Байлық туралы мақал-мәтелдер
«Байлық» тақырыбындағы 235 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағайының бай болса – шайнағаның май болар.
- Адам мен адам Тоқшылықта бір кездеседі, Жоқшылықта бір кездеседі.
- Адамды мүлік бұзады.
- Адамды тарлық Шынықтырады. Адамгершілікті барлық Ұмыттырады.
- Адамның байыған сайын жетпегені молаймақ, Керегі таусылмас.
- Ай бетінде де дақ бар.
- Аймен келер тоқтықтан, Айман кетер жоқтықтан.
- Ақшаға арыстан сүті де табылар.
- Ақшаны жерден тапсаң да, санап ал.
- Ақы – арсыз, бай – қырсыз.
- Ақыл ауыс, ырыс жұғыс.
- Ақыл ауысады, Ырыс жұғысады.
- Ақыл байлық – аз байлық, Темір байлық – тозбас байлық, Кен байлық – кең байлық.
- Ақыл байлық – азбас байлық.
- Ақыл байлық – тозбас байлық.
- Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке.
- Ақыл-қайла болмайды тек жарлыда.
- Ақылдан артық байлық жоқ.
- Ақырғы бай түбі аштан өледі.
- Ақырын жүрсең, бай тергейді, Ағызып жүрсең, ат терлейді.
- Алтын тыққан адам аштан өлер.
- Арам, арам түбі – реніш, Адал, адал түбі – кеніш.
- Араммен тапқан тілләдан, Адалдан тапқан тиын артық.
- Артық байлық аздырар, артық күлкі тоздырар.
- Артық дәулет басқа бейнет.
- Аспаннан кигіз жауғанда, Сорлыға ұлтарақ та тимепті.
- Асып-тасқан байлықты Құдай да қостамайды.
- Ата байлығыңды айтпа, Қазіргі байлығыңды айт.
- Аты бардың тынысы бар, Асы бардың ырысы бар.
- Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.
- Ауызы қисық болса да Байдың ұлы сөйлесін.
- Ауыр жолды нар жеңеді, Ауыр істі бар жеңеді.
- «Ахахумен» жиған мал «охохумен» кетеді.
- Ашаршылықта Ашқарақ алдымен өледі.
- Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі.
- Әкімің әділ болмаса Жұрт бұзылады; Саудаң әділ болмаса Нарық бұзылады.
- Әркім өз несібесін теріп жейді.
- Әулияға барайын демес, Әулияның әулиялығы тартар. Байға барайын демес, Байдың байлығы тартар.
- Базар – бай, алушы – кедей.
- Базар – бай, Базаршы – кедей.
- Базар бар да малың сат, Базар білмес, бақ білер.
- Базарға әркім барар, Өзінің керегін алар.
- Базарда бәрі бар, Ақшаң болса, әрі бар.
- Базарда мың кісі бар, Әркім сүйгеніне сәлем берер.
- Бай – балпаң келер, Жарлы – жалаң келер.
- Бай – балпаң, кедей – жалпаң.
- Бай аз, кедей көп.
- Бай атқа мінсе құтты болсын дейді, Кедей атқа мінсе қайдан алдың дейді.
- Бай байға жетем дейді, Бай Құдайға жетем дейді.
- Бай барын бермес, Жоқ қарап тұрмас.
- Бай бастас, Бақыр мұңдас.
- Бай болған кісі бақырып бола ма.
- Бай болмақ, жарлы болмақ жалғыз Хақтан.
- Бай болсаң, балпаң бол, Жарлы болсаң, қалтаң бол.
- Бай болсаң, жарлылығыңды айтпа. Жарлы болсаң, байлығыңды айтпа.
- Бай болып көргеніміз жоқ, Кедей болып өлгеніміз жоқ.
- Бай кісі балпаң келер, Жарлы кісі жалтаң келер.
- Бай кісі балпаң, Жарлы кісі жалтаң.
- Бай қараса, бақ қарайды.
- Бай қасына барып қон, Байымасаң, маған кел. Жоқ қасына барып қон, Жоғалмасаң, маған кел.
- Бай мақтанса табылар, Кедей мақтанса шабылар.
- Бай тойғаннан секіреді, Кедей аштықтан секіреді.
- Бай тойғанынан кекіреді, Кедей аштықтан секіреді.
- Бай тойып секіреді, Кедей тоңып секіреді.
- Бай тоқтығынан кекіреді, Кедей аштығынан секіреді.
- Байға жағынамын деп жарлының тоқтылы қойы шығыпты.
- Байға жалынамын деп, Жарлының тоқтылы қой зықысы шығыпты.
- Байдан жұғар, балдан тамар.
- Байдан күткенше, Құдайдан күт.
- Байдан пайда артылмас, Қудан айла артылмас.
- Байдан табылар, Балдан тамар.
- Байдың асын байғұс қызғанады.
- Байдың байлығы, кедейдің шайлығы.
- Байдың бұзауы да қобыз ойнайды.
- Байдың жанына барсаң, Байымасаң, маған кел. Қудың жанына барсаң, Құрымасаң, маған кел.
- Байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырар, Кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырар.
- Байдың қорасынан Жарлының жалғызы жоғалыпты.
- Байларда ақымақ көп болар, Байлығымен білінбес.
- Байларменен алысып болмас, Терекпенен күресіп болмас.
- Байлық – ұрылықтың жемісі.
- Байлық мұрат емес, Жарлылық ұят емес.
- Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес.
- Байлық мұрат емес, Кедейлік ұят емес.
- Байлық не дегізбес, Жоқтық не жегізбес.
- Байлыққа берілмеген адам – Кедейлікке тебіренбейді.
- Байменен алысып болмас, Терекпенен күресіп болмас.
- Байменен бастас қыл, Еншісіменен қоңсылас қыл.
- «Баймын» деп мақтанба, жарлылық бар, «Көппін» деп мақтанба, жалғыздық бар.
- Бар аз білгеннен де өтер, Білмегеннен де өтер.
- Бар байлықты жинауға тырысқан адам бақытсыз.
- Бар болсаң – аспа, Жоқ болсаң – саспа.
- Бар қасына барғанда Байымасаң, маған кел.
- Бар мақтанса, табылар, Жарлы мақтанса, шабылар.
- Бардан ауысады, Балдан жұғысады.
- Бардан жұғады, Балдан тамады.
- Бардан тиер, Балдан тамар.
- Барды балама, Жоқты санама.
- Бардың ісі пәрменмен өтер, Жоқтың ісі арманмен өтер.
- Барлардікі жорға-жорға, Жоқтардікі зорға-зорға.
- Барлық әр не дегізер, Жоқтық арам жегізер.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ