Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қыздар туралы мақал-мәтелдер

«Қыздар» тақырыбындағы 38 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам болар ұлының Арқа-басы кең келер. Ана болар қызыңның Ақыл-есі тең келер.
  2. Айналыш та болса жол жақсы, Ақсақ та болса қыз жақсы.
  3. Ақсақ қызға – таз күйеу.
  4. Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
  5. Алыс болса да жол жақсы, Соқыр болса да қыз жақсы.
  6. Алыс та болса, жол жақсы, ақсақ та болса, қыз жақсы.
  7. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
  8. Аналы қыздың бақшасы басқа.
  9. Ананың әдеті – қызы үшін үлгі.
  10. Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар.
  11. Анасына қарап, қызын ал.
  12. Арқауын көріп бөзін ал, Анасын көріп қызын ал.
  13. Арсыз болса – қыз қорлық, Ақылсыз болса – ұл қорлық.
  14. Арыстандай атаны ұл қайырды, Ақмаралдай шешені қыз қайырды.
  15. Ас таңдасаң, аяғына қара, Қыз таңдасаң, шешесіне қара.
  16. Асыққан қыз байға жарымайды.
  17. Ата тұрып сөйлеген баладан без, Ана тұрып сөйлеген қыздан без.
  18. Атаға тартып ұл тумас, Анаға тартып қыз тумас.
  19. Атасыз ұл ақылға жарымас, Анасыз қыз жасауға жарымас.
  20. Атқа бермес құнан бар, Қызға бермес жуан бар.
  21. Аулыққан – асыққан қыз ерге жалшымас.
  22. Ауру аспен болады дүр, Дау қарындастан болады дүр.
  23. Ауылдан қыз кеткенде, қызық кетер.
  24. Аш кісі май таңдамас, Кәрі қыз бай таңдамас.
  25. Әдепті жігіт – қылықты қыз.
  26. Әдептілік ерге керек һәм қызға керек.
  27. Әдептілік ерге керек, Екінші қызға керек.
  28. Әйелің жақсы болса, Қартайғанша қызбен тең. Әйелің жаман болса, Күнде басқан сызбен тең.
  29. Ән сазымен, қыз назымен.
  30. Бабын таппай салғанмен, Қыран бүркіт ұша алмас. Жігіттікті қор қылған, Сұлу қызды құша алмас.
  31. Бақшасында боғы жоқ, Қызының атын Маржанбике қойыпты.
  32. Бала – артта қалған із, Бақыт – ұзатылған қыз.
  33. Баланы асырай алмасын деп күңге береді, Ұялтайын деп қызға береді.
  34. Баланы Құдай асырай алмасын деп күңге берер, Масқара болсын деп қызға берер.
  35. Биылғы жыл қоян емес, көжек екен, Мақаттың қыз алатын кезегі екен.
  36. Бойдақ жігіт қыз келсе семіреді.
  37. Бұру да болса, жол жақсы, Соқыр да болса, қыз жақсы.
  38. Біреудікі біреуге қыздай көрінеді.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ