Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бала, ұрпақ туралы мақал-мәтелдер

«Бала, ұрпақ» тақырыбындағы 151 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. А, Құдайым бала бер, Бала берсең, сана бер. Санасыз бала бергенше, Артынан бәрін-бәрін ала бер.
  2. Адам баласы – тоғым, Жылқы баласы – соғым.
  3. Адам болар азамат ұланынан белгілі, Бәйге алатын жүйрік құнанынан белгілі.
  4. Адам болар баланың Кісіменен ісі бар, Адам болмас баланың Кісіменен несі бар.
  5. Адам болатын бала бекімінен, Ат болатын құлын кекілінен.
  6. Адамның баласы асатпай жемейді, Көргенсіздің баласы көріп отырса да, «мә» демейді.
  7. Ақсұңқардың баласы, Алдына қоймай ас жемес. Анық жақсы баласы Адамнан туса жат демес.
  8. Ақылды бала сабаққа үйір, Ақымақ бала тамаққа үйір.
  9. Алысқа қой барады, Ұзатылған қыз барады.
  10. Анаға тартып қыз туа бермес, Атаға тартып ұл туа бермес.
  11. Анадан алтау туғанша, жалғыз туса не етеді – елге тұлға болғалы. Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, еменге айыр бұтақ бітсе не етеді – құсқа тұғыр болғалы.
  12. Ананың көңілі қызында, Қызының көңілі қызылда.
  13. Араға түссең балаға, Бала кетер далаға.
  14. Арамзалық ата ұлына пайда емес.
  15. Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусайды, хан – төренің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
  16. Аруаққа құрмет – ұрпаққа міндет.
  17. Асығу – баланың ісі, Аттандыру – ананың ісі.
  18. Ат ұстарың өзіңдей болсын.
  19. Ата – баланың қорғаны.
  20. Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ.
  21. Ата балаға сыншы.
  22. Ата баласының Ат меңіндей белгісі болады.
  23. Ата баласының ат төбеліндей белгісі бар.
  24. Ата баулыған бала епті, Ана баулыған бала есті.
  25. Ата тілін алмаған баладан без, бала басу білмеген анадан без.
  26. Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі. — Абай
  27. Ата-ананың балаға парызы – әдеп-иба.
  28. Ата-анаң бар болсын, бала кезде жар болсын.
  29. Атаға баланың алалығы жоқ.
  30. Атадан жақсы ұл туса, Елдің қамын жейді; Атадан жаман ұл туса, Елдің малын жейді.
  31. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болады. — Қазыбек би
  32. Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын.
  33. Атадан ұл қалса – өзі қалғаны, Қыз қалса – ізі қалғаны.
  34. Атаның баласы болма, Адамның баласы бол.
  35. Атаңа не келтірсең, алдыңа сол келер, атаңа не қылсаң, балаң да соны қылар.
  36. Атасы жоқтың баласы жоқ.
  37. Аттан тай озады, Атадан бала озады.
  38. Әдепті бала Ата-анасын мақтатар. Әдепсіз бала Ата-анасын қақсатар.
  39. Әке балаға сыншы, өзі өлшем емес.
  40. Әке көрген ұл оңар, Шеше ұрған қыз оңбас.
  41. Әке ұрған ұл оңар, Шеше ұрған қыз оңбас.
  42. Әке ырысты болса, Әуелі ұл табады.
  43. Әкеге баланың алалығы жоқ.
  44. Әкеге қарап ұл туар.
  45. Әкеден безген ұл болмас, Анадан безген қыз болмас.
  46. Әкемді алсаң, ал, Құдай, шешемді алма. Шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой.
  47. Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая.
  48. Әкенің қадірін, Балалы болғанда білерсің.
  49. Әкесі баласына кінәлай да қарайды, Сыналай да қарайды.
  50. Әкесі ет жасағыштың Баласы ет асағыш келеді.
  51. Әкесі көрмегенді – ұлы көрер, Шешесі көрмегенді – қызы көрер.
  52. Әкесі қой баға білмегеннің Баласы қозы баға білмейді.
  53. Бай баласы балпаң, Жарлы баласы жалтаң, Бай күйігі етекте, Бала күйігі жүректе.
  54. Бақырауық демесең бағалы көлік түйе ғой. Жаман да болса өз ұлың өз малыңа ие ғой.
  55. Бақырауық демесең, Бағалы түлік – түйе ғой. Жаман да болса, өз ұлың, Өз малыңа ие ғой.
  56. Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.
  57. Бала – ата-ананың көз қуанышы.
  58. Бала – әкенің білек еті, ананың – жүрек еті.
  59. Бала – балым, баланың баласы – жаным.
  60. Бала – жүректің миуасы.
  61. Бала адамның бауыр еті, көз нұры.
  62. Бала анаға аян, әкеге күмән.
  63. Бала анасына қарайды, Аң панасына қарайды.
  64. Бала баққанша ара бақ.
  65. Бала балдан тәтті, Немере жаннан тәтті.
  66. Бала болғанын білмес, Батыр толғанын білмес.
  67. Бала деген – қолғанат.
  68. Бала жасындағысын ұмытпайды, Таз басындағысын ұмытпайды.
  69. Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады. Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.
  70. Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.
  71. Бала жүруді жығылудан үйренеді.
  72. Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың.
  73. Бала өз нәпақасын өзі ала туады.
  74. Бала сүйгеннің көңілі тоқ.
  75. Бала таппаған қатыннан, Лақтаған ешкі артық.
  76. Бала, бала деген базарымыз, Қай баладан ашылар ажарымыз.
  77. Балаға айтқан сыр – байланбаған бұзау. — Шәкәрім
  78. Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, шайқап сөйлесең көрсетер бір «өнер».
  79. Балаға байқап сөйлесең, Ақылыңа көнер, Байқамай шайқап сөйлесең, Көрсетер бір «өнер».
  80. Балаға жанның ашуы бірдей, Қай қолыңды кессең де жанға батуы бірдей.
  81. Балажанды биелер құлындарын теппейді, Балажанды адамды бала айналып кетпейді.
  82. Балалы арқар баурайды, Баласыз арқар маңырайды.
  83. Балалы кісі пақыр болмас.
  84. Балалық шағы – патша тағы.
  85. Балам – балым, Баланың баласы – жаным.
  86. Балам, балалы болғанда білерсің.
  87. Баламның баласы, Балдан тәтті анасы.
  88. Баланы аяғаның – аямағаның, Аямағаның – аяғаның.
  89. Баланы бала деме, Арыстанның баласы болып шығар.
  90. Баланы барлық ана таба да, баға да біледі, Ананы кімдер баптап баға біледі.
  91. Баланы кім асыраса, сол – ана.
  92. Баланы Құдай берсін, Алалынан бермесе, ала берсін.
  93. Баланың айтқанын қыла берме, апатпен тең.
  94. Баланың аузымен періште сөйлейді.
  95. Баланың баласы балдан тәтті.
  96. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. — Абай
  97. Баланың сотқары – пәленің шоқпары.
  98. Баланың тұңғышы ыстық, кенжесі тәтті.
  99. Баланың шешесі өгей болса, Әкесі де өгей болып кетер.
  100. Балаңды көр де, жаныңды көр.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ