Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ұрлық-барымта туралы мақал-мәтелдер

«Ұрлық-барымта» тақырыбындағы 50 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абиырлы жігіттің Алғашқы ұрлығы ашылсын.
  2. Адал тірлік етпесең, Ұрлық етіп ас жейсің. Ұрлық етіп ас жесең, Бара-бара тас жейсің.
  3. Адал тірлік етпесең, ұрлық етіп ас жерсің.
  4. Адам тілінен жазады, Ұры ізінен жазады.
  5. Адамның жуасын Аяққа басады. Аттың жуасын Ұры мініп қашады.
  6. Адасқанды сөкпеңіз, Қайтып үйірін тапқан соң. Ұрлағанды кешіңіз, Тоғыз алып жапқан соң.
  7. Азығы жоқ ит – бөрі болар. Азығы жоқ жігіт – ұры болар.
  8. Айтар сөзін білмесе, Адамдықтан не пайда? Артқан жүгін тартпаса, Атандықтан не пайда? Ұрлық қылып, мал берсе, Адалдықтан не пайда?
  9. Айтып істеген ұрлықтың айыбы жоқ.
  10. Ақылы жоқ сұлудан, Өңі жаман текті артық. Ұрлап алған түйеден, Еңбекпен тапқан ешкі артық.
  11. Ақылыңды ұрлатпасаң, ғалым боласың.
  12. Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, Ырысы қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді.
  13. Алған бір жазықты, Көреген екі жазықты.
  14. Алған бір жазықты. Алдырған екі жазықты.
  15. Алдырар күні жаздырар.
  16. Алланың берейін деген құлына Онан-мұнан құралар. Бермейін деген құлының Жалғыз атын ұры алар.
  17. Алушыны аңдушы жеңеді.
  18. Аңғырт бөрі қой үркітеді, Абайсыз ұры қолға түседі.
  19. Арам жесең, тойғанша же, Ұрлық қылсаң, өлгенше қыл.
  20. Атақсыз ұры бие байлап, Атақты ұры аштан өліпті.
  21. Атақты ұры аштан өледі, Атақсыз ұры қабын толтырады.
  22. Атақты ұры аштан өледі.
  23. Ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап, түнде тақпа.
  24. Аштықтан сұқтық жаман.
  25. Ашыққан ұры, ашынған долы келеді.
  26. Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.
  27. Әзірейіл барда, Жаным бар деме. Барымта барда Малым бар деме.
  28. Әңгіме жолдан қалдырар, Жолсыздық ұрыға алдырар.
  29. Байды Құдай қарғайын десе, Жортуыл бастар. Биені қарғайын десе, Құлын тастар.
  30. Байды Құдай ұрайын десе, жортуыл бастайды.
  31. Байды Құдай ұрарында барымтаны бастайды, Кедейді Құдай ұрарында пісіп тұрған егінін ормай тастайды, Биені Құдай ұрарында құлын тастайды.
  32. Бақыл тоймас, Ұры байымас.
  33. Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
  34. Барымта алған мал болмас, Қуып алған күң болмас.
  35. Барымта Барымтаға қарымта.
  36. Барымта қайтыс болмай, Дау айтыс болмас.
  37. Барымтаға қарымта.
  38. Барымтадан қорыққан мал жимас, Судан қорыққан дән жимас.
  39. Барымтадан қорыққан мал жимас.
  40. Барымталап алған мал емес, Қуып алған құн емес.
  41. Берейін деген құлына, Онан-мұнан құралар. Бермейін деген құлының Жалғыз атын ұры алар.
  42. Бес бәлекке бес қарақшы, Сегіз ешкіге сексен теке.
  43. Бұзау ұрлаған өгізді ұрлар.
  44. Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.
  45. Бұйдалы түйені ұрлау үшін, Әуелі сабақты жіп ұрлап көр.
  46. Білген ұрыны пақыр дейді, Білмеген ұрыны батыр дейді.
  47. Білмегендер ұрыны батыр дейді, Білгендер ұрыны пақыр дейді.
  48. Білсе – барымта, Білмесе – сырымта.
  49. Білсең – барымтам, Білмесең – қарымтам.
  50. Білім – байлық таусылмайтын, бітпейтін, Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ