6. Асқат / Жамап-жасқап, / Жасапты ақ сапты аспап. / Ақ сапты аспабы – / Жап-жақсы аспап.
  7. Ақ тайыншаның қатығын / Аппағыма беремін, / Аппағымның атын тез / Айтқаныңа беремін.
  8. Арқада алты арқар бар, / Қырқада қырық арқар бар. / Қырық арқарда қарт арқар бар, / Алты арқарда марқа арқар бар.
  9. Арғы арал, бергі арал, / Ол аралдарды жайлаған мал аралар, / Қырдың қызыл түлкісін қырағы алар.
  10. Ара-тұра тал арала, / Тал ішінде талар ара. / Содан кейін қала арала, / Таппай сені қалар ара.
  11. Алты қотыр ақ атанға / Алты қолтық отын арттым.
  12. Арықтың бәрі ғарып емес, / Ғарыптың бәрі арық емес. / Ал Әріп арық та емес, / Ғарып та емес. / Барып көр, беріп кеңес.
  13. Айта-айта жақ талды, / Қайта-қайта жатталды. / Жаттаған еңбек ақталды, / Жаттағаным мәңгі сақталды.
  14. Айланбадан арба айланып барады, / Арбадағылар айбарланып барады.
  15. Асан әсем билеймін деп әлек, / Хасен шешен сөйлеймін деп әлек.
  16. Атпақ ек бір-бір құр, / Қу екен құр құрғыр. / Таптырмай қырдан құр, / Қайттық біз құрдан-құр.
  17. Асан бақша жақтан / Ақ сабақ асқабақ әкелді, / Басқа жақтан / Басқарақ асқабақ әкелді.
  18. Ала-ала алашалар, / Тамаша олар, / Оған кім таласа алар. / Алашаларды / Таба алса, алар.
  19. Араның тісі қыши ма? / Баланың қолы қыши ма? / Ара тісі қышымаса, / Балаларды шағар ма? / Бала қолы қышымаса, / Ойыншығын шағар ма?
  20. Ағашты ол бұтарламағасын, / Мен бұтарламадым. / Ағашты мен бұтарламағанда, / Кім бұтарлайды?
  21. Асқаржаным – / Ашқарағым, / Асқа барың / Бастан мәлім.
  22. Ағама ат тағалаттырдым, / Жеңгеме жалын тазалаттырдым, / Апама тоқым жаңалаттырдым, / Өзім бәрін қадағалап тұрдым.
  23. Ата мен әже, ана да, / Алма мен алмұрт тереді. / Ауылға Арман бала да, / Арбамен тасып береді.
  24. Алатауда неше шың бар? / Қаратауда неше шың бар? / Алатауда бір мың шың бар, / Қаратауда бір мың шың бар.
  25. – Анау арал қай арал? / – Қайыңды арал, талды арал. / Ішінде бұзаулы ала марал.
  26. Ауылым жоннан көшсе, / Сай құлдилар.
  27. Аршабек арша деп шыршаны, / Шыршабек шырша деп аршаны, / Шатасты күлдіріп баршаны, / Шырша деп, арша деп шаршады.
  28. Арғы арал, бергі арал / Ол аралдарды жайлаған / Бал аралар.
  29. Айта-айта жақ талды, / Қайта-қайта жатталды. / Қайта-қайта жақ талды, / Айта-айта жатталды.
  30. Ақ тайлағым – нар тайлағым! / Нар тайлағыма: / – Атан боларсың! – деп айқайладым.
  31. Айдын көлде саңқылдап, / Аққу жүзді таранып. / Ауық-ауық жақындап, / Анадайдан қарадық.
  32. Ақ лағым семіз, / Ақ ала лағым сегіз, / Ала лағым да семіз, / Ақ лағым да сегіз.
  33. Арал, арал, арал бар, / Бара алар ма балалар? / Батыл бала бара алар, / Аралдарды аралар.
  34. Ақ матадан ақ мақта ақ па? / Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
  35. Ақ тай ақ па? / Қара тай ақ па?
  36. Ара-ара аралар, / Орманның бәрін аралар, / Гүлдерден сорып бал алар, / Алысқа ұшып бара алар, / Бал тәтті ғой, балалар.
  37. Ақ тайлағымды бұйдалайын десем, / Бұйдалай алмадым, / Шудалайын десем, / Шудалай алмадым.
  38. Ақшамда жаққаның / Көк шам ба? / Ақ шам ба? / Мейлің қайсысын жақсаң да!
  39. Айыр атанды жүк қартайтар, / Семіз қойды май қартайтар. / Күйгелек менің атамды, / Жас қартайтпас, ой қартайтар.
  40. Ала қарға қарға қонды, / Қара қарға жарға қонды.
  41. Ақ доп, / Соқ, теп.
  42. Алма алма, бал ал. / Жая алма, жал ал.
  43. Ақ шар бар, / Көк шар бар. / Көп шар бар, / Төрт шар бар.
  44. Алты алманы алды Алма, / Алды алманы Алдан да, / Алдан, Алма алды алма / Ал, есебін, алданба.
  45. Ақ байпақтың ұлтаны / Жап-жайпақ па?
  46. Алақай, сатып алып малақай, / Алақайлап алаңда жүр балақай.
  47. Қазақ / Аңғал аңғармай ма, / Аңғарса да аңдамай ма?
  48. Атырапқа сары күз кеп, / Ағаш жапырақтары саудырап, / Аунады топыраққа қаудырап.
  49. Ат жарыс – бақ жарыс, / Сыналар ар-намыс.
  50. Әсел әсем бе, / Әсем әсем бе, / Әсел әсем бе?
  51. Әмір әбігер, неге әбігер? / Әділ әбігер, неге әбігер? / Әмір мен Әділдің әбігеріндей / Әркімнің әбігерлігі бар.
  52. Әнуар – өнер түлегі. / Әдемі етіп тігеді.
  53. Әпендіше Әкімнің, / Әкелді де әлгінде, / Әпкесінің әтірін / Әлек шашып әркімге.
  54. Әсен әсем билеймін деп әлек, / Қасен шешен сөйлеймін деп әлек, / Қашан Қасен шешен сөйлеп еді? / Қашан Әсен әсем билеп еді? / Әсем билегендерін де көргеміз жоқ, / Шешен сөйлегендерін де көргеміз жоқ.
  55. Әріпте бар, / Әдепте жоқ. / Жерде бар, / Селде жоқ.
  56. Әдепкі әдемі әдепке әдеттенген, / Әдепті әділдікке әдеттенген. / Әдетте, әділдік те әдептіден.
  57. Әз әженің әжімі де әжептәуір.
  58. Әзілшіл жездеммен әзілдессең азырақ, / Әзірліксіз-ақ әдемі әзілге әзір-ақ.
  59. Әтеш пен бөрте серкеш шекісті, / Әтешке көзін шұқытқан бөрте серкештің де, / Әкіреңдеген әтештің де беті істі.
  60. Басшы асшыға: «Есік ашшы», – десе, / Асшы басшыға: «Тұздығы да ащы», – депті.
  61. Базардан алып келген ала боқжама, / Мен боқжамаламай кім боқжамалайды, / Мен боқжамаламай кім боқжамалайды.
  62. Беріп тай, лақты, / Алдым тайлақты, / Беріп тайлақты, / Алдым тай, лақты.
  63. Бүлдіргенді Бүлдірген, / Күлдіргенді күлдірген, / Күлдіргенде Бүлдірген / Бүлдіріп ап күлдірген, / Дейді екен енді бүлдірмен.
  64. Батырға қай көлік сай көлік? / Батырға сәйгүлік сай көлік.
  65. Бұлаң, бұлаң еткен бұл аң, / Жүні қылаң екен бұлан.
  66. Бір істі Жорабай жобалай қойды, / Ол іске Жоламан жоламай қойды.
  67. Балалар көп тентек, / Күшіміз теп-тең деп / Күреспе тектен-тек. / Құлайсың көптен-көп, / Аяғың көктен кеп.
  68. Бозала ат бар, қараала ат бар, / Озар ат бар, қалар ат бар.
  69. Боламыз атама таң / Бір қызық адам атам. / Мінеді атам атан, / Мінбе деп атама атан / Айтуға бата ма адам?!
  70. Бұл кісі қой аралар ма, / Қой араламай қой алар ма?
  71. Бұлар баларалары, / Жоқ, бұлар баларалардың балалары.
  72. Бұл қай арал? / Қарғалы арал. / Қамыс басын қайырып, / Қарға ұялар.
  73. Бізде «бес» ала алатындар да бар, / Ән сала алатындар да бар. / Мал баға алатындар да бар. / Нан соға алатындар да бар.
  74. Баланың жаман баға алмағаны, / Мұғалім ағаның жаман бағаламағаны.
  75. Берік, Серік, / Өрік теріп / Жеп еді. / Берік, Серік / Жеген өрік / Көк еді. / Ішті, / Тісті / Ауыртқан сол өрікке / Ренжулі Берік те, / Ренжулі Серік те.
  76. Былдыр, былдыр, бүлдіршін, / Бұл бір білгір бүлдіршін, / Білгірлігін білдірсін.
  77. Бұл сайда / Кәрі ағаш та бар, / Жас ағаш та бар, / Кесіп алсаң / Шоң ағаш та бар, / Ат ағаш та бар.
  78. Бұтап, бұтап, бұтақты, / Бұтақты тұтатты. / Тұтатты бұтақты, / Бұтақты тұтатты.
  79. Бұл қар – / Сұр қар, / Сұр қар / Кір қар, / Үстінде ойнама, үстіңді былғар.
  80. Бір кезде / Бір кезбе, / Тау мен тасты көп кезді. / Бір кезбе, / Бір кезде / Тау текеге кез келді.
  81. – Былтыр / Құлпырды бұл қыр,– / Деді сұр құр. / – Биыл сол қырың – шиыр,– / Деді сиыр. / – Шындық мұның,– / Деді құлын.
  82. Бөдене бедеде, / Көбелек көдеде. / Бедені – беде де, / Көдені – көде де.
  83. Біл, бұл – тіл, / Бұл – бір ірі піл.
  84. Бөрте серке қой бастайды, / Қой бастаған серкелер ойқастайды.
  85. Байғыз – қай құс? / Байғыз – байғұс. / Ұшады жалғыз.
  86. Бақбақ бақта бар, / Бақа да бақта бар.
  87. Бұл құр емес, бұл – шіл, / Бұл шіл – сұр шіл.
  88. Балық көп пе екен, / Халық көп пе екен?! / Халықтың ішінен кім / Балықты сөкті екен?
  89. Бос шатыр, / Бос жатыр.
  90. Біздің ел – күрішті, / Ырысты-күрішті. / Күрішті оруға / Ырысты кірісті.
  91. Гауһар жеңін түрінді, / Газға балық қуырды. / Гүлдерге су себелеп, / Газетке де үңілді.
  92. Гүлжамила – бақташы, / Гүлге толы бақшасы.
  93. Гүл-гүл жайнап жер-аспан, / Гүрілдейді сайда өзен, / Гүлжазира жарасқан, / Гүлдерімен қай кезең?
  94. Ғажап бояу жағады, / Ғали сурет салады.
  95. – Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, / Тайқарбай, / Қойыңды май жусанға жай, / Тайқарбай. / – Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр, / Әй, Тайқарбай, дегенің қай / Тайқарбай?
  96. Дұрыс деп Тұраш айтты, / Бұрыс деп Бораш айтты. / Жалған деп Жарас айтты, / Рас деп Рәш айтты. / Қайсысы жалған айтты, / Қайсысы рас айтты?
  97. Демеуді Медеу демемеп пе? / Медеуді Демеу демеп пе?
  98. Досқа босқа қарама, / Дос та босқа қала ма?
  99. Далада Дана да ойнап жүр, / Далада сана да ойнап жүр.
  100. Досым маған еліктеп / Домбырамен ән салды. / Дән риза болып көп, / Дуылдады, тамсанды.

Ауыз әдебиеті