Отан туралы мақал-мәтелдер
«Отан» тақырыбындағы 393 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- ... Өз аузына ие болмаған: Астындағы биесінен айрылған, Жетегіндегі түйесінен айрылған.
- Адам отанын іздейді, Қой қотанын іздейді.
- Адам шыққан жері Мысыр шаһарындай.
- Адамға ыстық туған топырақ қана, Отанның қадірін білген адам ғана.
- Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар, қақпан құрып алдына құлатуға амалдар.
- Айрылған ел – азар, Қосылған ел – озар.
- Ақбөкенді «жатыр» деме, Көшкен елді «отыр» деме.
- Аққу көлге, ер елге паналайды.
- Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды.
- Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат, Аймалайтын – анаң қымбат, Асқар тауың – әкең қымбат.
- Алыстағыңа сыйын, Жақындағыңа сүйен.
- Арқаға барсаң, жылқышымын деме, Жетісуға барсаң, қойшымын деме, Үшқиянға барсаң, түйешімін деме.
- Арқандалған ат қазығына оралар.
- Арсыздық – ашыққаннан шығады, Аңсыздық – асыққаннан шығады, Пәмсіздік масыққаннан шығады.
- Арша өскен жерінде, Азамат өскен еліңде.
- Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар.
- Ат өледі – ер қалады, Адам өледі – жер қалады.
- Ат тойған жеріне, Ер туған жеріне.
- Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар, Ер үйірін сағынса, Ер-тұрманын тағынар.
- Ата мекен – анаң екен, Қысылғанда панаң екен.
- Атамекен – анаң екен, Қысылғаңда панаң екен.
- Атамекен туған жер – Кір-қоңыңды жуған жер, Кіндігіңді кескен жер, Кісі болып өскен жер.
- Атыңнан айрылсаң да, Ер-тоқымыңнан айрылма. Қатыныңнан айрылсаң да, Қазан-ошағыңнан айрылма. Қазан-ошағыңнан айырылсаң да, Халқыңнан айрылма!
- Әдепті бала өсірсең, Ауылдың абыройы. Ақылды жігіт өсірсең, Атырабыңның абыройы.
- Әдепті елдің қыздары – Қырмызы-қызыл жібектей.
- Әке достығынан Отан достығы күшті.
- Әкең барда ел таны, көріп жүріп, Атың барда жер таны, желіп жүріп.
- Әрекет көп, Берекет жоқ.
- Әркімнің өз жері – жұмақ.
- Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
- Бақ болмайды басқа бақ, Есің барда елің тап.
- Бақа батпағына, балық көліне.
- Бақа көлін сүйеді, Бұлдырық шөлін сүйеді.
- Баласыз болса – ел сарқылады, Бұлақсыз болса – көл сарқылады.
- Балтам барда тақта жоқ, Қалтам барда ақша жоқ.
- Балық іздесең, көлге бар, Береке іздесең, елге бар.
- «Барамын» деп мақтанба, Жарлық бар. «Көппін» деп мақтанба, Жалғыздық бар.
- Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
- Басшысы жоқ ел жетім, Балығы жоқ көл жетім.
- Батылдықты айт, ерлікті айт, Батырлықты айт, бірлікті айт.
- Берекелі елдің Бетін ешкім қақпайды. Берекелі жердің Жыланы да шақпайды.
- Бетеге, жусан – бел көркі, Білімді ұл, қыз – ел көркі.
- Болмас елдің баласы Бірін бірі табалар. Болар елдің баласы Бірін бірі ағалар.
- Болсаң болаттай бол, Болмасаң, бордай тоз.
- Бөтен жердің гүлінен туған жердің тікені артық.
- Бұлақты болса – Көл семіреді. Ынтымақты болса – Ел семіреді.
- Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам отанын сүйеді.
- Бұлт болса, күн жауар, Ашық болса, жылытар. Өскен-туған жерлерін Тентек кісі ұмытар.
- Бір жерде алтын сыйлы, Бір жерде халқың сыйлы.
- Гүлсіз болса – жер мұңды, Күлкісіз болса – ел мұңлы.
- Дарақ бір жерден көгереді.
- Дәулетті ел – сәулетті.
- Дос та елден, жау да елден.
- Дуадақ шөлін мақтайды, Көкала қаз көлін мақтайды. Кемеңгер елін мақтайды, Дихан жерін мақтайды.
- Егілмеген жер – жетім, Елінен айрылған ер – жетім.
- Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.
- Ежелгі досым – орысым, Ертеден бірге қонысың.
- Екі елді жол қосады, Екі адамды қол қосады.
- Екі кісі – бір кісінің тәңірісі.
- Екі тау қосылмайды, Екі ел қосылады.
- Ел ағасыз болмас, Тон жағасыз болмас.
- Ел айрылса – көбіне, Жол айрылса – теңіне.
- Ел аралаған – сыншы болар, Орман аралаған – үйші болар.
- Ел артындағы шаң жұтады, Ел алдындағы май жұтады.
- Ел аузы – дуалы, Көп аузы – куәлі.
- Ел аузына, елек қойып болмас, Халық аузына, қақпақ қойып болмас.
- Ел ауызы дуалы, Көп ауызы куәлі.
- Ел барда ер қор болмас, Ер барда ел қор болмас.
- Ел батылын жасқамайды, Момынын жұртқа тастамайды.
- Ел болам десең, бесігіңді түзе.
- Ел боламын десең – бесігіңді түзе.
- Ел болатын жігіттер, Ел намысын жыртады, Ел болмайтын жігіттер, Елін ұрлап құртады.
- Ел болатын жігіттер, Озып жүлде алады. Ел болмайтын жігіттер, Бірін бірі шалады.
- Ел бұзылса салады шайтан өрнек.
- Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе.
- Ел жаусыз болмас, Жер таусыз болмас.
- Ел иесіз болмайды, Сөз жүйесіз болмайды.
- Ел кәдірін білмесең, Жесірлік берсін сазаңды. Ел кәдірін білмесең, Жалғыздық берсін жазаңды.
- Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі.
- Ел қалаған ұл, қыздар – Ел көгінде жұлдыздар.
- Ел қонысын тапса, Ер ырысын табады.
- Ел қонысынан айырылса, Ел ырысынан айырылады.
- Ел ұлсыз болмас, Жер гүлсіз болмас.
- Ел ұнатқан ұлын жасқамайды.
- Ел іші – алтын бесік.
- Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
- Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.
- Ел-жұртыңның қадірін Іс түскенде білерсің Сары тонның қадірін Қыс түскенде білерсің.
- Ел-жұртыңның қадірін, Іс түскенде білерсің.
- Елге берсең асыңды – Ел кәдірлер басыңды. Итке берсең асыңды, Ит мүжиді басыңды.
- Елге берсең асыңды ел қадірлер басыңды. Итке берсең асыңды ит мүжиді басыңды.
- Елге дұшпан жерге сыймас, Жерге дұшпан елге сыймас.
- Елге ел қайрылса – құт, Елден ел айрылса – жұт.
- Елге елек те керек, Шелек те керек.
- Елге ерсі іс істеме, Елге ерсі іс істеп, Бармағыңды тістеме.
- Елге ерсі іс істеме.
- Елге жақса қылығың – елдің іші тынымың. Елге жақпаса қылығың – үзіледі жұлының.
- Елге жақсы қылығың – Елдің іші тынымың. Елге жақпаса қылығың Үзіледі жұлының.
- Елге келген жұмысқа: жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып.
- Елге, елек те керек, желек те керек.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ