Bilimger.kz сайтына PR мақала орналастыру
Сайтқа жарнама орналастыру: Bilimger.kz арқылы аудиторияға жетіңіз
Сайтқа жарнама орналастыру арқылы брендіңізді, өніміңізді немесе қызметіңізді Bilimger.kz оқырмандарына таныстырыңыз. PR мақала білімге қызығатын аудиторияға ақпарат жеткізуге және жобаңыздың интернеттегі көрінуін арттыруға көмектеседі.
Bilimger.kz сайтына PR мақала орналастырудың артықшылықтары
Bilimger.kz — 11 жылдық тарихы бар, Google-ға бұрыннан таныс білім платформасы. Сайттағы материалдар іздеу жүйелерінде тұрақты индекстеледі, сондықтан жарияланған PR мақалаңыз да Google іздеуінен табылу мүмкіндігіне ие болады.
PR мақала арқылы сіз тек бренд туралы ақпарат жариялап қана қоймайсыз:
- компанияңызға немесе өніміңізге Google-да қосымша көріну нүктесін жасайсыз;
- мақалаңыз сайтта ұзақ уақыт сақталып, айлар және жылдар бойы жұмыс істей алады;
- өз сайтыңызға сілтеме орналастырып, іздеу жүйелеріне сіздің сайтыңызға басқа сенімді сайт сілтеме жасап тұрғанын көрсетесіз;
- бұл сіздің сайтыңыздың SEO-беделіне, индексациясына және іздеу жүйелеріндегі позициясына оң сигнал бере алады;
- Bilimger.kz аудиториясынан қосымша трафик пен жаңа клиенттер ала аласыз.
Қарапайым тілмен айтқанда, Google сайттарды бағалағанда оған интернеттегі басқа сайттардың қалай сілтеме жасайтынына да қарайды. 11 жылдық тарихы бар Bilimger.kz сайтынан сіздің жобаңыз туралы жеке мақала және сілтеме болуы — брендіңіздің интернеттегі беделін күшейтетін қосымша фактор.
Бір рет жариялайсыз — материал ұзақ уақыт сіздің брендіңіз үшін жұмыс істейді.
Жарнама орналастыру ережелері мен бағалары
1. Жалпы тақырыптағы жарнамалық немесе PR мақала
- Бағасы: 100 000 теңге
- Мақала мәтіні жарнама беруші тарапынан ұсынылады.
- Сайтқа сілтеме қоюға рұқсат етіледі.
- Тақырып еркін, сайт саясатына сәйкес болуы тиіс.
- Маркировкасыз +20 000 тг
- Мақала жазу біздің тарапымыздан болса 200 000 тг
2. Білім саласына қатысты жарнамалық мақала
- Бағасы: 80 000 теңге
- Тек білім беру тақырыбындағы материалдар.
- Мақала мәтіні жарнама беруші тарапынан ұсынылады.
- Сайтқа сілтеме қоюға рұқсат етіледі.
- Маркировкасыз +20 000 тг
- Мақала жазу біздің тарапымыздан болса 180 000 тг
Жалпы шарттар
Төлем тәртібі:
Төлем 100% алдын ала жасалады. Төлем расталған соң жарнама 1 жұмыс күні ішінде жарияланады.
Жарнамаға қойылатын талаптар:
Сайтта жариялауға қатаң түрде тыйым салынады:
- Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін кез келген тауар, қызмет немесе ақпарат;
- Құмар ойындары, спорттық бәс тігу, лотереялар, азарттық ойындарға қатысты жарнамалар;
- Алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және басқа да заңмен тыйым салынған заттар;
- Жалаңаш немесе жартылай жалаңаш адамдардың бейнесі бар материалдар;
- Әйел адамдардың бейнелерін пайдалану (қазіргі таңда жасанды интеллект арқылы әйелдердің бейнелері теріс мақсатта жасалып жатқанына байланысты);
- Ар-намысқа тиетін, діни, саяси сипаттағы немесе арандатушылық сипаттағы ақпараттар.
Барлық материалдар алдын ала модерациядан өтеді.
Қайтару саясаты:
Жарнама жарияланғаннан кейін қаражат қайтарылмайды.
Пакеттік ұсыныс:
Бірнеше мақала бірге тапсырыс беріп, жеңілдік алуға болады
Жарнамаға тапсырыс беру және байланыс
Жарнама орналастыру бойынша хабарласу:
📱 WhatsApp: +7 707 817 74 58
*Ескерту. Сайт әкімшілігі жарнама нәтижесінің қандай болатынына жауап (кепілдік) бермейді.

Жарнаманы жариялау тәртібі
Тапсырысты жоспарлау үшін алдымен жарнама тақырыбын, материалды кім дайындайтынын және сілтеме қосу қажеттігін нақтылаңыз. Ұсыныс сайт саясаты мен жариялау талаптарына сай болуы керек.
- WhatsApp арқылы жарнама туралы сұраныс пен материалды жіберіңіз.
- Редакция материалды алдын ала қарап, жариялауға сәйкестігін тексереді.
- Шарттар мен баға келісілген соң төлем 100% алдын ала жүргізіледі.
- Төлем расталғаннан кейін мақала 1 жұмыс күні ішінде жарияланады.
Мәтінді өзіңіз ұсына аласыз немесе редакцияға мақала жаздыруға тапсырыс бере аласыз. Қолданыстағы қызмет түрлері мен бағалары жоғарыдағы тізімде көрсетілген. Жарияланатын материал заңнамаға және сайттың мазмұндық талаптарына қайшы келмеуі керек; барлық материал алдын ала модерациядан өтеді.
Жиі қойылатын сұрақтар
PR мақалаға сілтеме қосуға бола ма?
Иә. Жарнамалық және білім саласына қатысты мақалаларға сайтқа сілтеме қоюға рұқсат етіледі. Нақты сілтемені материалды жіберген кезде көрсетіңіз.
Мақала қашан жарияланады?
Төлем расталғаннан кейін жарнама 1 жұмыс күні ішінде жарияланады. Жариялау алдында редакция материалды модерациядан өткізеді.
Жарнама нәтижесіне кепілдік беріле ме?
Жоқ. Сайт әкімшілігі жарнаманың нақты нәтижесіне кепілдік бермейді. Жарияланған материал үшін төленген қаражат қайтарылмайды.
Жарнамалық емес білім материалын жариялағым келсе не істеймін?
Авторлық білім материалы үшін мақала жариялау рубрикасының шарттарын қараңыз.