Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер
«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (10-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Сөз – жүректің шері, Оның да бар ғой айтылар жері.
- Сөз – көмек, тіл – құрал.
- Сөз – ойдың көрінісі.
- Сөз – сөздің көсеуі.
- Сөз – сөздің қуғыншысы.
- Сөз асылы – мақал.
- Сөз емес сөзді Кісі емес кісі айтады.
- Сөз жаманы – сыбырлау.
- Сөз жерден ауыр, күннен ыссы.
- Сөз жүйесін тапса – Мал иесін табар.
- Сөз жүйесін тапса, Мал иесін табады.
- Сөз жіп, созсаң кете береді.
- Сөз ине сабақтайды.
- Сөз қадірін білмеген, Өз қадірін білмейді.
- Сөз қанжардан да өткір.
- Сөз қуған – пәлеге жолығар, Шаруа қуған – қазынаға жолығар.
- Сөз салысқан – дауға ортақ, Ат салысқан – жауға ортақ.
- Сөз сөзден туады, Сөйлемесе қайдан туады?
- Сөз сөзден туады, Сөйлемесе қайдан туады? От басының жанжалы Қана ішпеген шайдан туады. Ауыр жолдың азабы Артар атан-нардан туады.
- Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.
- Сөз тапқанға қолқа жоқ.
- Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
- Сөз түпсіз, өмір шексіз.
- Сөз шынға, пышақ қынға тоқтайды.
- Сөз шынды табады.
- Сөз шындықты табар.
- Сөзбен сөзді жуады, Сабынмен бөзді жуады.
- Сөзге құлықсыздың көңілі тұрақсыз.
- Сөзге мақал жарасар, Иекке сақал жарасар.
- Сөзге сөз келгенде сөйлемесе, атасы өледі.
- Сөзге сөз келгенде сөйлемесе, Сөздің анасы өледі.
- Сөзді жүндей сабады.
- Сөзді сөзбен ұста, Қашағанды құрықпен ұста.
- Сөздің ақыры – адамның ақылы.
- Сөздің басы – бір пышақ, Аяғы – бір құшақ.
- Сөздің басы – пышақ, түбі – бір құшақ.
- Сөздің басы қатты болса, соңы тәтті.
- Сөздің дауылы кетіп, самалы қалды. Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды.
- Сөздің көркі – мақал, Ердің көркі – сақал. Сақалы жоқ көселер – қасабалы тоқал.
- Сөздің көркі – мақал, Иектің көркі – сақал.
- Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын.
- Сөздің соңы басталуынан белгілі.
- Сөзшеңді үндемеген жеңеді.
- Сөзі көп те, мәні жоқ, Сабаны көп те, дәні жоқ.
- Сөзі ырайлының – Жүзі шырайлы.
- Сөзің – өзің.
- Сөзің тәтті болсын, Антың қатты болсын.
- Сөзің тәтті болсын, Ашуың қатты болсын.
- Сөзіңді айт ұққанға, Айтып айтпай не керек, Құлағына мақта тыққанға.
- Сөзіңді біреу сөйлесе, Аузың қышып бара ма?
- Сөзіңе қарауыл қой.
- Сөйлеген – себеді, Тыңдаған – орады.
- Сөйлегенді үндемеген жеңеді.
- Сөйлегенше – сөзіңе өзің қожа, Сөйлеген соң – өзіңе сөзің қожа.
- Сөйлегенше сөзіңе өзің қожа, Сөйлеген соң сөзіңе сөзің қожа.
- Сөйлей білмеген кісіден, Үре білген ит артық.
- Сөйлей білмес жамандар Сөзді өзіне келтірер. Көше білмес жамандар Көшсе, көлік өлтірер.
- Сөйлей білмес жаманның Сөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның Әр сөзіне бір тұсақ.
- Сөйлей білмесең тек тұр, Халық арасында көп тұрасың.
- Сөйлей-сөйлей шешен болар, Көре-көре көсем болар.
- Сөйлемесе қайдан туады? Сөз сөзден туады.
- Суды ішім тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.
- Суық сөзді сұмырай айтады.
- Сұрау оңай, жауап беру қиын.
- Сүйреңдеген қызыл тіл Сүйгеніңнен айырар, Не жауыңды қайырар.
- Сүйреңдеген қызыл тіл Сүйгеніңнен айырар; Иә жау бетін қайырар.
- Сүңгінің жарасы бітер, Тіл жарасы бітпес.
- Сүтке сүт қосылса – сүмесін, Сөзге сөз қосылса – демесін.
- Сыбырлағанды Құдай естімей ме?
- Сый – жеңгендікі, сөз – тергендікі.
- Сыйларға асың болмаса, Сипарға тілің болсын.
- Сыйласқанға не жетсін, Сөйлескеннен не кетсін?
- Сылбыр сөзін – сүйретіп айтады, Содыр сөзін – күйретіп айтады, Сыпайы сөзін – ширатып айтады.
- Сынасуға жараған сыйласуға да жарайды.
- Сыпайы қонақ сыйыңды жейді, Мылжың қонақ миыңды жейді.
- Сыпайы сөйлеу – сырбаздық, Ағайын сәні – сыйластық.
- Сыпайының қарағаны – сұрағаны.
- Сыр ұшығын сөз шығарады.
- Сырдың елі – жырдың елі.
- «Сіз» деген – сыйластық, «Сен» деген – анайылық.
- «Сіз» дегеннен не кетеді, «Сен» дегеннен не бітеді?
- «Сіз», «біз» деген ауызға «мен», «мен» деген түспесін.
- Тамақ тәнді семіртеді, Сөз жанды семіртеді.
- Тамақты асығып ішпе, Түйілерсің. Сөзді асығыс сөйлеме, Күйінерсің.
- Таң атпайын десе, Күн қоймайды, Өтірікті қуалап, шын қоймайды.
- Татарға тілмәш керек емес.
- Тату болсаң, балдай бол, Ащы болсаң, тұздай бол.
- Татуға – тіл, сұлуға – сұқ.
- Татуға – тіл, Сұлуға – сүт.
- Таудай сөздің тарыдай түйіні бар.
- Тауып сөйлесең – күміссің, Таппай сөйлесең – мыссың.
- Тәрбие тілден басталады.
- Тәтті сөз, түзу ой – тағдыр сыйы.
- Тез қасында қисық ағаш жатпас, Бек қасында бейбақ сөз айтпас.
- Тексіздік – тілсіздіктен.
- Темірді от, ағашты мөр, адамды сөз балқытады.
- Тентек отты тебем деп, Аяғын күйдіреді. Ділмәр шындықты жеңем деп, Тілін күйдіреді.
- Тентек отты тебемін деп, аяғын күйдірер, Ділмәр шындықты жеңемін деп, тілін күйдірер.
- Теріс естіген сөздің жауабы да теріс.
- Той – ақындікі, Көкпар – батырдікі!
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ