Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құс туралы мақал-мәтелдер

«Құс» тақырыбындағы 78 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағаштың тоны – қабығы, Құстың тоны – мамығы.
  2. Айласыз ау құрған Құс ұстай алмайды.
  3. Ақ сұңқар түлесе, түк қалады.
  4. Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ.
  5. Ақсұңқар торға жолығар, Арғымақ орға жолығар.
  6. Ақсұңқар шашып жейді, Жапалақ басып жейді.
  7. Ақылды адам айтқызбай біледі, Ақ сұңқар қақтырмай іледі.
  8. Ала қанат сауысқан Жер әлемді тауысқан.
  9. Алдымен бөденені ұрып жық.
  10. Алса – құсым, Алмаса – желпуішім.
  11. Алса – құсым, Алмаса – жылпосым.
  12. Аңқау құс торға аунайды, Аңқау адам күлге аунайды.
  13. Аңшының қаршығасы болса, Қоянның Тәңірісі бар.
  14. Араны ашылған қыран не аңды алады, Не аңшының өзін алады.
  15. Арғымақты жамандап, Тұлпарды қайдан табарсың. Ақ тұйғынды жамандап, Сұңқарды қайдан табарсың.
  16. Арман – адамға қанат.
  17. Арманы жоқ жас – Қанатсыз қарлығаш.
  18. Арық атты түс те бақ, Қарғып тұрса қанатың.
  19. Арық аттың бабын тапсаң – тұлпар, Күйкентайдың күйін тапсаң – сұңқар.
  20. Арыстанның құйрығы болғанша, Әтештің айдары бол.
  21. Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырар.
  22. Аспандағы сұңқардан Қолдағы тұрымтай артық.
  23. Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, Қолыңдағы шымшығыңнан айырылма.
  24. Асыққан үйрек көтінен сүңгиді.
  25. Асықпа қарға, Түсерсің қолға.
  26. Асықпа, қарға, Түсерсің торға.
  27. Асыл құс аяғынан ілігер.
  28. Ат аяған жерге қарар, Құс аяған көкке қарар.
  29. Атадан аздай, адасқан қаздай.
  30. Атасы затсыз болса, баласы ауға шықса, Қазы алатын құсын қарғаға салады дейді.
  31. Атбегі – аттың тұяғына қарар, Құсбегі – құстың қияғына қарар.
  32. Атқанның құсын, жатқан байланар.
  33. Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.
  34. Ауған самұрықты құзғын көзге шұқыпты.
  35. Аушы кеткенде, Қарға тордағы жемге қарайды.
  36. Ашыққан адам елге қонады, Ашыққан бүркіт торға қонады.
  37. Ашылмаған қауындай, Жарылмаған жұмыртқадай.
  38. Әрбір құстың өз алдына жемі бар, Әр адамның өз алдына тегі бар.
  39. Әркім өз қазын аққуым дейді.
  40. Әтешке «шақыр» десең, «мезгілі болсын» дейді.
  41. Әуедегі тырнадан қолыңдағы шымшық игі.
  42. Баба бүркіт барлап ұшады, Бала бүркіт парлап ұшады.
  43. Баба бүркіт барлап ұшар, балапан бүркіт шарлап ұшар.
  44. Бақсыға ісің түспесін, Қалыңға құсың түспесін.
  45. Бақыт көктемгі бұлт сияқты, Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.
  46. Бақытта баян жоқ, о да бір ұшқан құс.
  47. Бақытың артқан шағыңда, Жапалақ салсаң, қу ілер. Бақытың тайған шағыңда, Сұңқар салсаң, аз ілер.
  48. Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
  49. Балалы қаз жемесе де, мәз.
  50. Балалы қазға жем тимес.
  51. Балапан басқан құс тағы Жауына иісін сездірмес.
  52. Балапан басымен, тұрымтай тұсымен.
  53. Балапан басына, тұрымтай тұсына.
  54. Балапан басынан, Тұрымтай тұсынан.
  55. Балапан ұшуды білсе де, қонуды білмейді.
  56. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алар.
  57. Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі.
  58. Балапан ұядан нені көрсе, Ұшқанда соны алады.
  59. Балық – сақау, Жұмыртқа – бітеу. Қой аман, Қасқыр тоқ.
  60. Баптай білсе, балапан қыран болар.
  61. Болса – оразым, Болмаса – қоразым.
  62. Бөдененің «ұйғ» дегені – қашқаны.
  63. Бөдененің үйі жоқ, Қайда барса, бытпылдақ.
  64. Бөтен жерде бұлбұлды да «қарға» дейді.
  65. Бұлбұл құс зымыстан көрмей, Күлістан қадірін білмес.
  66. Бұлбұлдан опа күтпе, Әр гүл сайын әртүрлі сайрайды.
  67. Бұлбұлдың сайрағаны есекке жақпас.
  68. Бұтағы көп ағашқа құс қонады, Көрікті әйелге сөз ереді.
  69. Бүркіт – құс тәңірісі.
  70. Бүркіт аш болса, алады, Тазы тоқ болса, алады.
  71. Бүркіт қартайса – тышқаншы болады.
  72. Бүркіт қартайса, тышқан аулар.
  73. Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды, Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.
  74. Біреудің қазын жесең, Үйрегіңді жұлып қой.
  75. Біреудің қазын жиғаның, Үйрегіңді шолып тұр.
  76. Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас.
  77. Гүлге қонғанның бәрі бұлбұл емес.
  78. Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ