Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

«Еңбек» тақырыбындағы 775 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 8 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Абырой – ар еңбегі.
  2. Ағадағы мал – аспандағы мал, Інідегі мал – індегі мал, Баладағы мал – даладағы мал.
  3. Ағашты көлеңкелеген, Еккенге рахмет айтады.
  4. Адал еңбек аздырмас, Арамдық бойды жаздырмас.
  5. Адал еңбек елге жеткізер, Арам еңбек елден кеткізер.
  6. Адал еңбекті кім етеді, Мұратқа сол адам жетеді.
  7. Адал еңбектің абыройы жоғары.
  8. Адам зоры – тоғын, Жылқының зоры – соғым.
  9. Адамды кейде баршылық сынайды, кейде жоқшылық сынайды.
  10. Адамның қолы – гүл, маңдай тері – нұр.
  11. Аз ақшаға алданып, Өнбес іске жалданба.
  12. Аз асын аяған көп астан құр қалады.
  13. Азан айтпақ – молданың ісі.
  14. Айғырды үйірінде, Атты жұмыста сына.
  15. Ақ қар болса, ақ нан көп.
  16. Ақсұңқардың баласы сарқыт қоймай, жем жемес.
  17. Ақшаның көзі қызыл.
  18. Ақысын берсе, боқысын шығарады.
  19. Ақысын берсе, Қоқысын шығарар.
  20. Ала келмен іс бітпес.
  21. Алма ағашын бергеніне қарап бағала, Адам баласын еңбегіне қарап бағала.
  22. Алты ай баққан арықты, Бір күн ұрынған өлтірер.
  23. Алтын алсаң, санап ал.
  24. Алтын тапқан адам аштан өлер.
  25. Алтынды ала білген бөле де біледі.
  26. Аманат жұмыс әлекке салады.
  27. Аңды ия көрінбеген атады, Ия ерінбеген атады.
  28. Арамнан алған түйеден, Адалдан алған түйме артық.
  29. Арамнан жиған дәулет емес.
  30. Арба иесі көпшіктер, Киіз иесі білектер.
  31. Арба сынса – отын, Өгіз өлсе – етің.
  32. Арбаның жүгі өгізге түсер.
  33. Арқа еті арша, борбай еті борша.
  34. Арпа егіп, бидай алам деме.
  35. Арту-арту құм келсе, Атан тартар бүгіліп.
  36. Артық олжа – басқа еңбек.
  37. Артын қысқан бай болар.
  38. Артың олжа – басқа еңбек.
  39. Аруана – бір үйдің көлігі, Бір үйдің көжесі.
  40. Ары таза нар жүгін көтереді.
  41. Арық аттан аяғым артық.
  42. Арық малдың жілігі татымайды.
  43. Арымаңыз, ашпаңыз, Тер төгуден қашпаңыз.
  44. Арыңды сатып ішпе, Теріңді сатып іш.
  45. Ас біреудікі болғанмен қарын өзіңдікі.
  46. Ас қадірін білмесең, Ашаршылықта білерсің. Ат қадірін білмесең, Жаяу қалғанда білерсің.
  47. Аса жаман болмасаң, Аса жарлы болмассың.
  48. Асқа ет керек, Іске еп керек.
  49. Аспаздың қарны асқанына тояды.
  50. Асты көрсе, ішер таз, Істі көрсе, қышыр таз.
  51. Асусыз болса, таудан без, Пайдасыз болса, байдан без, Панасыз болса, сайдан без.
  52. Асығыс істеген жұмыс сәтті болмас. Шала пысқан тамақ тәтті болмас.
  53. Асыққан ісі зиянға кетер.
  54. Ат дорба түбін иіскемей ат тоймайды.
  55. Ат мінбеген ат мінсе, Шаба-шаба өлтірер. Тон кимеген тон кисе, Сілке-сілке бітірер.
  56. Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас, Ауылың жоқ болса, бөркіңмен ақылдас.
  57. Ата білсең, ақ қоян, Сата білсең, сақтиян.
  58. Ата кәсібі – бала нәсібі.
  59. Атадан мал қалғанша, тал қалсын.
  60. Атан бол, бура бол, інгенімді қайыт.
  61. Атан өгіз мүйізімен де соқа сүйретеді.
  62. Атан түйені май қартайтады, Май қартайтпай не қартайтады?
  63. Атанның артқаны ас болса да, ақша болмас.
  64. Атанның күші қомында, Азық-жемі жолында.
  65. Атқанның құсын жатқан пайдаланар.
  66. Аттанып барып жылқы алған, Ат үстінде ұйқы алған.
  67. Аттылы ақысын жауға жібермейді.
  68. Атың жоқ болса, аяғыңа мін, Аяғың жоқ болса, таяғыңа мін.
  69. Атыңды сат, тоныңды сат, Жатарыңда тойып жат.
  70. Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды.
  71. Аузыңды көкке ашпа, Адал еңбектен қашпа.
  72. Ауқатқа адымда, еңбекке дабылда.
  73. Аулақтама, еңбектен сен шошыма, Еңбекте әркез мерей, ақыл, досың да.
  74. Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.
  75. Ауылы қарайластың шаруасы орайлас.
  76. «Аһ» де, «уһ» де, Өз ісіңді өзің істе.
  77. Ашқа қазан астырма, Тоңғанға от жақтырма.
  78. Ашу мен егес жұмыс тындыртар.
  79. Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды.
  80. Ашуменен іс қылсаң, қалдырады ұятқа, Ақылменен іс қылсаң, жеткізеді мұратқа.
  81. Ашыққан ұры – ашынған долы.
  82. Ашықты машық іздер.
  83. Ащы еңбекке тұщы нан.
  84. Әділ істің арты игі.
  85. Әдірә қалды бақ, дәулет, Еңбек енді шын дәулет.
  86. Әлсіз ат – сүріншек, Ақымақ адам – еріншек.
  87. Әр мехнатқа бір рахат.
  88. Әр істің басталуы ғана қиын.
  89. Әрекет болмай – берекет жоқ. Еңбексіз – рахат жоқ.
  90. Әрекет болмай, берекет болмас.
  91. Әрекет түбі – берекет.
  92. Әуелі Тәңірі жерге береді, Жерге берсе, елге береді. Елге берсе, ерге береді.
  93. Әулие сандықты көтеретін – түйе.
  94. Байдың малы ортақ.
  95. Байдың ісі пәрменмен билән, Жоқтың ісі дәрмен билән.
  96. Байдың ісі пәрменменен, Жарлының ісі дәрменменен.
  97. Байлық қашады, еңбек қуады.
  98. Бақан аттаған жарымас, Балта аттаған байымас.
  99. Бақша байлық – бір айлық.
  100. Бақыр іздеген тақыр табады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ