Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ер-әйел туралы мақал-мәтелдер

«Ер-әйел» тақырыбындағы 56 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағайынға кәдірім жоқ, Бетімді көреді. Әйеліме кәдірім жоқ, Етімді көреді.
  2. Ағайынның жақын болуы қатыннан, Алыстың жақын болуы атыңнан.
  3. Адал дос – сәулетің, Асыл жар – дәулетің.
  4. Адал жар – асыл қазына.
  5. Адамға әйел деген өмір жолдас, Әйелсіз жалғыз жүріп өмір болмас. Әйелдің дос өмірін бағаламай, Жолдасын жат санаған адам оңбас.
  6. Ажарына ақылы сай болса әйел жолы жіңішке.
  7. Азамат қазанатымен сұлу, Әйел азаматымен сұлу.
  8. Ақылды әйел – ерінің өлең жазған хатирасы. Ақылсыз әйел – ерінің басын ауыртар сақинасы.
  9. Ала алмаған атынан көрер, Қайтып келіп қатыннан көрер.
  10. Алған қатын ақылды, ізгі болса, Ол еріне жан болар. Ақымақ, жауыз болса, Құр жұмысқа жар болар.
  11. Алғаның жаман болса, көңілің жарым, атың шабан болса, талар қарың.
  12. Алғашқы байдың азасын Соңғы бай берер сазасын.
  13. Алысты жақын қылған ат, Алысты дос еткен әйел.
  14. Анамда болғанша, Алғанымда болсын.
  15. Анаңды қадірлесең, әйеліңді қадірле.
  16. Астыңдағы атыңа сенбе, Бос қойсаң қашады. Қойныңдағы қатыныңа сенбе, Біреуге сырыңды шашады.
  17. Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын.
  18. Ата алмаған атынан көреді, Қайтып келіп қатынынан көреді.
  19. Атаның бергені көрімдік, Еріңнің бергені өмірлік.
  20. Атың жаман болса, Арманың кетер. Балаң жаман болса, Пәрменің кетер. Қатының жаман болса, Жылай-жылай өмірің өтер.
  21. Атың жемқор болса, берді Құдай, Қатының жемқор болса, ұрды Құдай.
  22. Атың жемқор болса, берді Құдай, Қатының мешкей болса, ұрды Құдай.
  23. Ауылыма қадірім жоқ бетімді көреді, Әйеліме қадірім жоқ етімді көреді.
  24. Әйел – бақыт, бала – байлық.
  25. Әйел жыласа – шық, Күн шықса, кетеді.
  26. Әйел көп болса іс бітпейді, түйе көп болса жүк сыймайды.
  27. Әйел көркі – ақылда.
  28. Әйел сұлу, еркек ақылды болу керек.
  29. Әйелде де сүйек бар.
  30. Әйелден батыр шықпас, Ақымақтан ақыл шықпас.
  31. Әйелдің ақылдылығы сұлулықта, Еркектің сұлулығы ақылдылықта.
  32. Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын.
  33. Әйелдің жалғыз жетістігі бар: Ол – дақ түспеген ары.
  34. Әйелдің көркі ақылында.
  35. Әйелдің ләззаты – әлемнің рахаты.
  36. Әйелінен ұялған баласыз өтеді.
  37. Әкемде болғанша, Алғанымда болсын.
  38. Бай бергеннен, жан берген оңай.
  39. Байдың атын қатын шығарады.
  40. Байсыз қатын – баусыз оймақ.
  41. Байы жоқ, бала қайдан туады.
  42. Бақ та – қатын, Сор да – қатын.
  43. Балаға тиме, бәлесі жұғар. Қатынға тиме, қарасы жұғар.
  44. Баланы жастан, әйелді бастан.
  45. Баланы жастан, қатынды бастан.
  46. Бастас қатын – астас.
  47. Басы бостың байы – Құдай.
  48. Бәйбіше Құдайдың бұйрығы, Тоқал – ешкінің құйрығы.
  49. Бәйбішенің жайы байға мәлім, Бай келгенде шылыбдар тоқал залым.
  50. Болдыратын да, толтыратын да қатын.
  51. Біз де қатын болармыз, Қапқа тары салармыз.
  52. Біздің де әкеміз күйеу, Шешеміз қалыңдық болған.
  53. Бір қатынның қырсығы Қырық есекке жүк болған.
  54. Денсаулық – ғанибет, Сырқаулығы болмаса. Ер жолдасы – қатыны, Ақ жаулығы болмаса.
  55. Қасыңдағы күйеуден, Қарғылаған тазы артық.
  56. Қыздың көркі – кигені, Жігіттің көркі – сүйгені.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ