Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Батырлық туралы мақал-мәтелдер

«Батырлық» тақырыбындағы 294 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адалдық – ерлік нышаны.
  2. Аз асқа жасауыл болма, Көп асқа бөгеуіл болма.
  3. Айлалы батыр алдырмас.
  4. Айласыз батыр алдырар.
  5. Ақылдан асар амал жоқ, Батылдар алмас қамал жоқ.
  6. Аламаннан қашқан құтылмас.
  7. Алдында жатыр ақмарал, атып ал да олжалан.
  8. Алыстан ердің дәрпі бар, Қасына келсе баладай, Алыстан таудың дәрпі бар, Қасына келсең обадай.
  9. Алыстан ердің дәрібі бар, Қасына келсең, баладай. Алыстан таудың дәрібі бар, Қасына келсең, обадай.
  10. Аңшыдан сыралқы, Батырдан олжа.
  11. Арғымақ аттың белгісі – Аз ғана оттап, көп жусар. Асыл ердің белгісі – Аз сөйлеп, көп тыңдар.
  12. Арғымақ деп айтпайды, Атты басып озбаса. Ер екен деп айтпайды, Ерегіскенді жеңбесе.
  13. Арғымақ жалсыз, Ер қалсыз.
  14. Арғымаққа оқ тисе, Жабыдай боп туламас. Қас батырға оқ тисе, Жамандай боп шуламас.
  15. Арсыз адам қорқақ келеді, барлауға шорқақ келеді.
  16. Арыстан айға шауып мерт болғанмен артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақсұңқар ауға шырмалғанмен ұясынан ұшқан балапан сұңқарлық етпей қоймас.
  17. Ас тасыса, қатығы төгілер, Ер тасыса, ақылы төгілер.
  18. Асты көрсең, қадір тұт, Ерді көрсең, қыдыр тұт.
  19. Асты қорлама, құстырар, Ерді қорлама, тыштырар.
  20. Асты қорласаң, құстырар, Ерді қорласаң, састырар.
  21. Асыққан ісін бітірмес, Ақылды ер атын жетермес.
  22. Ат – биеден, алып – анадан.
  23. Ат – ердің қанаты.
  24. Ат – құлыннан, батыр – баладан.
  25. Ат аунаған жерде түк қалар, Ер аунаған жерде құт қалар.
  26. Ат баспаймын деген жерін, үш басар, Ер татпаймын деген тұзын үш татар.
  27. Ат ерінді келер, Ер мұрынды келер.
  28. Ат күйгелек болса – арық, Ер күйгелек болса – кәріп.
  29. Атаңды ер деп танысаң, Ерліктің жолын қу.
  30. Атты – батыр, Атсыз – жатыр.
  31. Атың арып, тулақ болсын, Ерің арып, аруақ болсын.
  32. Ашу – ердің айбары.
  33. «Әйт, шу» деген атанға демеу, «Әуп» деген ерге демеу.
  34. Баймен күреспе, Батырмен тіреспе.
  35. Байы өлген қатынның беті жара, Бағы тайған батырдың еті жара.
  36. Байыпсыз батыр тез өлер.
  37. Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көріңіз. Батырсынған жігітті жау келгенде көріңіз.
  38. Баланың сегізінде тісі түседі, Сексенінде ердің ерге ісі түседі.
  39. Балпаң, балпаң кім баспас, басарға балтыр шыдамас.
  40. Балуанға оң-терісі бірдей.
  41. Бар болсаң, бергеніңді айтпа, Ер болсаң, жеңгеніңді айтпа.
  42. Барар жерің – Балқан тау, Ол да біздің барған тау.
  43. «Басым бұлтқа тиер» деп бұққан – батыр. «Кесірім жүртқа тиер» деп ыққан – батыр.
  44. «Басым бұлтқа тиер» деп, Бұққан – батыр. «Кесірім жұртқа тиер» деп, Ыққан – батыр.
  45. Батыл аңғал, ер көдек.
  46. Батыл болмай батыр болмас.
  47. Батыл болмай, батыр болмайсың.
  48. Батылдық – батырлықтың сауыты.
  49. Батыр – елдің ажары, Бал құрақ – көлдің ажары.
  50. Батыр аңғырт, бай саңғырт.
  51. Батыр бастас, бай қоныстас.
  52. Батыр бастас, Бай тұстас.
  53. Батыр болатын бала ерге үйір, Қызтеке бала зерге үйір.
  54. Батыр болатын бала, Титтейінен белгілі.
  55. Батыр болсаң – жауды қайтар, Шаруа болсаң – малды қайтар. Шешен болсаң – дауды қайтар.
  56. Батыр деме батырды шеп құрған дауға батпаса. Төре деме төрені ел тілегін таппаса. — Дулат
  57. Батыр елінде, Балық көлінде.
  58. Батыр жарасыз болмас.
  59. Батыр қол бастар, Көсем жол бастар, Шешен сөз бастар.
  60. Батыр ортақ, бала ортақ, Бодаудан қайтқан мал ортақ.
  61. Батыр ортақ, ер ортақ, күн ортақ, ай ортақ.
  62. Батыр сөйлей қалса: Жауға салған ойнағын айтар. Сәудегер сөйлей қалса: Ала шапан, байрағын айтар. Шаштараз сөйлей қалса: Ұстарасын жаныған қайрағын айтар. Ақымақ сөйлей қалса: Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар.
  63. Батыр түбі бақсы болар.
  64. Батырға да жан керек, Пақырға да жан керек.
  65. Батырға да жан керек.
  66. Батырдан барымташы туар даңғой. — Абай
  67. Батырды жауда, Шешенді дауда сына.
  68. Батырдың барғанынан қайтқаны тез.
  69. Батырдың басы да екеу болмайды.
  70. Батырдың да басы екеу емес.
  71. Батырдың көзі өмірге түседі, Қорқақтың көзі өлімге түседі.
  72. Батырдың өмірі қысқа.
  73. Батырлық майданда, Ақылдылық ашу үстінде сыналар.
  74. Батырлықтың белгісі жауға шапқан ұрандап. Балуандықтың белгісі алқаға түсіп сыбанбақ.
  75. «Батырмын» деп кім айтпас, барарға жүрек шыдамас. — Ақтамберді
  76. Батырсыған жігітті Жау келгенде көрерміз. Мен-менсіген жігітті Дау келгенде көрерміз.
  77. Баулыған батыр болады.
  78. Белдескеннің белін үз. Тайласқанның тайын үз.
  79. Боларында болып өт, Боз жорға аттай желіп өт. Болмасыңды білген соң, Болған ердің қосын жек.
  80. Боларыңда болып өт, Боз жорғадай желіп өт. Боларыңды білмесең, Болған ердің қосын жек.
  81. Бөрі азығы жолында, Ер азығы қолында.
  82. Бөрі аулайтын жігіт Бөрігінен белгілі. Жау алатын жігіт Серігінен белгілі.
  83. Бұқа болар бұзау, Биттейінен белгілі.
  84. Бірлік білекте емес, жүректе.
  85. Бірлік қайда болса, Ерлік сонда. Еркіндік қайда болса, Елдік сонда.
  86. Бітісі жаман қамысты Су ішінен өрт шалар. Жүрісі жаман жігітті Ел ішінен жау алар.
  87. Гүрілдеп келген жаудан Күлімдеп келген жау жаман.
  88. Даудың жолына түспе, Жаудың қолына түспе.
  89. Достан сырыңды жасырма, Дұшпанды басыңнан асырма.
  90. Досыңа жібек көрпе төсеме, Жаныңды төсе. Қасыңа жібек көрпе төсе де Қамшысымен отыңды көсе.
  91. Дұспанның шырын алам десең, Суыртпақтап сырын ал.
  92. Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәтті бол.
  93. Екі батыр мақтанса: Батырлығы мен барлығын айтар. Екі жаман мақтанса: Ұрлығы мен қарлығын айтар.
  94. Ел – ырыстың орманы, Ер – ырыстың қорғаны.
  95. Ел басына күн туса, Ерлер атқа ер салар.
  96. Ел даусыз болмайды, Ер жаусыз болмайды.
  97. Ел жүрген жер – береке, Ер жүрген жер – мереке.
  98. Ел қонысынан айрылса, Ер ырысынан айрылады.
  99. Ел шарасыз болмас, Ер жарасыз болмас.
  100. Ел-елдің түбі бір, Ер-ердің тілегі бір.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ