Отбасы туралы мақал-мәтелдер
«Отбасы» тақырыбындағы 573 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Аға өлсе, жеңге мұра, Ат өлсе, сауыры мұра.
- Ағайын-туыс кімде жоқ, Сыйласпаса жат жуық.
- Ағайынға қадірім жоқ, бетімді көреді. Әйеліме қадірім жоқ, етімді көреді.
- Ағаның үйі – ақ мешіт.
- Ағасы өлсе – оң қанатының қайырылғаны, Інісі өлсе – сол қанатының қайырылғаны.
- Адалбақан ашасыз болмайды.
- Адамсыған жігітті үйінде көр, Атсынған айғырды үйірінде көр.
- Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйін тапқан соң. Ашылғанның айыбы жоқ, Өзі біліп жапқан соң.
- Азалы алты қатын, Әрқайсысы өз байын жоқтайды.
- Азынаған айғырды үйірде көр, Адамсыған жігітті үйінде көр.
- Азынаған айғырдың үйірін көр, «А» деген жігіттің үйін көр.
- Азынаған айғырдың үйірін көр, Менменсіген жігіттің үйін көр.
- Ай көрмесе, ағайын жат, Жыл көрмесе, жекжат жат.
- Айға шапқан арыстан, ашуына болайын, жауға шапқан батырдың, тасуына болайын, үйде қалған қорқақтың, сасуына болайын.
- Аймақ құты – ақсақал, Ауыл құты – бәйбіше.
- Ақылды үйленгенше, Ақымақ ұл сүйеді.
- Ақылды үйленгенше, Ақымақтың баласы ержетеді.
- Алғаның жақсы болса, Ат үстінен дүбір ет. Алғаның жаман болса, Үйге кіріп сыбыр ет.
- Алқызыл гүл – жердің сәулеті, Асыл жар – ердің дәулеті.
- Алты қатын асқа барса, Әрқайсысы өз мұңын айтар.
- Алты қойы артық болса, Інісі ағасына сәлем бермес.
- Алшаңдаған жігітті үйінде көр.
- Алып – анадан, Ат – биеден.
- Алыстағы досыңа Ат берсең де жарасар, Үйіне мініп барсын деп. Жақындағы досыңа Хат берсең де жарасар Ұмытса есіне салсын деп.
- Ана көркі – Алдындағы баласы. Қала көркі – Үйі, орман, ағашы.
- Анаңның емген сүті үшін, нағашыңды сыйла. Балаңның емген сүті үшін, әйеліңді сыйла.
- Аң жаманы інінде, Ер жаманы үйінде болады.
- Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
- Арақ намыс пен арыңды құртар, Үйіңдегі барыңды құртар.
- Арамдық кірген үйден тыныштық қашады.
- Арғымақтың құйрығы, Әрі жібек, әрі қыл. Ер азамат белгісі, Түзде мырза, үйде құл.
- Арқыраған айғырды үйірде көр, Аңқылдаған жігітті үйінде көр.
- Арқыраған айғырды үйірінде көр, Адамсыған жігітті өз үйінде көр.
- Арқыраған айғырдың үйірін көр, Менменсінген жігіттің үйін көр.
- Арық деген жаман тай, Жазға шығып ат болар. Жамандығың сезілсе, Жақын кісі жат болар.
- Ас та төк.
- Асқабақ жеген үйге сүйкеніп өт.
- Асты қуыс ішер, не туыс ішер.
- Асы жоқ үйге ит те кірмейді.
- Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
- Ат басына күн туса, Көгендегі қой болар. Ер басына күн туса, Бота төбе үй болар.
- Ата үйі – алтын бесік, Кірсем-шықсам сипалар.
- Ата-анадан жар жақын.
- Ата-анаң отырған үйдің төбесіне шықпа.
- Атадан бата алмай үй болмас, Ордадан үлгі алмай би болмас.
- Атадан жақсы туған ұл Атаның есіктегі басын төрге апарар. Атадан жаман туған ұл Атаның төрдегі басын есікке апарар.
- Атадан жақсы ұл туса, Есіктегі басын төрге апарар. Атадан жаман ұл туса, Төрдегі басын есікке апарар.
- Атадан жақсы ұл туса, Есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса, Төрдегі басын жерге сүйрер.
- Атадан жақсы ұл туса, Төрдегі басы есікке бармайды. Жаман ұл туса, Басы есіктен қалмайды.
- Атаның жаман ұлы малға ортақ, Әрі үйлі жанға ортақ.
- Атасыз үй – батасыз, Анасыз үй – панасыз.
- Атсыз үй болса да, Ассыз үй болмайды.
- Аты, тоны бар кісі Жиын, тойға барысар; Ұлы, қызы бар кісі, Құдалыққа барысар.
- Атын ұрлатқан сарайын бекітер.
- Атың жақсы болса, Бұл дүниенің пырағы, Қатының жақсы болса, Бұл дүниенің шырағы.
- Атың жақсы болса, жолдың пырағы, Балаң жақсы болса, көңіліңнің шырағы. Атың жаман болса, арманың кетеді, Балаң жаман болса, дарманың кетеді. Қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді, Үйге мейман келгенде бұға-бұға кетерсің.
- Атың жаман болса, бойыңнан дәрменің кетер, Перзентің жаман болса, кеуіліңде арманың кетер, Әйелің жаман болса, үйіңнен мейманың кетер.
- Атың жаман болса, сатып құтыларсың, Әйелің жаман болса, қайтып құтыларсың.
- Атың жебір болса – Құдайдың бергені, Әйелің жебір болса – Құдайдың ұрғаны.
- Аузы асқа тиіп, Ауы атқа тиіп, Есіктегі басы төрге жетті.
- Ауру кірген үйге әлек кіргені.
- Ауыз ашса, сыр көрінеді, Есік ашса, төр көрінеді.
- Ауыл үйдің қонағы Анда-санда бір келеді, Онда да бабы табылмайды.
- Ауылыңа қалың берсең, төменнен бер, Қызыңа қалың берсең, жоғарыдан бер.
- Ауылыңдағыны атадан сұра, Үйдегіні баладан сұра.
- Аш үйде айран ұйымас.
- Аштық еңбеккердің терезесіне үңілгенмен, Үйіне бас сұға алмайды.
- Әділсіз болса, би оңбас, Әйелсіз болса, үй оңбас.
- Әйел – үйдің көркі, Еркек – түздің көркі.
- Әйел – үйдің қазығы.
- Әйел ашуланса жеңіледі, Еркелесе жеңеді.
- Әйел ашуланса күші екі көзіне жетеді.
- Әйел билеген еркек – қақпаға байлаған қоңырау, Қақпа ашылса, қаңғырлайды, Қақпа жабылса, міңгірлейді.
- Әйел боянса – бұзылады, көп қиқандаса – ұрылады.
- Әйел десем әжеме тиеді.
- Әйел ерге, ер жерге қарайды.
- Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы. Еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.
- Әйел жолда, бала белде.
- Әйел жомарттық қылғанда еркек нәмарттық қылғаны өлім.
- Әйел жомарттық қылғанда, Еркектің сараңдық қылғаны – өлім.
- Әйел құны бес байтал.
- Әйел тұрмай еркек оянбайды.
- Әйел үй сақтайды, Еркек түз сақтайды.
- Әйелге батыр қолға жоқ, Үйде батыр жауға жоқ.
- Әйелді гүлмен жасқауға да болмайды.
- Әйелдің асылы түсінен білінеді.
- Әйелдің әдептілігі қонақ күтуінде.
- Әйелдің бір өнері ас пісіру.
- Әйелдің дауысы қатты шыққан үйдің босағасынан жақсылық күтпе.
- Әйелдің күші жоқ, айласы көп.
- Әйелдің қаруы – ожау.
- Әйелдің қары, Еркектің қоры күлегеш.
- Әйелдің пірі – еркек.
- Әйелсіз үй сусыз диірмен.
- Әйелі жасара берсе, еркегі есіре береді.
- Әйелі жоқ үй – жетім.
- Әйелі көп үйдің инесінің көзінен жіп өтпейді, Белсендісі көп колхоздың жұмысы бітпейді.
- Әйелі өлген Қызды ауылға қарап жылайды.
- Әйелінен сескенген ауылдасына шай іш демейді.
- Әйелің жақсы болса, Сыртта тұрып дыбыс ет. Әйелің жаман болса, Үйге кіріп оңбас ет.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ