Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ойшылдардың нақыл сөздері

«Ойшылдардың нақыл сөздері» тақырыбындағы 141 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаш кессең – ұзын кес (қысқартуға жақсы), Темір кессең – қысқа кес (ұзартуға жақсы). — Махмұд Қашқари
  2. Ағын су тоқтамайды, Жүйрік тіл тоқтамайды. Бақыт тоқтап тұрмайды, Тіршілік тоқтамайды. — Жүсіп Баласағұн
  3. Адам жүзімнің бұтағы емес, оның басын қырқып тастаудан қорқу керек. — Рашид-әд-дин
  4. Адам мен адамның парқы басқа: Кісінің тегі таза қылығы – нұр, Қызығып сол қылыққа көңілді бұр. Адамнан адамдардың парқы басқа – Ұқсайды бір-біріне бөрігі құр. — Ахмет Йүгінеки
  5. Адамға тіліне беру – ұят: тапқан наны көбейгенімен, абыройы азады: Көп тілену – жұмыс емес кәделі – Нан көбейер, бірақ азар беделі. — Сайф Сарайи
  6. Адамның өзі өледі, сөз қалады. — Жүсіп Баласағұн
  7. «Ажалсыз адам өлмес» деп жыланның құйрығынан ұстама. — Сайф Сарайи
  8. Аз дұшпанын менсінбеген азғантай отты өшірмей кеткен адамға ұқсайды. — Сайф Сарайи
  9. Азат жанды құл қылайын десеңіз, Шүлен тарат – қайтар содан есеңіз. «Жомарт» ат берген ерге тағылады, Ел-жұрты соған қарай ағылады. — Жүсіп Баласағұн
  10. Айтпа сырды, қара достың түсіне, Ойлап қара жанашырдың ісіне, Өз ішіңе сыймаған сыр, шырағым, Сыя ма екен сол досыңның ішіне. — Ахмет Йүгінеки
  11. Айтты Өгдүлміш: «ойға мынау түйгенім, Бір қараса білер адам сүйгенін». — Жүсіп Баласағұн
  12. Аққан су қайтып оралмайды. — Сайф Сарайи
  13. Ақыл – шам-шырағың түндегі, Білімділік – жарық көзі күнделігі. — Жүсіп Баласағұн
  14. Ақыл кіріп, қырықта әдеп білмесе – «Адам» емес, болар кім десе! — Сайф Сарайи
  15. «Ақыл» деген көр адамға көз, өлі тәнге жан, мылқауға тіл бола алады. — Жүсіп Баласағұн
  16. Ақылды іздегеннің өзі – нағыз ақылды, Білімдіні іздегеннің өзі – нағыз білімді. — Жүсіп Баласағұн
  17. «Ақымақты одан да қу, мұнда да жуытпа» деген мәтел бар. — Бабыр
  18. Ақынның тілі – қылыштан өткір, қылдан жіңішке. — Жүсіп Баласағұн
  19. Алдайды: шекер беріп, ішкізер у, Ей, дана, құт – тұрақсыз, осындай қу. Жаңылып жабыспа құт шаужайына, Сенім жоқ – ол қарамас ау-жайыңа. Бақ-дәулет – бір көлеңке тыраңдаған, Күн бойы бір орында тұра алмаған. — Жүсіп Баласағұн
  20. Алдырған – анасының қойнын ашады. — Махмұд Қашқари
  21. Алмас қылыш шыға ма, Негізі жасық темірден? Қанша жуса кете ме, Қап-қара түс көмірден? — Сайф Сарайи
  22. Алынар (қарызға берілген) ақша кешіксе, алатын адамның берекесі кетеді. — Махмұд Қашқари
  23. Аңдыз болса – ат өлмес. — Махмұд Қашқари
  24. Арабы сәйгүлік қанша көтерем болса да бір үйір есектен артық. — Сайф Сарайи
  25. Арам малдың азап келер артынан: Ей, малқұмар, жиған малың қайда осы? Бүгін – қайғы, ертең жоқ қой пайдасы! Арам малдың азап келер артынан, Адал малға бір есеп бар жайда осы. — Ахмет Йүгінеки
  26. Арпасыз ат қыр аспас. — Махмұд Қашқари
  27. Аспан тозбайды: Жаралғалы бір тынбай көк күмбезді дөңгелер, Жұлдыздары жыпырлап, күнді аударып түн келер. — Махмұд Қашқари
  28. Асығыс істен пайда жоқ. — Жүсіп Баласағұн
  29. Асыққан – тез ариды, Жүгіріп жол алмас болар, Ақырын жүрген күні-түні жүрсе де талмайды. — Құтып
  30. Асыл тас та мүжіледі. — Алтын шежіре
  31. Ат аяғы ақсауық, Ақын тісті қақсауық. — Қорқыт
  32. Ат пен есекке мүйіз шығып жарытпайды. — Көне ұйғыр жазу ескерткіші
  33. Атаңды-анаңды құрметте, Кісіні өлтірме, Ұры болма, Ыржақай болма, Жалған куәлік берме, Өзге кісіні күндеме, Өз бауырың – адамды сүй, Бойкүйез болма, Күншіл болма, Өкпелегіш болма, Еріншек болма, Қызғаншақ болма, Мешкей болма, Көңілшек болма, Арызқой болма. — Кодекс куманикус
  34. Атасы ащы алмас жесе, ұлының тісін қамар, Атасы мен анасы ащы алмас жесе, ұлы мен қызының тісін қамар. — Махмұд Қашқари
  35. Аты қалған ер өлмейді: Адам мәңгі атағымен селбесер, Аты қалса – бұ жалғанда өлмес ер. — Жүсіп Баласағұн
  36. «Аш болып тірі жүргенше, тоқ болып өлген артық» – депті біреу. — Сайф Сарайи
  37. Ашкөз адам өлгенде тояды: Дүниеқор жияр байлық, мал-жайды, Қартайса да сол әдеті қалмайды. Қояды тек ашкөздігін сол кезде – Қашан оны қара жері жалмайды. — Ахмет Йүгінеки
  38. Ашу-ыза – ақымақтық белгісі. — Жүсіп Баласағұн
  39. Аяқтың астында жатсаң, басың аман қалады. — Құтып
  40. Әділ болып, жүр ұстамды пішінде, Қуаныш бар әділдіктің ішінде. Зейнет-рахат күткен кісі ісінен, Оны іздесін туралықтың ішінен… Әр ісіңнен әділдік ізде: Тағдыр жебеп дәулеттен қол үзбегін, Әр ісіңнен әділдікті іздегін… Сен тілесең зор биліктің ұшпағын – Әділет қыл, елді зорлап қыспағын. — Жүсіп Баласағұн
  41. Әділдіктің өзі кетіп, исі қалды. — Жүсіп Баласағұн
  42. Әке еңбегі ұл бойына сіңіскен, Көрінеді кейін атқа міністен. — Жүсіп Баласағұн
  43. «Әкеңе игілік етсең, балаңнан соны күт, қартым!» депті біреу. — Сайф Сарайи
  44. Әкіммен бірге қоңсы отырма, Таситын судың бойына қонба, Қамалға таяп келме. — Жүсіп Баласағұн
  45. Әли (пайғамбар) айтыпты: «Кім өзін жұрттан артық санаса, сол – ақымақ». — М. Әлі
  46. Әр адамға сай келетін бір жұмыс бар, Әр жұмысқа сай келетін бір адам бар – Осыдан шығатын бір ғибрат бар: Әр адам өзі білетін ісімен айналыссын. — Сайф Сарайи
  47. Әр қайсысың өз жүрістеріңмен жүріңдер. — Рашид-әд-дин
  48. Әр қамалдың ақыры – харап болу. — Ахмет Йүгінеки
  49. Әскерің де, қалың қол да кернейлі, Алтын, күміс – бәрі пайда бермейді. Алтын, күміс жинап обыр көзбенен – Кетесің ғой екі ақ құлаш бөзбенен. — Жүсіп Баласағұн
  50. Бағбан жүзімнің дәмін білмейді. — Сайф Сарайи
  51. Бағынған елді баға біл: Баққан елді бұйырма арзан үкімге, Ас-суын бер, киімін де бүтінде. Салмағың сал есепке алып күшін де, Құдай сенен сұрар солар үшін де, Бейнет беріп, қинама сен оларды, Содан құдай саған дұшпан болар-ды. Сен басынба: бәрі құлы алланың, Өйтсең – өзің тозақ тілеп алғаның. — Жүсіп Баласағұн
  52. Байлық іздеп отқа түспе түбінде, Аттамағын жаттың ала жібін де. Кісі жібін аттама да, қан төкпе – Бұл екеуден қиналады жан текке. — Жүсіп Баласағұн
  53. Байсалды бір мінез керек еленер, Өмір сонда күн нұрына бөленер. Барлық істе әрдайым бол ұстамды, Ажыратып, таңдап, талдап түс-дәмді. — Жүсіп Баласағұн
  54. Бақ тайса, батырлық пұшаймен жейді. — Рашид-әд-дин
  55. Бақсаң: қайғы – қуаныштың арты сол, Мәз боп өссең – мұң басады, шарты сол. — Жүсіп Баласағұн
  56. Бала әкенің бел күшінен жаралып, Құрсақта айлап жатады ғой нәр алып. — Жүсіп Баласағұн
  57. Бала қамы – түпсіз теңіз, терең-ді, Әке-шеше уайымын жер енді. Болса кімде әйел, қызы, бала да – Қамкөңіл жан тыныш ұйқы таба ма! — Жүсіп Баласағұн
  58. Бар жақсыны ардақ тұтып көтергін, Бар жаманды қу, алдыңнан кетіргін. Жаман емес, жақсы әдетті әйбатта, Туып күнің, жансын бағың – жат жатпа. — Жүсіп Баласағұн
  59. Баршын (жібек) жамауы – баршынға, Қаршын (жүннен тоқылған мата) жамауы – қаршынға. — Махмұд Қашқари
  60. Басқа қиын іс түссе, «өтеді» де сіресіп, Уақыт ісін бөліп тұр, иніне қарай күресіп. — Махмұд Қашқари
  61. Басым көкке жетсін десең армандап, Әр жұмысты біліп істе, қарма ондап. Әдіс-айла қолданып жүр қайда да, Өзі келер сонда құт та, пайда да. Барлық істі сарапқа сап істегін, Қисаппенен қазынаңды үстегін. — Жүсіп Баласағұн
  62. Басыңды бұл білімің қорғап, ақтар, Білмеген өз-өзінен қорғалақтар. — Жүсіп Баласағұн
  63. Бауырмал адамға бауырыңды бер: Тауып айтқан зейінділер жөн берген: «Артық емес бауырмалға жан берген». — Жүсіп Баласағұн
  64. Бәлеқорды – байытпа, Тәкаппарды – көтерме. — Жүсіп Баласағұн
  65. «Бидай көрсетіп, арпа сатады» деген бар. — Құтып
  66. «Бойың қисық болса да ақылың түзу болсын» – депті бір дана кісі. — Жүсіп Баласағұн
  67. Болатын бұзау өгіз болмас. — Махмұд Қашқари
  68. Болмаса бұл әлемде ғалым дана – Бітпес ед жерге түк те қасақана. — Жүсіп Баласағұн
  69. Бос қалмайды ізгіліктің сауабы, Ізгілікке – ізгілік қой жауабы, Ісіне сай жайсаң менен қасқаның, Кісілік қыл мәрттігіне басқаның. Қарым қайтар қызметі асқанға, Болып әділ атың шықсын аспанға, Ей, падишам, жақсылықтан жалықпа – Соған орай ізгі болар халық та. Ей, падишам, елден еңбек аяма, Елді сақтап, ақыл-оймен аяла. — Жүсіп Баласағұн
  70. Бұ дүние – өнерліге өгей-ді, Қамсыз адам өнері жоқ көбейді. Өнер дәулет әкелмейді кісіге, Сол-ақ қиын, сонда кімдер жебейді? — Ахмет Йүгінеки
  71. Бұ дүние опасыз ғой бәрінен, Рахаты тез айрылар әрінен. Қайда балы – сонда арасы бір жүрер: Балдан бұрын татып көрші зәрінен. — Ахмет Йүгінеки
  72. Бұ сараңнан түк дәметпе – көнбейді, Сотаң жерге еккен бидай өнбейді. — Сайф Сарайи
  73. «Бұл дүниені ұстап тұрған – махаббат, егер сүю болмаса, Адам да болмас еді» депті біреу. — Құтып
  74. Бүгін барың ертең жоқ қой жалғанда, Игілігің әлдекімге қалғанда. Көрікті өңір көмір болып өшеді, Түгел тасып төгіледі толған да. — Ахмет Йүгінеки
  75. Бізден бұрынғылар айтыпты: Бір қынға екі қылыш сыймайды, Екі еркек бір қатын ала алмайды, Бір төрге екі төре сыймайды. — Әбілғазы
  76. Білген адам інжуді дариядан іздейді, жер үстінен іздегендер топырақ қана табады. — Құтып
  77. Білетіндер төрт адам төрт адамнан тайсақтар дейді: Қарақшы – сұлтаннан қорқады; Ұры – қарауылдан қорқады; Айлакер – өсекшіден қорқады; Жезекше – тыңшыдан қорқады; Есебі дұрыс, ісі хақ – неден қорқады?! — Сайф Сарайи
  78. Біліксіз кісі барабан сияқты; сырты – сұлу, даусы зор, бірақ ішінде түк те жоқ. — Сайф Сарайи
  79. Біліксіз қызмет қылса, жақсылық күтпе. — Жүсіп Баласағұн
  80. Біліксіз шарап ішсе, жас бала болады. — Жүсіп Баласағұн
  81. Білім – шипа: Ақыл айтса – адам ойын ертетін Ерлер, игі бектер өтті ерте тым. Таудай білім насихаты – шипа ғой, Жанды тербеп, көңіл-күйін шертетін. — Махмұд Қашқари
  82. Білім алып іс істемеген адам керіз қазып егін салмаған адамға ұқсайды немесе егін салып, оның дәнін жинап алмаған адамға ұқсайды. — Әлішер Науаи
  83. Білім іздеп, даналарды таңдадым, Өзім – жеке, бос кетті ақжал саңлағым. — Махмұд Қашқари
  84. Білім, ақыл бірге жүрсе – жарайды, Бүкіл әлем бір-ақ қолға қарайды. — Жүсіп Баласағұн
  85. Білімдар адам исінен білініп тұратын жұпар сияқты, білім де сондай иесін білдіріп тұрады. — Сайф Сарайи
  86. Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді, Ақылмен іс істеген өкінбейді. Білмеген талай жұмыс істей жүріп, Амал жоқ, түбінде сол опық жейді. — Ахмет Йүгінеки
  87. Білімдар тірілтеді ақиқатты, Негізін шын әділет ұстар қатты. — Жүсіп Баласағұн
  88. Білімді адам өлгенмен, орнын надан баса алмайды. — Сайф Сарайи
  89. Білімсіздер – көр соқыр ғой танымал, Ей, соқырым, аздап білім танып ал. — Жүсіп Баласағұн
  90. Білімін сатқан ғалым ізгілікті отқа тастағандай болады. — Сайф Сарайи
  91. Біліп айтса – «дана» дейміз озғасын, Білімсіздің сөзі жейді өз басын. — Жүсіп Баласағұн
  92. Бір күн күлер, сорасы ағып жылаған, Қасыреттің құрдымына құлаған. — Жүсіп Баласағұн
  93. Бір тойының басы ауырды екен деп, барлық тойының басы ауырмайды. — Махмұд Қашқари
  94. Біртіндеп жиылса – берік қол (әскер) болады. — Жүсіп Баласағұн
  95. Бітеу жара (көк) білінбей тұрмайды. — Бабыр
  96. Гүл бар жерде тікен бар, Шарап бар жерде (соған) құмарлық бар, Қазына бар жерде жылан бар, Інжу (дүр) бар жерде нәһан бар. — Сайф Сарайи
  97. Ғалым білімімен көтеріледі. — Ахмет Йүгінеки
  98. Ғалым сөзін естіп ал, есіңде ұста. — Сайф Сарайи
  99. Ғалымдар серке секілді: қай жаққа бастаса да тура жолға бастайды. — Жүсіп Баласағұн
  100. Дайын асты алдына тосса, (қонақ) жоғын іздемейді, Барын алдына тосса, (қонақ) басқаны іздемейді. — Махмұд Қашқари

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ