Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сақтық туралы мақал-мәтелдер

«Сақтық» тақырыбындағы 399 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абайлап ұшпаған құс қанатын қайырады.
  2. Абайлап ұшпаған құс қанатынан айрылар.
  3. Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.
  4. Адал дос жаныңды сақтайды, Аяр дос малыңды жақтайды.
  5. Адамды білім сақтайды.
  6. Адамшылықтың жоғарғы сатысы – арын сақтау.
  7. Адасқанға жұлдыз Айдай, Қарны ашқанға көже майдай.
  8. Ажалдан қорықпа, аңнан қорық.
  9. Ажалды киік адырға қашар.
  10. Азаптан қашсаң, дозаққа ұшырарсың.
  11. Азу тісі қаладай: жабуы жамшыдай, құйрығы қамшыдай, бура сойған не сұмдық!
  12. Ай жүр, аман жүр.
  13. Айдап сал жаққан от жанса, Сақтықтың суын сеп.
  14. Айқайға «аттан» қоспа.
  15. Айтқан жерде бәле жоқ, Ақ жүргенге жала жоқ. Қауіп қайдан болса Қатер сонан.
  16. Айтқан сөзің – атқан оқ, Нысанаңды абайла.
  17. Ақбөкен көп жортпа, Алдыңда қазулы ор бар.
  18. Ақпан-дақпан алты күн, Аяғымен жеті күн.
  19. Ақсақтың ақырын бақ.
  20. Ақтан жабысқан пәледен сақтан, аяқ астынан жапқан жаладан сақтан.
  21. Ақша бар жерде албасты бар.
  22. Ақшасыз қалаға шықпа, Қарусыз далаға шықпа.
  23. Ақыл ердің қорғаны.
  24. Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды.
  25. Ақылды үшін дүние толған тікенек, Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!
  26. Ақымақтан ары тұр, бәлесі жұғады.
  27. Ала жібін алмасам, Даудың менде несі бар? Ел шетіне қонбасам, Жаудың менде несі бар?
  28. Ала жіпті көрген жылан деп қорқады.
  29. Ала қарғада алашағың жүрсін.
  30. Алашағыңа сенбе, Алғаныңа сен.
  31. Алғаш күзет, кейін түзет.
  32. Алданудан сақтану – ақылдылық.
  33. Алды-артыңа қарайла, Бөрік астында бөрі бар, Басып кетпе, абайла.
  34. Алды-артыңды абайла, Ақыл артық қалайда.
  35. Алдын аңла, кейін таңла.
  36. Алтын артқан түйенің, Алдында есек, артында ит жүреді.
  37. Алтын табылса, Түйерге түйіншек табылмайды.
  38. Алыс жолдың хабарын керуен жеткізер.
  39. Алысқан жауға арқанды көрсетпе.
  40. Алыстағы аз несібеден сақта.
  41. Алыстан көрсең алдырмайсың, досыңды жауға қалдырмайсың.
  42. Аңсыздық – қамсыздық.
  43. Аңшы қанша айла білсе, Аң сонша жол білер.
  44. Арамзаның арқанымен құдыққа түспе.
  45. Арғымақ, сені сақтадым – Құлағың сенің серек деп. Азамат, сені сақтадым, Бір күніме керек деп.
  46. Арзымасқа алдырма, Аяғыңнан шалдырма. Арзымасқа алдырып, Аяғыңнан шалдырып, Атаңды ұятқа қалдырма.
  47. Арыққа мінгенше, аяғыңа мін.
  48. Арыстан мінсең, қылышыңды қамшы қыл.
  49. Аспанға қарай оқ атпа, Өзіңнің түсер басыңа.
  50. Аспанда тіреу жоқ, Жерде белдеу жоқ.
  51. Асты ас сақтайды, Досты дос сақтайды.
  52. Астыңдағы атыңа сенбе, Қойныңдағы қатыныңа сенбе.
  53. Асығыс түбі – өкініш.
  54. Асығыс іске әзәзіл араласар.
  55. Асыққан қалар ұятқа, Сақтанған жетер мұратқа.
  56. Ат атты, тон тонды сақтайды.
  57. Ат басына күн туды.
  58. Ат үріккен жерінен, Жігіт қорыққан жерінен шеттейді.
  59. Атаңнан қалса теберік, Сақта оны тым берік.
  60. Атқыштан ажал қашады.
  61. Атын алдырған ерін жоқтамайды, Басын алдырған шашын жоқтамайды.
  62. Атың тайғақ болса, Ақтекенің мүйізімен тағала. Заманың тайғақ болса, Бір жақсыны панала.
  63. Аузы күйген үріп ішеді.
  64. Ауруды елемеген өлер, Дауды елемеген төлер.
  65. Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан амалсыз көнеді.
  66. Ауылдан шыққан күні байға қон, Бай таппасаң, сайға қон.
  67. Аюмен жолдас болсаң, айбалтаң жаныңда болсын.
  68. Аяғыңды аңдап бас.
  69. Аяз мүйізді қысады, Мүйіз сиырды қысады.
  70. Әдепті жан абайшыл, Алкеуде жан айғайшыл.
  71. Әзірейіл барда жаным бар деме, Әуеде бұлт барда малым бар деме.
  72. Әліптің артын бақ.
  73. Әр істе сақтық керек.
  74. Бадырақ көз сен тимесең, мен тимен.
  75. Байқап сөйлегеннің ерні ауырмайды, Аңдап кескеннің бармағы ауырмайды.
  76. Балуанның жаманы – жығылған соң қалтияр, Күзетшінің жаманы – жау кеткен соң қалтияр.
  77. Барша бекке ас қатер.
  78. Басқаға ор қазба, өзің түсесің.
  79. Батырмен ұрыспа, бекпен тұрыспа.
  80. Бәледен машайық та қашыпты.
  81. Белден бөгіп, белшеден батқан.
  82. Бермейін деген құлының Жалғыз тайын ұры алар.
  83. Бесті айғырдың бетінен сақтан.
  84. Бөлтірігін алма шуланның, Шұрқан салар қораңа.
  85. Бөрі азығы мен ұры азығы жолда.
  86. Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.
  87. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
  88. Бұтаққа қорғалаған торғай да қалады.
  89. Бұтаны қорғалаған Торғайдың да жаны қалады.
  90. Бұтаны паналаған торғай аман қалады.
  91. Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр.
  92. Білемін деген тұтылады, Білмеймін деген құтылады.
  93. Бір жылға қоян терісі де шыдаған.
  94. Бір оқты бұлан көтереді, Екі оқты құлан көтереді.
  95. Ғибрат алмас нұсқа көріп, Ас пысырса, қылар суық, Нан пысырса, қылар күйік. Сақтасын Құдай қатыннан Ақылы жоқ көңілі тұйық.
  96. Далада бөрі ұлыса, Үйдегі иттің іші ашиды.
  97. Дәметпестен дәметкен, Тарыққанның белгісі. Жаудан күткен шарапат, Зарыққанның белгісі.
  98. Деңгене жесең етті, Сүйегі жыртар бетті.
  99. Доңызға таяқ қана өтер.
  100. Дүниенің керек емесін де жина.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ