Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өртену, өрт туралы мақал-мәтелдер

«Өртену, өрт» тақырыбындағы 37 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адалдық жанған өртін сөндірер, Арамдық жауды үйіңе төндірер.
  2. Аз от алауласа, шаһар өртейді.
  3. Аққа жаққан шырақты Ақылсыз үрлеп өшіре алмайды.
  4. Ақтың еті ыстық, Қараның оты ыстық.
  5. Ақтың отын ақымақ та сөндірмейді.
  6. Ақылды болсаң, азбайсың, Білімді болсаң, маздайсың.
  7. Ақылы азған адам өзін-өзі отқа тастайды.
  8. Алас-аласқа да от керек.
  9. Алла салған отты адам өшіре алмас.
  10. Алла салған отты Ақымақ өшіре алмас.
  11. Ананың сүйген жері, Отқа күймейді, Оқ та тимейді.
  12. Апат айтып келмейді.
  13. Арба сынса – отын, Өгіз өлсе – соғым.
  14. Арша жаққанның айлығы кетеді, Тал жаққанның тайлығы кетеді.
  15. Атағың шықпаса, жер өрте.
  16. Атадан жақсы ұл туса, Қар үстінде от жанар.
  17. Атадан жақсы ұл туса, Мұз үстінен от жанар. Атадан жаман ұл туса, Түйе үстінен ит қабар.
  18. Атың шықпаса, жер өрте.
  19. Аузы күйген үріп ішер.
  20. Әзілден от шығады.
  21. Әй, жарандар, қараңдар, Айдалада от жанар.
  22. Әйелдің жасы – шық, Күн шықса, кетеді, Ердің жасы – от, Жүрегін өртеп кетеді.
  23. Байлық үшін отқа түспе, таспағын, Құмарлықтың мойнын жұлып тастағын.
  24. Бақан жаққан баста бар.
  25. Балаға атаның қарғысы – атқан оқ, Ананікі – сөнген шоқ.
  26. Баламен ойнама, шаршайсың, Шаламен ойнама, күйерсің.
  27. Балаң болса, шоқ болсын, Шоқ болмаса, жоқ болсын.
  28. Бау-бақшаның қараусыз қалғаны – Көк ағаштың отын болғаны.
  29. Бек деген – от, Жақын жүрме, күйесің.
  30. Белгілі қосшың болмаса, Белің буып атқа бар! Тоқалыңыз болмаса, Бәйбішесімей отқа бар.
  31. Битке өкпелеймін деп, тоныңды отқа жақпа.
  32. Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа.
  33. Битке өкпелеп, Тоныңды отқа салма.
  34. Былтыр күйіп еді, Биыл исі шықты.
  35. Біреуге кепіл тұрғанша, Уысыңмен шоқ ұста.
  36. Біреуге от жақпа, өзің күйерсің.
  37. Біреудің қолымен от көсеме.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ