Сор мен бақ туралы мақал-мәтелдер
«Сор мен бақ» тақырыбындағы 67 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адал адам аңқау келеді, Сорлы жігіт жалқау келеді.
- Адам бақытқа тоймайды.
- Адамға бір жұмыс – бақ, Бір жұмыс – дақ.
- Адамның соры – көрінбейтін көлеңке.
- Азын-аулақ малың болсын, Орта ғана халың болсын, Кіршіксіз арың болсын, Жүк көтергіш нарың болсын, Басың аман, денің сау болсын – Бақыт деген сол.
- Ақылдыға бақ қонса, Көбейтеді достарын. Ақымаққа бақ қонса, Күйретеді достарын.
- Ақылсызға қонған бақ Түбі тесік қанар қап.
- Анда барсам, мұнда қаш, Мұнда келсем, анда қаш.
- Ант бұзған оңбайды, Салт бұзған сорлайды.
- Арғымақ ат жабы болмайды, Жалы кетіп арыса да. Назары аштың көзі болмайды, Бақ пен Қыдыр дарыса да.
- Арғымақ ат жабы болмайды, Жалы кетіп арыса да. Назары аштың көзі тоймайды, Бақ пен Қыдыр дарыса да.
- Арғымақ жабы болмайды, Жалы кетіп арыса да. Назары аштың көзі тоймайды, Бақ пен Қыдыр дарыса да.
- Арғымақты армандағанша, Байталыңа бақ тіле.
- Арна бұзылса – аралдың соры.
- Асқан сұлулықтан Аз ғана бақыт артық.
- Аспанда бар сан жұлдыз, Сорлатады сары жұлдыз.
- Аспаннан шұға жауса да, Сорлыға ұлтарақ тимес.
- Ат бақты болса, Артынан құнан туады. Аға бақты болса, Артынан ұлан туады.
- Ат пысқырса – жолға, Байтал пысқырса – сорға.
- Ат ұстаған азабынан құтылар, ер ұстаған еңбегінен құтылар.
- Ат шаппайды, бақ шабады. Бақ шаппайды, бап шабады.
- Атың жақсы болса, бір бақыт, Алғаның жақсы болса, мың бақыт.
- Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала.
- Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін қор қылды.
- Бағы барда жағалайды, Бағы кетсе, табалайды.
- Бағы бардың иті үреген, аты жүреген болады.
- Бағы қайтқанның малын бақпа, Іші қараның дауын айтпа.
- Бағы тайған адамды Түйе үстінен ит қабар.
- Бағың асқан шағында, құзғын салсаң қаз ілер, бағың қашқан кезінде, сайгүлігің құр қалар.
- Бағың асқан шағыңда, Құзғын салсаң, қаз ілер. Бағың тайған шағыңда, Тұйғын салсаң, аз ілер.
- Бағың жанса, сордың барын ұмытпа, Атың шықса, қордың барын ұмытпа.
- Бағың тасыған кезінде Шобыр қоссаң, бәйге алар. Бағың қашқан кезінде Сәйгүлігің құр қалар.
- Бағың шауып тұрғанда Биең егіз туады. Бағың қайтқан шағыңда Ешкің қысыр қалады, Малыңа індет шабады.
- Бағыңды базарда сына.
- Базар бар да, бағыңды сына.
- Базарға бар да, бағыңды сына.
- Базардағы ас бағына қарай пысады.
- Бай мақтанса – табылғаны, Қыстық қоры болады. Жоқ мақтанса – шабылғаны, Маңдайының соры болады.
- Бай мақтанса, табылар, Әр нәрсенің қоры бар. Жоқ мақтанса, шабылар, Маңдайының соры бар.
- Байға бақ қонса, бұқа да бұзаулайды.
- Бақ адасса, батпаққа қонады.
- Бақ басында, сор қасында.
- Бақ келді деп таспа, Жау келді деп саспа.
- Бақ келсе, бәрі келеді.
- Бақ қайтса, басқа дәулет құралмас.
- Бақ қарап тұр алдыңда, Талаппенен көрінсең. Сор қарап тұр алдыңда, Жамандыққа берілсең.
- Бақ қонатын адамның ұлы епті, қызы көрікті болады.
- Бақ пен дәулет көшпелі.
- Бақ тайса, батырлық пұшайман жейді.
- Бақ-дәулетке мақтанба.
- Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
- Баққа сор жасырынады.
- Бақтың келуі – қайқайыс, Кетуі – еңкейіс.
- Бақылдың бағы көгермейді, Көгерсе де, көбеймейді.
- Бап шаппайды, бақ шабады.
- Бапсыз қыран түйілмес, Құтсыз дәулет үйілмес. Бап пен бақ екеуі де, Ақылменен үйірлес.
- Бармақтай бағы болса, Бағы көкке ұшады.
- Баталы құлға бақ қонар.
- Батыр – ортақ, бақ – жалқы.
- Беті қайтқанның дауын айтпа, Бағы қайтқанның малын айтпа.
- Бозторғайға бақ қонса, Самұрық шылауында болар.
- Болымсызға бақ қонса, Сол күні жоғалтады.
- Білім алсаң жасыңнан, Қыдыр кетпес қасыңнан.
- Білім бақыттың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ әлдекімнің азығы.
- Білім қуған оңалар, Білімсіз жан сорланар.
- Біреуден алсаң аманат, Берсең, жақсы саламат. Жанжал қылсаң, бақ кетер, Ақыры болар жаман ат.
- Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ