Жыл, мезгіл, ғасыр туралы мақал-мәтелдер
«Жыл, мезгіл, ғасыр» тақырыбындағы 111 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 2 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ағаш жаз болса толады, Күз болса солады.
- Ағаш он жылда, адам жүз жылда жетіледі.
- Адам емес, мәңгі өлмейтін – атағы, Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
- Адамның жаманы бар, Күннің жаманы жоқ.
- Адамның жаманы кетпес, Күннің жаманы кетер.
- Адаспаймын деген адам Тал түсте адасады.
- Аз болмай – жаз болмайды, Жаз болмай – мәз болмайды.
- Ай артынан ай туады, Атқа мінсе, жеткізбес. Жыл артынан жыл туады, Желге мінсе, жеткізбес.
- Ай артынан ай туады, Атқа мініп қусаң жетпейсің. Жыл артынан жыл туады, Желге мініп қусаң жетпейсің.
- Ай астында жаңа жоқ.
- Ай ат басын бұрғанша, Жыл жылқы аунап тұрғанша.
- Ай деген ат басын бұрғанша, Жыл деген жылқы аунап тұрғанша.
- Ай деген немене? Ат басын бұрғанша. Жыл деген немене? Жылқы аунап тұрғанша.
- Ай жүрсең де, аман жүр.
- Ай қораланса, арысыңды сайла, Көктемде қонысыңды сайла.
- Ай мен ай шамалас.
- Ай менен ай шамалас.
- Ай түнде керек, Ақыл күнде керек.
- Ай шалқасынан туса, ай бойы аяз.
- Ай-айдың аты басқа, Әр айдың аты басқа.
- Ай-айдың жұмысы айға қалмасын, Аттың жұмысы тайға қалмасын.
- Ай-айдың оты басқа.
- Айға жетпес асыңды Ауылдастан аяма.
- Айда келген сөк жер, Күнде келген – сөгіс.
- Айдың жұмысы айға қалмас, Аттың жүрісі тайға қалмас.
- Айдың ізін ай басар, Аттың ізін тай басар.
- Айсыз түнде аспан қараңғы, Ақылсыз бас қараңғы.
- Айтады екен алуа, бал татқандар: «Азанда аш қой түнде тойып жатқандар».
- Айында ат құлындайды, Жылында бие құлындайды.
- Айында келгенге аяқ, Күнінде келгенге таяқ.
- Ақпан-тоқпан алты күн, Айғайласа, қатты күн.
- Ақпанда күн – Ат адым ұзарады.
- Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
- Ақыл – шам-шырағың түндегі, Білімділік – жарық көзі күндегі.
- Ақыл тауып бермесең, Ер туғаныңды қайтейін. Арқандаулы атты көрмесең, Ерте тұрғаныңды қайтейін?
- Ақыл тауып бермесең, Ер туғаныңды ұрайын. Арқандаулы атты көрмесең, Ерте тұрғаныңды ұрайын.
- Ақылың болса, арыңды сақта, Ар, ұят керек әр уақытта.
- Ақымақ күндіз шам жағады.
- Ақымақтың ақылы Түстен кейін кіреді.
- Ақырап, қауыс, Кәрі-құртаңды тауыс.
- Ақырепте ұрмаса, Ақыретте ұрмайды.
- Ақырын жүрген күні-түні жүрсе де, талмайды.
- Алла бар деп аш қалма, Атым бар деп кеш қалма.
- Алманы уағында жемесең, шіриді, Сүтті уағында ішпесең, іриді.
- Ана – көктемдегі таңға да көркемдік алып береді.
- Ана – күн, оның шүлен шұғыласы ешқашан таусылмайды.
- Аңшының кешіккенінен дәмет.
- Апрель болмай ат тоймас, Сәуір болмай тәуір болмас.
- Ас болса, іс болмаса, Жаз болса, қыс болмаса.
- Аса диқан ішінде ас жатады, Аса жалқау күнара аш жатады.
- Асқа тартқан кешке тартады.
- Астық жоқ жылы тіленші қыстайды.
- Астық жоқ тіленші қыстайды.
- Астындағыны алты ай іздеген.
- Асыққан айына жетпес.
- Ат айында құлындайды, Бие жылында құлындайды.
- Ат айында туады, Інген жылында туады.
- Ат айында, бие жылында құлындайды.
- Ат алсаң, ай кеңес, Қатын алсаң, жыл кеңес.
- Ат алсаң, алты күннің аулына тартар.
- Атар таңға жүрсең де, Батар күнге жүрме.
- Атар таңның алыстығы жоқ, Алыстаға достың қалыстығы жоқ.
- Атты айында мінсең, ат, Жылында мінсең, тұлпар.
- Атты күнде мінсең – тулақ, Аптада мінсең – қунақ.
- Аттың апта жүргенін өгіз ай жүреді.
- Ауруға ең қиыны – түн.
- Ауруың тұмау болсын, Жылың тұман болсын.
- Ауыз толым ас, Айшылық жолға жүгіртеді.
- Ауылдан шыққан күнде, Байға қонба, сайға қон.
- Ауырғаның кеше, ас ішкенің бүгін.
- Ашқа тартқан кешке тартады.
- Ашылатын күн айқұлақтанып батады.
- Аяз болады, бұлт болады, Өткен күндер ұмыт болады.
- «Әй» деген ат басын бұрғанша, «Ай» деген ат аунап тұрғанша.
- Әр айдың аты басқа.
- Әр істі өз мезгілінде істеу керек, Мезгілімен істелмеген іс құнтсыз.
- Әсет, егініңді жасат.
- Байдың баласы шауып-шауып, Ақылы түстен кейін есіне түседі.
- Байдың күні пәрменімен, Кедейдің күні арманымен.
- Бақ-бақ еткен текені Қыс түскенде көріңіз. Батырсынған көкені Іс түскенде көріңіз.
- Бақытсыз күн де өтер, Молшылық та жетер.
- Балалық мәңгі жас емес.
- Батар күннің атар таңы бар.
- Берген ердің аты шығады, Аты шыққан мәңгі жасайды.
- Берекелі дәулет кеш келер.
- Бие – кәрі, Құлын – жас. Келер жолы қолың бос.
- Биыл ізі болса, келер жылы өзі болар.
- Боз қырауда бойыңды көрсет, Көктем шыға қойыңды көрсет.
- Боранды күн боқ қыстайды.
- Боранды күннің райы басқа, Ауыратын адамның шырайы басқа.
- Бос жүріп, босқа уақыт жіберме.
- Бұйырған асқа тіс тиер, Жаз тимесе, қыс тиер.
- Бұрын қонған қоныс алады, Кейін қонған өріс алады.
- Бұрын қонғаннан қоныс сұра, Бұрын туғаннан ақыл сұра.
- Бұрын шыққан құлақтан, Кейін шыққан мүйіз озады.
- Бұрынғы – бүгіннің айнасы.
- Бұрынғы күнім жыр болса, Қазіргі күнім күн болды.
- Бұрынғы туғаннан ақыл сұра, Бұрынғы қонғаннан қоныс сұра. Көрегенді көнеден сұра, Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.
- Бұрынғы істің басында болмасаң, Соңғы істің қасында бол.
- Бұрынғы істің басында болсаң, Кейінгі істің қасында бол.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ