Шайтан, жын туралы мақал-мәтелдер
«Шайтан, жын» тақырыбындағы 61 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адам өз қалпынан асқан күні – Пәлекеттің басқан күні.
- Адамзаттың тілін әбілет қана ұқпас.
- Адым жерде олжа бар, Адам бар жерде пәле бар.
- Азған жанға жын жолдас.
- Азғын заман кезіксе, Ер басынан күн кетер. Шайтан патша билесе, Қауымы елді жын етер.
- Азғыруға адамның шайтаны жаман.
- Айтқан жерде пәле жоқ.
- Айыбы бар адам жыннан қалмайды.
- Ақсақ ақыл, Таз бақыл, Ала бәле соқырдан сақтан.
- Ақтан жабысқан пәледен сақтан, Аяқ астынан шыққан жаладан сақтан.
- Алла сайтаны көрінбей жазғырады, Адам сайтаны көрініп азғырады.
- Алланың сайтанынан адам сайтаны жаман.
- Арғымақты байтал бастайды, Аруақты шайтан бастайды.
- Аруақтың арты жын болар.
- Арық болайын деген айуанды Шайтан қуып оттатпайды.
- Арық болар тоқтыны Шайтан қуып оттатпайды.
- Асты шашқанды – Әбілет басады.
- Асығып басқан адам шайтан ойнағын басады, Аңдып басқан адам Қызырдың ізін басады.
- Асыққан шайтанның ісі.
- Асыққан іс – шайтанның ісі.
- Атқа келген пәледен, Айыл-тұрман садақа. Басқа келген пәледен, Бастан құлақ садақа.
- Ауру емес, жын емес, Мінезді қайтып жазамыз.
- Аш ит ет тапса, асай береді: Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.
- Аш пәледен қаш пәле.
- Әділ патша гүлстанға ұқсайды, залым патша зымыстанға ұқсайды.
- Әйелің дұшпандық қылса, Қара пәле басқаны. Балаң тілді алмаса, Қадіріңнің қашқаны.
- Әйелің жақсы болса, бағыңның асқаны, Жаман болса, қараның басқаны.
- Әулие ат үстінде, Машайық мал ішінде.
- Бақа деген бәледен бастан құлақ садаға.
- Балаға жақын жүрме, Бәлесі жұғады.
- Балаға жуыссаң, пәлесі жұғады, Қатынға жуыссаң, қарасы жұғады.
- Балаға сенген пәлеге қалады, Жаманға сенген далада қалады.
- Баланың баласы бар әкеден асқан, Баланың пәлесі бар албасты басқан.
- Баланың сотқары – бәленің шоқпары.
- Бар бәле әйелден (әйел туралы даудан).
- Бар бәлені туғызатын – шарап.
- Басқа бәле қайдан? Тілден.
- Басқа келген пәледен Бастан құлақ садаға.
- Басты балта бұзар, Істі сайтан бұзар.
- Басты бұзған – балта, Түсті бұзған – шайтан.
- Басыңа бәле келсе, Баққа сиынба, Хаққа сиын.
- Басыңа пәле келсе, Таққа сиынба, Хаққа сиын.
- Басыңды кессе, машайығыңды сал.
- Бәле келсе, «кетер» деп төзімді бол.
- Бәле іздеп келме, ізгілік іздеп кел.
- Бәледен машайық қашар.
- Бәлеқор жаныңда болса, Бәледен бас алмассың.
- Бәлелі көтке бармағыңды тықпа, Бармағың, я тырнағың ішінде қалады.
- Бәлені бастайтын – шарап, Батпаққа тастайтын – арақ.
- Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.
- Берген аста береке бар, береке – Құдай аты, Бермеген аста біте бар, Біте – шайтанның аты.
- Бие берсең, байтал делінер, Ешкі берсең, сайтан делінер.
- Болма босаң, сақта сақтық іргесін, Төтен бәле иектеп ап жүрмесін.
- Бықсыған отта шала бар, Тымырсықта пәле бар.
- Білмеген мың пәлеге тұтылар, Білген мың пәледен құтылар.
- Білім ал, ол өмірдің жолын ашар, Кісіден білім білген бәле қашар.
- Білімдінің білім – киім, асы да, Білімсіздің ісі – бәле басына.
- Бір анадан бала да туады, пәле де туады.
- Бір ел өңкей жақсы болмас, Жыны жоқ адам бақсы болмас.
- Бір мөкей бір мөкейге «мө» депті.
- Гүл иманды қашырады, Иман шайтанды қашырады.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ