Киім-кешек туралы мақал-мәтелдер
«Киім-кешек» тақырыбындағы 63 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Адал адамның аты арып, тоны тозбас.
- Адам баласы әдемі киімімен жақсы болмайды, Әдепті, біліммен жақсы болады.
- Адам болып жүргенің адамдықта, Тонды тастап қашарсың жамандықта.
- Азусыз ат – жиексіз шапан.
- Айды етегіңмен жаба алмассың.
- Айыр етекті шапанға ит өш.
- Ақ сәлделі қожадан Ақ жаулықты қатын артық.
- Ақшасыздың қолы келте, Жалқаулардың тоны келте.
- Ақылсыз сәнқой жігіттен Ақылды тонды артық.
- Ақылың ағаңда болса, Құндызың жағаңда болсын.
- Алжыған ат сүрлеуін ұмытады, Алжыған шал белбеуін ұмытады.
- Анасының киген тонын баласы да киеді.
- Арыды деп атыңды тастама, Шаршағанда медет болар. Тозды деп тоныңды тастама, Тоңғанда керек болар.
- Аспаннан шұға жауса, Кедейге шұлғаулық та тимепті.
- Асыққан етегіне сүрінеді.
- Асыққанның аяғы етегіне оралады.
- Ат ариды, тон тозады, Уақытында аянбаған Алысқа қолын созады. Атамай алғанның Біреуге арқасы тозады.
- Ат майы жетсе де, Киім майы жетіспейді.
- Ат майы толады, Киім майы толмайды.
- Ат мінбегеннің атасына нәлет, Тон кимегеннің анасына нәлет.
- Ата көрген жол біледі, Ана көрген тон пішеді.
- Ата көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
- Ата көрсеткен жолымыз бір, Ана тіккен тонымыз бір.
- Аталы бала атқа мінер, Шешелі бала шекпен киер.
- Атамның салған жолы бар, Анамның тіккен тоны бар.
- Атаның тоны балаға жараса, Ол атасын іздемейді.
- Аты жаманда әруақ болмайды, Киімі жаманда абырой болмайды.
- Аузын шеше тыймаған, Аяғын етік қыспаған.
- Аузыңа түскен тамақ болсын, Иініңе түскен киім болсын.
- Аузыңа түскенін тамақ қыл, Иініңе түскенін киім қыл.
- Ашыққан қарын тойынар, Ашылған етек жайылар.
- Аяғы кіші сүйгенін киер, Аяғы үлкен сыйғанын киер.
- Аяғы шуаш, шылғауын жуғыш келеді, Белі ауырған, белін буғыш келеді.
- Аяғын кебіс қыспаған, енесі ернін қыспаған.
- Аяғың үлкен болса, Қонышыңды кең піш. Бойың ұзын болса, Білекке қарай жең піш.
- Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда, Ақыреттегі көрің тар болса.
- Әйелің жаман болса, жағаң кетер.
- Әлі де болса да ауы мен бауы бар.
- Әркім жолдас болады амандықта, Бөркін тастап қашады жамандықта.
- Әркім өз бойына қарай тон пішер.
- Әркім өз бойына қарап тон пішер.
- Әркімнің өз жейдесі етіне жақын.
- Бай баласы мақпалын киер, Кедей баласы тапқанын киер.
- Бай киім кисе, құтты болсын дер, Кедей киім кисе, қайдан алдың дер.
- Балақ түрілмей, балық тұтылмас.
- Балақтағы бит басқа шығады.
- Балық байлығы – етек-жеңің кепкенше.
- Балықшының байлығы – етек-жеңі кепкенше.
- Бас – тұмақтың үлгісі.
- Бас аман болса, бөрік табылады.
- Бас жарылса, бөрік ішінде, Қол сынса, жең ішінде.
- Бас сау болса, басқа бөрік табылар.
- Басы бардың бөркі бар.
- Басы сау балаға бөрік табылады.
- Басы сауға бөрік табылар.
- Беттің арын белбеуге түйіп.
- Би болатын жігіттің Етек-жеңі мол болар. Қошқар болар қозының Маңдайы жуан, дөң болар.
- Бит қабығынан биалай тоқыған.
- Бөрі жоқ деме, бөрік астында, Жау жоқ деме, жар астында.
- Бөрік – адамға көрік.
- Бөріктің құндызына қарама, Маңдайының жұлдызына қара.
- Буынса – белі, Сұғынса – жеңі.
- Біреудің бөркі басыңды бүркемес.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ