Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қателік, дұрыстық туралы мақал-мәтелдер

«Қателік, дұрыстық» тақырыбындағы 26 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам хатасыз болмас.
  2. Адамның міні – мінсіздігі.
  3. Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң.
  4. Адасқанның алды өзіне жөн.
  5. Адасқанның алдында еш нәрсе жоқ.
  6. Адасқанның артындағысы білер, Жаңылғанның жанындағысы білер.
  7. Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салады.
  8. Ақылсыз атасын танымайды, Ақымақ қатесін танымайды.
  9. Алаңғасар адамнан ақау шықпай қалмайды.
  10. Алғаш өз айыбыңды біл, Кейін басқаға күл.
  11. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
  12. Алып түссе, құп болады, Алмай түссе, мерт болады.
  13. Ананың тілін алмаған азапқа қалады.
  14. Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
  15. Аралас жүр, ішінде бол ізгінің, Сонда ұстайсың кісіліктің тізгінін. Сырттап жүрсең, сол әбестік болады, Нұрлы жүзің өкінішпен солады.
  16. Артық кетсе, түйсік түзер хал-жайды, Ел бүлінсе, білім түзеп талдайды.
  17. Артық қылам деп тыртық қылыпты.
  18. Атаңның айыбын айтудан қашпа.
  19. Ашу арты – ашыну, Өкініш – басты қасыну.
  20. Ашылғанның айыбы жоқ, Өзі біліп жапқан соң.
  21. Ашылғанның шамы жоқ, Өзі қымтап жапқан соң. Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң.
  22. Бұрынғының айтқаны Бұрыс кетпес, сірә да.
  23. Бұрынғының айтқаны бұрыс кетпес.
  24. Бүлдіру оңай, Түзету қиын.
  25. Біліксізге бәрі де жөн көрінеді.
  26. Біреудің мұқтажын өтеу өте дұрыс, Бердім деп міндет етпеу одан да дұрыс.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ