Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Туыс-туған, көрші-қолаң туралы мақал-мәтелдер

«Туыс-туған, көрші-қолаң» тақырыбындағы 153 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағайын ала болса, Ауыздағысынан айырлар.
  2. Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды.
  3. Ағайын барыңда Аузыңды жалайды, Жоғыңда желкеңнен қарайды.
  4. Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек.
  5. Ағайын жақында отырып тістескен, алыста отырып кісінескен.
  6. Ағайын жауға керек, Мал дауға керек.
  7. Ағайын қадірін білмесең жалғыздық берсін сазанды.
  8. Ағайын-туғанның қызығы – алыс-беріс, Құдалықтың қызығы – барып-келіс.
  9. Ағайынды алтау болса адам тимейді, тура жүрсең лебізің күймейді.
  10. Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр.
  11. Ағайынмен жауласпа – басың азаяды, Көршіңмен дауласпа – асың азаяды.
  12. Ағайынның азары болса да безері жоқ.
  13. Ағайынның аразы елдің сәнін кетірер, Абысынның аразы ауыл сәнін кетірер. — Бұқар жырау
  14. Ағайынның жаманы: алдыңда жүріп бас болмайды, артыңнан еріп дос болмайды. — Қаратау би Отарбайұлы
  15. Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің, Ата-анаңның қадірін балалы болсаң білерсің.
  16. Ағайының көп болса ұлы шерік қолмен тең. Білімді туған жақсылар аз да болса көппен тең. — Ақтамберді
  17. Ағайыныңман алыстан сыйлас.
  18. Ақылы елден артылған, Ақылық болса, бір мақтан. Жұрттығы жұрттан артылған Жақының болса, бір мақтан.
  19. Алты малта ас болмас, Өзіңмен туған жат болмас.
  20. Алыстағыңа сиын, Жақындағыңа сүйін.
  21. Араласпаса ағайын жат.
  22. Ардагер аға алдыңда тұрсын, Әдепті іні артыңда тұрсын.
  23. «Арық» деген жаман тай, Жазға ілінсе – ат болар. Бастан бақ, қолдан мал кетсе, Жаман жұрат жат болар.
  24. Ат арқасына ер батса аяңшыл, Ерге жаттың тізесі батса ағайыншыл.
  25. Ауыр жүкті бөлісу – ақ атанның парызы. — Майқы би
  26. Әр үйдің өз қонағы бар.
  27. Базарға теңгесі бар, барсын. Тойға теңдесі бар, барсын.
  28. Бала белде, бауырды маған кім береді?
  29. Балалығыңды сағынсаң, Нағашыңа бар. Жігіттігіңді сағынсаң, Қайныңа бар.
  30. Балықшының үйіне қонсаң, Қарма жерсің. Тарышының үйіне қонсаң, Жарма жерсің.
  31. Бар қарындас жақында болмасын, Жоқ қарындас алыста болмасын.
  32. Барға – береке.
  33. Бас – бөріктің қалыбы.
  34. Бедері жоқ қамқадан, Бек тоқыған бөз жақсы, Бейкемі жоқ туғаннан Бек сөйлескен сөз жақсы.
  35. Берген қарыз – бедел өсіреді, Қайтқан қарыз – мерей өсіреді.
  36. Бір ауылда мың туысың болғанша, Әр ауылда әр туысың болсын.
  37. Бір ауылда мың туысың болғанша, Әр ауылда бір туысың болсын.
  38. Бір күндік тойдың Мың күндік өкпесі бар.
  39. Бірге тумақ бар да, Бірге өлмек жоқ.
  40. Дастарқанда нан жоқ – Тамақта мән жоқ.
  41. Дәуден үлкен көп екен, Дәмнен үлкен жоқ екен.
  42. Емшек берген әрі жат, еңсе берген бері жат.
  43. Ер жігіттің қадірін, ағайын емес, жат білер. — Бұқар жырау
  44. Ертеңгі қонақ, шай ішер.
  45. Ескі көшеде Ежелгі көршілер тұрады.
  46. Жайды білмеген жақыннан, Жайды білген жат артық.
  47. Жайыңды білген қарындас, ол қарындас һәм жолдас. Жайыңды білмес қарындас, өзі дұшпан, өзі қас. — Шалкиіз
  48. Жақсы да болса – өз үйім, Жаман да болса – өз үйім, Кең сарайдай боз үйім.
  49. Жақын жерден шөп жесе, жердің сәнін кетірер.
  50. Жақында да, жақын бар, Жақынға бергісіз жатың бар.
  51. Жақыннан жаман жат жоқ.
  52. Жақынның жаманын мақтама, Көршіңнің ала жібін аттама.
  53. Жақыныңды жат етсең Жатқа күлкі боласың.
  54. Жаман ағайыннан жақсы жекжат артық.
  55. Жаман туғаның болғанша, жақсы жолдасың болсын.
  56. Жаман туыс бір масыл арқалаған құммен тең, жақсылығың істеген елекке құйған сумен тең.
  57. Жаман туыстан жақсы жолдас артық.
  58. Жаман туыстан Жақсы таныс артық.
  59. Жаныңды қинасаң, Ерлік оңай. Жақыныңа бұрмасаң, Билік оңай.
  60. Жаныс кетсе орнына жаппас қалар.
  61. Жаяу қонақ, жайласып ұйықтайды.
  62. Жездеге қараған жерге қарайды, Жиенге қараған желге қарайды, Күйеуге қараған күлге қарайды, Бұл үшеуі жақсы болса – халқым күнге қарайды.
  63. Жетіскен жеті көсеумен көсейді.
  64. Жұт – жетеу, содырмен сегіз, Салақпен – тоғыз, олақпен – он.
  65. Иесіз үйдің оты жанбайды. Қонақ қазанға бір қарайды, Қожасының қабағына екі қарайды.
  66. Инең болса – иінің бүтін.
  67. Итің жақсы болса – ырысың, Көршің жақсы болса – тынысың.
  68. Көрші көршімен Базарда көрісер.
  69. Көршің қолайлы болса, қораң кең.
  70. Күншіл сорлы көре алмай өледі, Сараң сорлы бере алмай өледі.
  71. Қадір білмес туғаннан құныңды білер дос артық.
  72. Қазанға түскен Қапқа түспейді.
  73. Қазанына қарай шөміші, Ағашына қарай жемісі.
  74. Қайыптан тапқан алтыннан Ақсақал берген бата артық, Қайыры жоқ жақыннан Жаны жақсы жат артық.
  75. Қалыңдығың сиықсыз болса, Қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?
  76. Қанша қамыс жақсаң да шоғы болмас, Қанша қара су ішсең де тоғы болмас.
  77. Қарызды берген батыр емес, Алған батыр.
  78. Қатының жаман болса – бір қорлық, Атың шабан болса – бір қорлық, Ағайының жаман болса – мың қорлық.
  79. Қожасы жуас үйдің қонағы билейді.
  80. Қожасына қарай – үйі, Қонағына қарай – сыйы.
  81. Қойыннан төгілген – қонышқа.
  82. Қолды жуып тұрып, Құр қалғаннан сақта.
  83. Қолының ебі бардың – Көршілеріне себі бар.
  84. Қонағы бар үй қоңырсып тұрады, Қонағы жоқ үй бозымсып тұрады. Құдаң құрдасыңдай болсын, Құдағайың сырласыңдай болсын.
  85. Қонақ иесі мейірлі отырса, Қонақ көңілді отырады.
  86. Қонақ келсе, ет қызарар, Ет қызармаса, бет қызарар.
  87. Қонақ қойдан да жуас, Май берсең де жей берер.
  88. Қонақ қолын тигізбеген ас арам.
  89. Қонаққа қозы сойса, қозы өледі, Қозы соймаса, өзі өледі.
  90. Қонымды киіміңді өзің ки, Айналып қарасын көргендер, Тәтті тамағыңды қонағыңа бер, Айта жүрсін жегендер.
  91. Қорықсаң – от жақ. Қарның ашса – от жақ, Жаурасаң – от жақ.
  92. Құдаңның түйесін сұра, Қорық қанынан биесін берер.
  93. Құм үстінде ине сабақтама, Түсіп кетсе, табылмас. Қонар үйді бір күнде адақтама, Қоналқы ертең табылмас.
  94. Қылышты қынап сақтайды, Суды мұрап сақтайды.
  95. Қырдағы қырман Ойдағы орман, Күнде той, күнде думан.
  96. Не еріншек өлер, Не келіншек өлер.
  97. Ойда, қырда той мен ас, Бөрісі ерке, иті мас.
  98. От басында ұйтқы болмаса, Үй ішінде түрткі түлейді.
  99. Отты үрлей берсең, өшіресің, Көршіні күндей берсең, көшіресің.
  100. Өз ауылымның түтіні түзу шықсын.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ