Қазақтың тыйым сөздері
Қазақтың тыйым сөздері — әдеп, үлкенді құрметтеу, тазалық пен ысырапсыздыққа үйрететін халық тәрбиесінің мұрасы. Түсіндірмесімен. Барлығы: 745. 1-бет, барлығы 8 бет.
- Ағын суды бұруға болмайды.
- Адал малдың енін, өтін, көз қарашығын, безін, жатырын жеуге болмайды.
- Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіруіне, тамақ ішуіне болмайды.
- Адамға қарай керілме.
- Адамға қарай тоңқайма.
- Адамға қарай түкірме.
- Адамға қарап қолыңды шошайтпа.
- Адамға қарсы үй сыпырма.
- Адамға пышақ, мылтық оқтанба (кезенбе).
- Адамға, тамаққа қарай түшкірме.
- Адамды даттама, балағаттама, айналып жүрме.
- Адамды санама.
- Айыр, күрек, сыпырғыш, шот, кетпен, сияқты мүліктің басын жоғары қаратып қойма.
- Ақ төгілген жерді баспа.
- Аққуды атпа.
- Ақты төкпе.
- Ақтың жуындысын ағынды суға төкпе.
- Ала жіп аттама.
- Алаң-жұлаң етіп жүрме.
- Ант ішпе, әбес сөйлеме.
- Аңды ысқырмай атпа.
- Ас қайырмай, дастарханнан тұрма.
- Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.
- Ас ішкенде қомағайлықтан сақтан.
- Асқа немесе тойға қымыз құйып әкелген сабаны мүлде сарықпа.
- Асығып тамақ ішпе.
- Асық мүжіме.
- Ат құйрығын кеспе.
- Ата-енеңнің, қайын ағаңнан бұрын жатпа.
- Ата-енеңнің, қайын ағаңның атын атама.
- Ата-енеңнің, қайын ағаңның жатқан жеріне жатпа.
- Ата-енеңнің, қайын ағаңның төсегіне отырма, төсегін басып өтпе.
- Атқа мініп келе жатқан еркектің жолын әйел кесіп өтуіне болмайды.
- Аттандама.
- Ауған елге тиіспе.
- Аузыңа ерік берме.
- Аузыңда нан барда жаман сөз айтпа.
- Аузыңды керме.
- Ауруға күлме.
- Ауылға, үйге қарай шауып келме.
- Ауылдан аттанарда шаба жөнелме.
- Аһлама.
- Ашыққанға қазан астырма, тоңғанға от жақтырма.
- Аяғы ауыр әйелге керілген арқаннан аттауға болмайды.
- Аяғыңды айқастырып жатпа.
- Аяғыңды басыңнан жоғары қойып жатпа.
- Аяғыңды көтерме.
- Аяғыңды тұсама.
- Аяғыңның басына қарап жүрме.
- Аяқ киімді төрге қойма.
- Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап киме.
- Аяқ-қолыңды жіппен байлама.
- Әдепсіз болма.
- Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуіне рұқсат етілмейді.
- Әйелдің бүйірін таянып тұруына болмайды.
- Әйелдің түнде суға баруына болмайды.
- Әкесі тірі қазақтың бас жеуіне болмайды.
- Байғызды ұстап алуға болмайды.
- Байлығыңмен мақтанба.
- Бақ келді деп таспа, жау келді деп саспа.
- Баланы оқтаумен ұруға болмайды.
- Баланы шошытпа.
- Баласы өлген әйел көп жылауға болмайды.
- Бар болсаң, бергеніңді айтпа, ер болсаң, жеңгеніңді айтпа.
- Бас киімді айналдырып киме.
- Бас киімді баспа.
- Бас киімді босағаға ілме, теріс қаратып киме.
- Бас киімді теріс киме.
- Бас киіммен ойнама.
- Басқаны қор санама.
- Басың ауырса, тіліңді тый, көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый.
- Басыңа қара не қызыл байлам тартпа.
- Басыңды босағаға беріп ұйықтама.
- Басыңды салбыратып отырма.
- Басыңды шайқама.
- Бәлеқормен бастас болма.
- Бейуақытта бейғам болма.
- Бейуақытта жылама.
- Бейуақытта кісіден көңіл сұрама.
- Бейуақытта ұйықтама.
- Белді таянба.
- Беліңді босқа бума.
- Бесікті ашық қалдырма.
- Бесікті аяқ асты етпе.
- Бесікті көрінгенге берме.
- Бесікті кір қолмен көтерме.
- Бесікті сатпа.
- Бесікті теппе.
- Беталды жылама.
- Беталды күлме.
- Бет-аузыңды қисаңдатып отырма.
- Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.
- Бетті баспа, қолды тарақтама.
- Беті-қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығарма.
- Бетіңді басып жылама.
- Босағаға сүйенбе.
- Босағаны керме.
- Бөтен жерге баса көктеп кірме.
- Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.
- Бөтен үйге сәлем беріп кірме.