Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ар-ұят туралы мақал-мәтелдер

«Ар-ұят» тақырыбындағы 44 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адалдық – ардың ісі.
  2. Адам баста ары таза жаралған.
  3. Адам болатын жігіт – Әуелі өз намысын билейді. Сонан соң ауылын билейді, Сонан соң аймағын билейді.
  4. Ақыл-санаң барында, кір жуытпа арыңа.
  5. Ақылдан аспа, ұятты баспа.
  6. Ақымақта ар болмас.
  7. Ақыннан тақпақ қалады, Арсыздан шатпақ қалады.
  8. Алған мұрат емес, Қалған ұят емес.
  9. Алдамшыда ар болмас.
  10. Алдыраған анасының қойнын ашыпты.
  11. Алла деген ар болмас, алла деген пенделер, еш нәрсеге зар болмас.
  12. Алысқа шабар жүйрік бол, Намысқа шабар жігіт бол.
  13. Аманатқа қиянат – зор ұят.
  14. Ар қайда болса, Ұят сонда.
  15. Ар-ұжданы жоқ кісіге өкпелеме.
  16. Ар, намысы бар жігіттің Жолдасы бар жолында. Ар, намысы жоқ жігіттің Ұяты бар қолында.
  17. Арғымақ аттың жалын қорға, Асыл заттың арын қорға.
  18. Арлы таз бұйығып жүреді, Арсыз таз құнығып жүреді.
  19. Арсыз – адамның қоры.
  20. Арсызда бет болмайды, Еріншекте ниет болмайды.
  21. Аруана нардан туады, Қас масқара қарадан туады.
  22. Ары жоқ жігіттен намысы бар қыз артық.
  23. Аты жүйрік алдын байқайды, Ақылы жүйрік арын байқайды.
  24. Аузына ие болғанның қолында ұяты бар.
  25. Әбиір сақта, әбиірсіз болма.
  26. Байлық мұрат, Кедейлік ұят емес.
  27. Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта. — Жүсіп Баласағұн
  28. Бөріктінің намысы бір.
  29. Бұл жалғанды бұзатын – арсыз адам. — Жүсіп Баласағұн
  30. Білмегенді сұраудың ұяты жоқ.
  31. Ер жігітке өлімнен ұят күшті.
  32. Ер мойынында қыл арқан шірімес.
  33. Көп сөзден ұял – тек отыр. — Ш. Сүлеймен
  34. Маңайлама ар-ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. — Жүсіп Баласағұн
  35. Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. — Әлішер Науаи
  36. Өлімнен ұят күшті. — Орхон жазу ескерткіші
  37. Өсекші жоқта, өкпелесу де жоқ.
  38. Өтірік айтқанша үндемеген абзал.
  39. Пәле-жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық – ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер – Екі жалған бақытына бөленер. — Жүсіп Баласағұн
  40. Сыған сопы болғанша, Өтер екен жыл қанша?
  41. Тәнім – жанымның садағасы, Жаным – арымның садағасы.
  42. Ұят – жаман ойдың жүгені. — Жүсіп Баласағұн
  43. Ұятсыз адам иттен де жаман. — Сайф Сарайи
  44. Ұяты бармен – ұрыс, Ұятсызбен – ұстаспа. — Махмұд Қашқари

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ